Қазіргі заманғы кең таралған дерттің бірі – мақтаншақтық

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

25Ұлы Абайдың қара сөздерінде әр адамның бойында мақтаншылық сезімі болатындығы және мақтаншылықтың түрлері жайында айтылады. Мақтаныш әрбір пендінің туабітті қасиеті. Дегенмен, солай екен деп мақтаныш сезімін өмірінің негізі етіп алуға болмайды. Қай нәрсені де шектен тыс көп пайдалану залалды. Ал қазіргі күні нәпсінің құлақ кесті құлына айналған пенделер мақтанышты өмірлерінің басты мәні етіп алған жайы бар.

Бес дұшпанның бірі – мақтаншақтық

Ұлы Абай «өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз» дейді. Мақтаншақтық адамға залалдан басқа еш игілік әкелмейтін  жаман қасиеті. Дегенмен, бүгінде көздерін надандық шелі басқан пенделер өздеріне ненің пайдалы, ненің  залалды  екендігін айырудан қалғандай.

Қазір егер шындыққа тура қарап айтар болсақ, билік басында отырғандардың КӨБІ ЖАҒЫМПАЗДАР. Мақтаншақ басшылардың  қолтықтарының астына кіріп алып, өтірік мақтап көңілдерін тауып, сол арқылы жылы жұмсақ қызметке жетіп жүргендер ӨТЕ КӨП.

Қазір басшы қызмет тұтқасын ұстағандар арасында – МАҚТАНШАҚТЫҚ деген ауру белең алып кетті. Портфель ұстағандардың бәрі шіреніп, өздерін құдайдай көретін болды. Ондайлар әдетте, қолынан іс келетін  қабылетті жандарды емес, өздерін өтірік мақтап, арттарына көпшік қоя сөйлейтін жағымпаздарды жандарына жинауға құмар.

Сондай жағымпаздардың өтірік мақтауларын естіп жүретін БАСШЫЛАР көп ұзамай көздерін шел басып, өздерін әлемде жоқ ТАЛАНТТЫ, АҚЫЛДЫ, ДАНЫШПАН сияқты сезіне бастамақ. Ондайлар шындықты айтқандарды иттің етінен жек көреді. Өйткені шындық жағымпаздар арөқылы әлгіндей басшылардың өздері туралы ойлайтын АСҚАҚ сенімдерін жоққа шығарады.

Мұндай басшылар көп ұзамай мақтауды естімесе жүре алмайтындай күйге түседі. Яғни, мақтауға тәуелді болады. Бұл есірткіге байланған НАШАҚОРЛЫҚ сияқты дерт. Біреудің өзін мақтауын қалап тұратын, мақтамаса ауырып қалатын күйреуіктер қатары көбейді. Ондайларды қай-қайсымыз да күнделікті өмірден, өмірден болмаса теледидардан көріп жүреміз.

Мақтаншақтық адамды көр соқыр, надан етеді

Бұрынырақта бір мақтаншақ адамның қарамағында қызмет істедім. Әлгі өзін біреу мақтаса деп үнемі тіленіп тұратын. Тіпті, «ау, мені мақтасаңдаршы, неге мақтамайсыңдар» дегенді емеурінмен ашық сездіріп отыратын. Бірде ол маған  өзі жасаған газет бетін көрсетіп «қалай екен» деді. Оның нені тілеп тұрғанын бірден түсінген мен «жақсы екен» дей салдым сүйей салды етіп. Сол-ақ екен ол «қандай бас, қандай ми» деп өзін өзі көпіртіп мақтай жөнелді. Мынаны естігенде оның осынша дарақылығына қарқылдап күліп жібере жаздадым.

Биыл көктемде бір дөңгелек үстел шарасы өтіп, сол туралы мақала жаздым. Содан іле-шала маған шараға қатысқан біреу телефон шалып «оны ұйымдастырған менмін, неге мен туралы жазбадың» деп жер-жебіріме жетсін. Шындығында, оны ұйымдастырған екі қоғамдық бірлестік еді. Ал, әлгі дөңгелек үстелді жүргізуші болды. Сен сөйле, енді анау сөйлесін дегенді айтып отыратын, алдын ала белгіленген бағдарламаны жүргізуші ғана.

Оның пікірінше, мен шараны дұрыс жазбаппын. Жүргізушіні ең басты орынға шығарып, жер-көкке сыйғызбай мақтауым керек екен. Соны естігенде «мына адамдар не болып кеткен» деп қайран қалдым. Халыққа кең таралған бір әннің «жақсылар жақсымыз деп айта алмайды, жамандар жақсымыз деп айқайлайды» деген сөзі бар. Бүгінде сондай жамандардың бәрі өздерін ЖАҚСЫМЫЗ деп кеуделерін соғып бар әлемге бар дауыстарымен айқайлайтын болып алды. Оған ондайлар ұялмайды да, намыстанбайды.

Мақтаншақтықтың емі имандылық

Аллаға шын жүрегімен сеніп, дін жолымен жүретін пенде өзінің қандай дәрежеге жетпесін бар уақытта АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫ болып қалатынын жақсы біледі. Мейлі, ол президент, министр немесе әкім болсын, бәрібір ОЛ АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫ. Бұл – АҚИҚАТ. Дегенмен, кеуделеріне нан піскен, көздерін надандықтың шелі басқан пенделер қолдарына портфель ұстаса-ақ өздерін құдайдай сезіне бастайды. Ондайлар жағымпаздардың өтірік мақтауларына елігіп бәрін өздері жасап, барша дүниені жарылқап жүргендей сезімде болады.

Аллаға шын иман келтірген адам ғана БАЙЛЫҚ, МАНСАП және АТАҚ-ДАҢҚ әкелетін жалған жетістіктердің  ықпалына түспейді. Ондайлар әрдайым өздерін қарапайым, кішіпейіл, байыпты ұстап, мақтаннан, өзімшілдіктен, тәкаппарлықтан аулақ жүреді.

Ал, енді жан-жағыңызға көзіңізді салып қараңызшы. БАСШЫ қызмет атқарған адамдардың, БАЙ адамдардың, АТАҚТЫ жұлдыздардың арасында мақтаншылықтан аулақ, қарапайым, кішіпейіл болып жүретіндері бар ма? Бәлкім, бірлі-жарым кездесіп қалар, дегенмен, ондайлардың 99 пайызы мақтаншылық ауруымен ауырғандар. Міне, осыдан түйеріміз, ең кең таралған және емі жоқ дерт – СПИД емес, ол – МАҚТАШАҚТЫҚ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика