Қазіргі қоғамда жоғарғы білім қажетсіз болып барады
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Кеңес заманында жоғарғы білім алу үлкен қолжетушілік саналатын және жоғары білімі барларыдң алдынан қызмет баспалдағымен биікке көтерілу, жоғары табыс табу мүмкіндігі ашылатын. Қазір заман өзгерді. Ақша билеген нарық заманында жоғарғы білімнің беделі жоқ. Қазір ең басты мәселе – табыстың жоғары болуы. Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметкер айына 200 мың теңге табады, ал кәсіптік лицейді бітірген дәнекерлеушінің айлық жалақысы 500 мың теңге. Құрылыста істейтін жұмысшыларыдң табысы 400-600 мың теңге. Сонда қанша жыл көз майын тауысып оқып, жоғары білім алып, жұмысшыдан төмен жалақы алу кімге қажет?
Жоғарғы білімді жұмыссыздар
Жоғары білім алып, жұмыссыз жүрген жастар қатары жыл санап өспесе, кемитін түрі байқалмайды. Неге десеңіз, жоғары білім беретін оқу орындары біздің елімізде басқа елдермен салыстырғанда біршама көп екен. Көптеген пысықайлар ақша табудың сенімді жолы деп жоғары және арнаулы орта оқу орындарын ашып алған. Бір ғана Көкшетауда екі университет пен Астана қаласының бірнеше жоғары оқу орындарының филиалдары бар. Осы оқу орындарын жыл сайын мыңдаған жас мамандар бітіріп шығады. Олардың көп болса, 30-40 пайызы ғана өз мамандықтарына сай жұмыс тапса, қалғандары жұмыссыздар санын көбейтеді.
Мемлекет басшысы өзінің өткен жылғы жолдауында қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жартысы енді бес-он жылдан кейін қажетсіз болып қалады дегенді айтқан еді. Қазіргі қарқынды даму бүгін қолданыста жүрген жалақысы мол мамандықтардың көбінің керексіз болып қалуын туғызатынын түсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ.
Осы орайда, ертең қажетсіз болып қалатын немесе оқу бітірген соң жұмыссыздар қатарына қосатын жоғары білім алудың қажеттілігі бар ма? –деген сауал туындайды. Қазір әлемдегі ең бай адам болып саналатын Гейтс, Баффет сияқты алпауыттардың жоғары білімдері жоқ екен. Олар жоғары білімсіз-ақ сонша дәулетке ие болып, мыңдаған адам жұмыс істейтін компанияларды басқарып отыр.
Табысты мамандықты интернеттен де алуға болады
Иә, мол табыс түсіретін мамандықты университетте оқымай-ақ, интернет арқылы да алуға болады. Интернет курстардың біразы тегін болса, бірқатары ақылы. Бүгінде шапшаң қарқынмен дамып бара жатқан желілі маркетингпен айналысатын МЛМ компаниялардың көбінің өз оқу курстары бар.
Жалпы, МЛМ компаниялардың бәрі өз қызметкерлерін оқытуға, білімдерін жетілдіруге мүдделі. Осыған орай, сондай компанияларға кірген әрбір адам міндетті түрде оқып, қажетті кәсіби білім алады. Ал МЛМ компанияларға кіру тегін және ондай компаниялар жыл санап көбеюде.
Менің қолыма 2012 жылы Джо Виталенің «Как быстро заработать деньги в интернете» деген кітабы түсіп, соны оқыған соң интернет бизнеспен айналыссам деген ниет пайда болған еді. Осылайша, мен алдымен тегін курстарды оқып, кейін аздап ақылы курстарды сатып ала бастадым. Содан бері өткен кезең ішінде интернет арқылы табыс табудың біраз түрлерімен танысып, тіпті сонымен айналысып аздап табыс табуға, ең бастысы сол саланы біліп, маман ретінде меңгеруге мүмкіндік алдым. Қазір менің негізгі жұмысым болса да, интернет арқылы да біршама ақша табамын. Ең бастысы, маған интернет арқылы жұмыс жасау ұнайды. Үнемі жаңалықтарды үйреніп, біліміңді жетілдіріп отырасың және соны пайдаланудан кәдімгідей қанағат аласың.
Түйін: Баласы ҰБТ-дан төмен балл алған бір танысым енді оны ақылы оқуға оқытатынын айтты. Ең арзан оқу Ккөшетауда екен, жылына 400 мың төлесе болғаны, дейді ол. Жыл сайын 400 мың теңге төлеп университетте оқып алған мамандығына сай ертең жұмыс табыла ма, жоқ па – белгісіз. Және жоғары білімді мамандардың алатын жалақылары да жартымды емес екенін көріп жүрміз. Сонша уақытыңды, ақшаңды кетіріп жоғары білім алғанша, интернет арқылы қажетті бір мамандықты игеріп, сонымен жұмыс жасаған тиімді екенін өмір көрсетіп отыр. Жыл өткен сайын интернет арқылы жұмыс істеуге шақыратын компаниялар қатары көбеюде. Олардың төлейтін жалақысы да жоғары. Сондықтан, жастардың уақыттары мен ақшаларын босқа шығындамай, осы заман талабына сай дамып бара жатқан мамандықтарды игеруге ұмтылса, сол өздеріне пайда болар еді.