1 327 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

ID:62048978

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің 2016 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында таяудағы бес-он жылдың ішінде бүгінгі қолданыстағы мамандықтардың жартсына жуығының жойылып кететіндігі туралы айтқан еді. Қазақ стратегиялық зерттеу институты мамандары осы орайда  таяу болашақта жойылып кету қаупі бар бірқатар мамандықтар  жайында талдау жасап, мәселенің мәніне үңіліп зерттеу жариялапты.

Аталмыш институттың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі күнгі ең жоғары сұраныс туғызып отырған он мамандықтың қатарында зерттеу және дайындау жөніндегі менеджерлер, сатушы-кеңесшілер, күзет мамандары, автокөлік жөндеушілер, мал шаруашылығы мамандары, механизация саласының инженерлері, егін шаруашылығы құрылымдарының басшылары, ауыл шаруашылығы саласының жұмысшылары сияқты мамандықтар бар екен. Әзірге аса қажет мамандықтар болып отырған  олардың болашақта да қажет мамандық болып қала береді деген сенім оншалықты мол емес. Қазіргідей технология күн санап қарыштап дамып бара жатқан заманда бүгінгі аса қажет болып тұрған мамандықтың күні ертең мүлдем қажетсіз болып қалуы оп-оңай дейді сарапшылар.

Ал, енді таяу болашақта қажетсіз болып қалатын мамандықтарға келетін болсақ, аталмыш институт сарапшыларының пайымынша, қағаз-баспа өндірісі, архив-кітапхана және пошта байланысы саласы түгел дерлік жоғалмақшы. Егер зер сала қарайтын болсақ, қазірдің өзінде  интернеттің дамуына және электронды қызметтердің ауқымының кеңеюіне байланысты қағаз-баспа өндірісіне деген сұраныстың күрт азайғаны байқалуда. Электронды кітаптар, электронды журналдар шықты, қағаз газет-журналдардың орнын ақырындап порталдар мен сайттар басуда. Ал, ақпарат ағымының күн санап өсуіне байланысты қағаз нұсқадағы құжаттарды сақтайтын архивтерге деген сұраныс та кеміп барады. Өткен жылы Астананың іргесіндегі Қосшы ауылында елімізде алғаш болып электронды ақпараттарды сақтайтын қуаттылығы өте жоғары электронды архив ашылғаны белгілі. Оның қызметінің бағасы біршама арзан және құжаттарды сақтау сапалылығы  да өте жоғары. Яғни, бұның өзі қағаз нұсқадағы құжаттарды сақтайтын архивтерге деген сұраныстың уақыт талабына сай ақырындап азая беретіндігін айғақтаса керек.

Сондай-ақ, электронды пошталардың шығуы пошта қызметін екінші қатарға ығыстырып тастады. Пошта арқылы хат жазғанша, электронды поштамен жіберген әлдеқайда тиімді, өйткені ол біріншіден, тегін, екіншіден, небары бірнеше минутта хатыңызды қажет адамға жеткізеді. Ал бандерольдар мен посылкаларды жеткізуді мойына алып отырған курьерлік қызметтер қазірдің өзінде «Қазпоштаға» бәсекелес балама болып отыр. Қазіргі күні смартфондар арқылы ай сайын небары 20 теңге төлей отырып он мыңдаған кітап қоры бар электронды кітапхана қызметін пайдалану мүмкіндігі жасалудап. Бұндай сервистердің пайда болуы кітапханаларды екінші орынға ығыстыра бастады.

Институт сарапшыларының пікірінше, жойылып кету қаупі бар мамандықтар қатарында сондай-ақ, кассирлер, банк саласы қызметкерлері, салық саласының мамандары бар. Ертеректе әрбір мекемеде кассир маманы болатын еді және ол ең беделді қажет мамандық саналатын. Ал банк кәртішкелерінің шығуымен кассирлердің қызметіне деген сұраныс мүлдем жоғалды. Қазір барлық мекемелер өз қызметкерлеріне ақшаны кәртішкеге аударады да, оны банкомат арқылы алуға болады. Яғни, кассирге деген қажеттілік жоқ. Төлем терминалдарының көбеюі банк қызметкерлерінің қызметіне деген сұранысты да күрт азайтуда. Қазір коммуналдық қызметтен бастап, ақша аударымдары мен төлемдерін түгел терминалдар арқылы әр адам өзі жасай алады. Бұның өзі банк қызметкерлері штатын еселеп қысқартуда. Сол сияқты әрбір жеке және заңды тұлға бухгалтерлік есепті арнайы программалар арқылы компьютерден өзі белгіленген форманы толтыру жолымен жасай алатын болды. Бұл өз кезегінде салық саласы мамандарының штатын күрт қысқартуға жағдай жасайды. Яғни, салық қызметкерлеріне деген сұраныс та азая түспек.

3 D принтерлердің шығуы құрылысшы, кондитер сияқты мамандықтарға деген сұранысты  азайтуға әкеп ұшыратпақшы. Жаңа технологияның шарықтап дамуы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мамандарға деген сұранысты күрт азайтуы мүмкін. Бүгінгі күні автоматтандырылған сиыр фермаларында  бұрынғыдай қолмен сиыр сауатын сауыншы деген жоқ. Осылайша, жаңа технология ертеректе аса құрметті саналатын сауыншы мамандығын мүлдем қажетсіз етіп тастады.

Аталмыш институт сарапшыларының айтуынша, әр заманда қажетсіз болып қалатын және жаңадан пайда болатын мамандықтар болады. Бұл – уақыт талабы және өмір заңы. Сондықтан, әрбір адам заман ағымын түсініп, соған бейімделуге икемді болса, бұндай құбылыстың оларға кері әсерін тигізе алмасы анық. Қысқасы, «заманына қарай адамы» деген қағиданы ұстанып, уақыт талабына сай өзімізді бейімдеп, қайта құрыла алсақ, қиындықтан әрдайым аулақ боларымыз даусыз.

 

 

 

 

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика