Әлемнің құрылымы туралы
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Өзіміз өмір кешіп жатқан әлемнің құрылымы туралы ойлайтындар некен саяқ. Адамдардың басым көпшілігі аспан, жұлдыздар, планеталар, жер, ай туралы ойлап бастарын ауыртпайды, тіпті оны қажет деп те санамайды. Олар өле өлгенше мынадай 4 әрекеттің шеңберінде тірлік кешеді: ұйықтау, тамақтану, шағылысып ұрпақ жалғастыру және қорғану. Егер ақыл таразысына салып қарайтын болсаңыз, барлық жан-жануарлар, аң-құстар осындай 4 әрекет шеңберінде тірлік кешеді. Дегенмен, адамдардың бір бөлігі “не үшін өмір сүремін, өмірдің мәні неде, өлімнен кейін өмір бар ма, өзім өмір кешіп жатқан жер, аспан, басқа да ғарыш денелері қалай жаратылды, оның құрылымы қандай?” деген сияқты сауалдарға жауап іздеп, өмірдің терең мәніне үңілуге тырысады. Менің мына жазбам да дәл сондай ат төбеліндей аз, өмірдің терең мәнін ұғынғысы келетін жандарға арналады. Ал жоғарыдағы 4 шаруамен айналысатындар бұл жазбаға мүлдем қарамаса да болады, өйткені олар үшін бұл өте қызықсыз және еш мәні жоқ.
Сонымен, біз өмір кешіп жатқан әлемнің құрылымы қандай? Бұл сауалға қазіргі күні дайын 3 жауап бар, олар: әлемнің құрылымы туралы қазіргі материалистік ғылыми түсінік; әлем құрылысы туралы дәстүрлі ислам, христиан және иудей діндерінің түсінігі және ақырсында ведалық ұғым. Міне, осы үш түсініктің үшеуіне де назар аударып, соны салыстырып талдап көрейік.
Материалдық түсінік. Мен бала кезімде астроном болуды қатты армандадым және тіпті, көзілдіріктің линзасынан телескоп жасап алып, аспан денелеріне қарап бақылап та көрдім. Астрономия деп аталатын оқулық кітапты әлденеше қайтара қарап, талдап оқып шықтым. Сонда ұғынғаным: біз өмір кешіп жатқан Құс жолы аталатын галактикада 3 млрд-тан астам жұлдыздар мен планеталар, аспан денелері бар. Ғылымға белгілі, телескоп сияқты құралдармен бақылап көрген осындай мыңнан астам галактика бар екен. Сол ғылымға белгілі галактикаларды метагалактика деп атайды. Олардың әрқайссында Құс жолындағы сияқты 3 млрд-тан асатын аспан денелері болса, мың галактикада қанша жұлдыз бен планета болатынын өзіңіз есептеп көріңіз. Өте көп. Ал біз білмейтін, бүгінгі ғылыми құралардың қауқары жетпейтін алыстағы галактикалардың қанша екендігін ешкім білмейді. Қазіргі материалист ғалымдардың түсінігіне сенсек, биологиялық тіршілік жаратылуы үшін жердегі сияқты қолайлы табиғи жағдай қажет. Ғылыми түсінікке сай Айда, Күнде, басқа жерге жақын планеталарды тіпршілік жоқ, өйткені оларда жердегі сияқты тіршілікке қолайлы жағдай жоқ. Күннің бетінде жылу миллиондаған градусқа жетеді, ал Айда жүздеген градус суық, Осыған орай, Күнде де, Айда да тіршілік болуы мүмкін емес дейді ғылым. Дегенмен де, ғалымдарымыз милиардтаған аспан денелерінің бірінде болмаса бірінде жердегі сияқты қолайлы жағдай бар және соған орай тіршілік бар дегенді айтады.
Біз өмір кешіп жатқан Жер аталатын планетаның жаратылғанына ғылымның дерегінше, 4 млрд жылдан асқан. Оның диаметрі 18 мың шақырым. Жерге ең жақын орналасқан Ай планетасына дейін 1,2 млн шақырым. Ғылыми деректерге сай өзіміз өмір кешіп жатқан кеңістіктің пайда болғанына 30 млрд жылдан асқан. Оған дейін не болды? Ол белгісіз. Тіршілік осылай жалғаса бере ме, жоқ жойыла ма, оған да ғылым нақты жауап бере алмайды.
Аврамдық діндердің кеңістік туралы түсінігі. Ислам, христиан және иудей діндері Аврамдық діндер деп аталады. Бұл діндердің басында иудейше Аврам, мұсылманша Ібірахым аталған пайғамбар тұр. Осы аврамдық діндердің түсінігінше, жерден басқа планета жоқ, тіршілік тек жерде ғана бар. Басқа аспан денелері жаңа жылдық шыршаға ілінген жылтыраған ойыншық сияқты аспанға асып қойған от шашатын ойыншықтар іспетті. Тәурартта жазылғандай, Құдай жердегі барша тіршілікті алты күнде жаратқан. Жан-жануарлар, өсімдіктер, адамдар. Адамды топырақтан жаратып, оған Өзінің рухын үрлеп енгізген. Адам ата аталатын ең алғашқы адамды Құдай жүз мың жылдай бұрын жаратқан. Адам ата ұйықтап жатқанда қабырғасын кесіп алып, одан Хауа ананы жаратқан. Алғашқы кезде Адам ата мен Хауа ана жұмақта өмір сүрген. Содан соң сайтанның азғыруына еріп, тиым салынған жемісті жегені үшін жерге қуылған. Қазіргі барша адамзат Адам ата мен Хауа ананың ұрпағы. Адамдар мен жан-жануарлардан бөлек, сансыз көп періштелер бар және жын-пері аталатын тіршілік иелері өмір сүреді. Құранда “адамдардың жақсы-жаман әрекетінің жемісін беру үшін Алла мерзімін жасырған қиямет қайым әлбетте болады” деп жазылған. Ал қиямет қайым деген барша тіршіліктің жойылуы. Міне, сол кезде барша адам қиямет сотына тартылып, күнәсі көптер мәңгі тозаққа, күнәсі аздар мәңгі жұмаққа кіреді. Одан кейін тіршілік болмайды дейді дәстүрлі дін өкілдері. Жалпы, аврамдық діндердің қасиетті кітаптары Тәурат, Інжіл және Құранда тіршіліктің жаратылуы, ғарыш жайында мәлімет өте аз және толымсыз, үзіп-жұлып берілген. Содан болар, бұл мәселеге аталмыш дін өкілдері онша көп көңіл бөле қоймайды.
Ведалық түсінік. Әлем құрылысы туралы ведалық түсінік ең толымды және бірден бір қисынды ілім деуге болады. Ведалық ілімнің қайнары саналатын Веданта сутраға осыдан бес мың жыл бұрын данышпан Вьясадев жазған түсіндірме түріндегі “Шримад Бһагаватам” кітабында әлемнің құрылымы жайында жан-жақты баяндалады. Бұл кітаптың көлемі әлемдегі ең үлкен жыр болып есептелетін гректердің Одиссея мен Илиада жырынан 8 есе үлкен екен. 18 мың жол өлеңнен тұратын жырға ұстаз ваишнав Шрила Прабхупаданың түсіндірмесімен ағылшын тілінде шыққан бұл кітап қалың 26 кітаптан тұрады. Оның бәрі бүгінде орыс тіліне аударылған. Енді осы кітапта айтылған әлем құрылымы туралы әңгімеге назар аударып көрелік.
Веда ілімі бойынша барша әлем Жаратқанның қуаты. Ол негізінен 2 түрлі қуаттан тұрады: 1-сі — рухани қуат, 2-сі — материалдық немесе фәни қуат. Рухани қуат Жаратқанның барлық қуатының 4/3-ін құраса, материалдық қуат 4/1-не тең. Осы қуаттың көлемін бағамдау үшін мына жайға назар аударсақ жетеді. Құдайдың қуатының 4/1-ін құрайтын материалдық әлемде сансыз көп кеңістіктер немесе фәни әлемдер қалқып жүр. Біз өмір кешіп жатқан әлем элипс тәрізді. Оның сыртын 3 нәзік, 5 дөрекі материалдық элемент қоршаған, іші қуыс. Сол қуыста сансыз көп аспан денелері қалқып жүреді. Мәселен, біз өмір кешіп жатқан Құс жолы аталатын галактикада 3 млрд-тан астам жұлдыздар мен планеталар, аспан денелері бар екен. Біздің әлемде осындай қанша галактиканың бар екені белгісіз. Осы әлемнің мына шетінен ана шетіне дейін жарықтың жылдымдығындай, яғни секундына 300 мың шақырым жылдамдықпен ұшқанда милиардтаған жыл уақыт қажет болады дейді. Осыған қарап біз өмір кешіп жатқан материалдық әлемнің қаншалықты үлкендігін сезінуге болады. Ал кеңістікте бұндай әлемдер сансыз көп. Оның санының қанша екендігін ешкім білмейді. Осыған қарап, фәни әлемнің қаншалықты алып екенін бағамдау қиын емес. Ал оның арғы жағында рухани әлем жатыр. Рухани әлемде қалқып жүрген сансыз көп рухани планеталардың әрқайссының үлкендігі біздің әлемнен ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған есе асып түседі. Осылардың бәрін ақыл таразысына салып қарайтын болсақ, Жаратқанның екі түрлі қуатынан құралған әлемнің көлеміне ақыл жетпейді, оған шексіз деген ұғымды қолдануға болады.
Енді өзіміз өмір сүріп жатқан жер аталатын планетаның құрылымына назар аударып көрелік. Веда іліміне сай Джамбудвипа аталатын жер планетасы 9 аралдан тұрады. Әр аралды биік таулар қоршап, оқшаулап тұр, ол аралдар алып мұхитта қалқып тұр. Біз өмір кешіп жатқан арал — Бхарата варша деп аталады. Оның ол шеті мен бұл шетінің ара қашықтығы 120 млн шақырым. Ал Джамбудвипа планетасының ол шеті мен бұл шетінің ара қашықтығы 4,2 млрд шақырым. Ал енді қазіргі ғылымға сай жер планетасының диаметрінің 18 мың шақырым екендігін ескерсек, ал мынау 9 аралдың бірі болып саналатын Бхарата варшаның өзінің жалпақтығы 120 млн шақырым болғаны қалай? Бұның жауабы да Шримад Бхагаватамда айтылады. Оны зер сала оқысаңыз, адамдардың ақыл-ой деңгейіне байланысты түрлі өлшемдерді сезініп, қабылдай алатыны айтылған. Қазіргі адамзат үш өлшемді дүниені ғана қабылдайды. Шындығында біз өмір кешіп жатқан әлем көп өлшемді. Осыған орай, адамдарға жер планетасы домалақ шар сияқты көрініп, диаметрі небары 18 мың шақырым ғана болып сезіледі. Шындығында жер Құранда айтылғандай шар сияқты емес, жалпақ табақ сияқты. Шримад Бхагаватамда лотос сияқты алып ұстынның бойында 14 планеталық жүйе орналасқандығы баяндалған. Жер жоғарыдан санағанда 7-ші қабатта орналасқан. Үстімізде 6 қабат аспан планеталары, астымызда 7 қабат төменгі планеталар жүйесі бар. 7-ші қабатта орналасқан Джамбудвипа аталатын біздің планетамыздан басқа осы қабатта сансыз көп планеталар бар.
Ведалық түсінікке сай әлемнің құрылымы туралы баяндалған эзотерик Шри Нараянның лекциясында біз орналасқан жер планетасының бізге көрініп, сезілетін бөлігінен басқа, біз көріп сезе алмайтын жағы да бар екендігін айтады. Мәселен, ол 360 параллел өлшемдер бір мезгілде өмір сүреді дейді. Бізбен қатар осы жер бетінде өмір кешіп жатқан тіршілік иелерін біз көріп, сезе алмаймыз. Өйткені, олар бізден белгілі бір уақыт өлшемі бойынша ажыратылған. Кейде белгісіз себептермен параллел әлемдер жанасқан уақытта көзімізге басқа тіршілік иелері көрініп қалады. Оны адамдар жын-шәйтан, пері деп атап, олар туралы аңыз түрінде әңгімелер таратқан. Жын-шәйтанды көзімен көріп, куәсі болған адамдар ел ішінде аз емес, дегенмен адамдардың көбі ол туралы көп айта қоймайды. Бұны “қорыққанға қос көрінеді” дегендей, көзіме көрінген елес шығар деп қоя салатындар көп.
Бойларында тылсым қасиеті бар экстрасенс аталатын адамдар сондай параллел әлемдерді көзімен көріп, тіпті ондағы жандармен араласып жатады. 1990-шы жылдарда Атбасар қаласында аудандық газетте қызмет істеп жүрген кезімде Рысты Жексембекова деген халық емшісі туралы жаздым. Ол “Атбасар” қонақүйінде тұрып, ауруларды қабылдап, емдеу сеанстарын жүргізді. Бойында тылсым қасиеті бар әлгі кісі жанымыздағы қарапайым пенделерге көрінбейтін жын-шәйтан, пері аталатын тіршілік иелерін көреді екен. Оның күйеуі ақкөңіл аңғалдау адам болды. Сол айтады, “бір күні асханадан тамақ ішкен соң қонақүй нөміріне кіргенімізде әйелім төсекке тап беріп, біреулерді айқайлап қуды, сосын төсектің астына еден сыпыратын шөткені тығып, әлдекімдерді қуалады. “Не істеп жүрсің” десем, төсекте шаштары жалбырап пәлелер карта ойнап отыр екен, қусам, төсектің астына кіріп кетті” дейді деді.
Веда ілімінде параллел әлемдермен қоса, басқа өлшемдер де барлығы айтылған. Ол қандай өлшемдер? Енді соған назар аударалық. Орыстың Брюсов деген ақынының мынадай өлеңі бар:
Кім біледі негіз жоқ дәлел қылар,
Әрбір атом жүздеген планеталы,
Өз бетінше бүтін бір әлем шығар.
Өзгерткені болмаса мәнін ауқым,
Мұндағыдай онда да бәрі бәлкім.
Білмеген соң әрине, жұмбағы көп,
Онда бәлкім бар шығар мұндағы жоқ?!
Көлем кіші болғанмен шексіз түбі,
Біздің әлем тәрізді олардың да,
Болар бәлкім өзіндік шексіздігі.
Осы өлеңнің мәніне үңілсек, әрбір атамды милиардтаған есе үлкейтіп көрсететін микроскоппен қарайтын болсақ, мыңдаған планеталы жеке әлем сияқты көрінеді деген ұғымға келесің. Эйнштейннің “Салыстырмалы теориясы” бойынша, егер жарық жылдамдығындай, яғни секундына 300 мың шақырым жылдамдықпен ұшсақ, онда өзіміз өмір сүріп жатқан 3 млрд аспан денесі бар алып галактика оймақтай ғана болып қалатыны айтылады. Егер де секундына милиондаған шақырым жылдамдықпен ұшар болсақ, біздің алып әлеміміз сығымдалып, кішкентай атомдай болып қалар еді. Яғни, біз макроәлемге көшер едік. Ал ол әлемде де біздегі сияқты өз күні, айы, жұлдыздары бар тіршілік иелеріне мекен болған сансыз көп аспан денелері орналасқан. Осылайша, біз өмір кешіп жатқан фәни әлем макро және микроәлем болып шексіздікке ұлғайып немесе кішірейіп кете береді. Бұны калейдоскоп аталатын ертеректе шыққан ойыншықпен салыстыруға болар еді. Калейдоскоптың тесігінен қарағанда сансыз көп ою-өрнекті көресің. Ал оны сәл қозғасаң, өрнек түрі өзгереді. Осылайша ол шексіз көп өзгеріп отыратын құбылмалы әлемді жанарыңа тосады.
Біз өмір кешіп жатқан фәни дүниені бүгінде бірқатар ғалымдар вертуалды әлемге ұқсас дейді. Вертуалды әлем дегеніміз компьютерлік программа түрінде жасалған және үнемі өзгеріп отыратын әлем.
Осы жайлардан не түйіндеуге болады? Біз өмір кешіп жатқан әлем Веда іліміне сай өзіміз ойлағандай қарапайым емес, өте күрделі және шексіз. Бүгінгі материалистік ғылым сансыз көп ғарыштағы планеталардың арасында жер сияқты өмір сүруге қолайлы бірлі-жарым планеталардың болуы мүмкін дейді, бірақ Ай, Марс, Венара сияқты планеталарда тіршілік жоқ деп тұжырымдайды. Ал веда іліміне назар аударсақ, Айда да, Күнде де, басқы планеталардың бәрінде тіршілік бар. Жерден жоғары орналасқан Ай жұмақ планетасына жатады және онда адамдар 10 мың жыл өмір сүреді дейді. Шримад Бхагаватам жырын баяндаған әулие Шукадева Госвами вимана аталатын ғарыш кемесімен Күнге саяхат жасайды. Веда іліміне сай аспан денелерін былай қойып, планеталардың арасындағы эфир аталатын бос кеңістікте де тіршілік иелері өмір сүреді. Яғни, кеңістіктің барлық аумағында тіршілік иелері өмір сүріп жатыр.
Енді осы арада мына жайға назар аударып қараңыз: әлем үлкен қопарылыстан пайда болып, тіршілік кездейсоқ жаратылған және жерден басқа планеталарда тіршілік жоқ деп санайтын материалистік ғылымды, немесе 18 мың ғаламды алты күнде жаратып, адамды топырақтан жаратқан, қиямет келгенде барша тіршілік иелерін жойып, қиямет сотына тартады және күнәсі мен сауаптарына байланысты адамдардың бір бөлігі мәңгі тозаққа түссе, басқалары мәңгі жұмаққа енеді, содан кейін тіршілік жаратылмайды деп санайтын аврамдық діндердің түсінігін, болмаса Жаратқанның қуатымен материалдық әлем үнемі жаратылып, қайтадан жойылып отырады және барлық аспан денелерінде тіршілік иелері өмір сүреді деп санайтын ведалық ұғымды қабылдаймыз ба? Әрине, әр адам бұл үш түсініктің арасынан қалағанын қабылдауына болады. Десе де, дүниені соншалықты қарабайырландырып және шектеулі етіп қойған материалистік түсінік пен аврамдық дін өкілдерінің ұғымынан гөрі, аса күрделі және шексіздік ұғымдарына негізделген ведалық ілімнің тұжырымдамасының ғылымилығы мен нанымдылығын ешкім де теріске шығара алмасы анық.