Өлімнен кейінгі өмір

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Реинкарнацияны ақиқат деп  қабылдау және оған шүбәсіз сену – буддизм дінінің негізгі қағидаты болып табылады. Буддизм дінін бүгінде Қытай, Жапония, Тайланд, Корея, Непал сияқты шығыс елдері, жалпы саны 1 миллиардқа жуық халық ұстанады. Діннің ең басты ұстанымы – қайрымдылық. Буддашылар адамға ғана емес, барлық жан-жануарларға да өз бауырларындай құрметпен қарайды. Оның басты себебі – реинкарнация, яғни өлгеннен кейін адамның басқа тән, оның ішінде жан-жануарлардың да тәнін иеленетіндігіне деген сенімде жатқаны анық.

2,5 мың жылдық тарихы бар буддизм діні түсінігінде өмір дегеніміздің өзі өлімге дайындалу. Яғни, адам барлық өмірін келесі өміріне дайындалумен өткізеді. Егер жақсы істер жасап, мол сауап жинаса, келесі өмірінде жақсы тәнге ие болып, үлкен мүмкіндіктер алады. Сонымен бірге, буддашылар өлген адам егер бақи дүниенің жолын білетін болса, онда келесі өмірінде қандай отбасында, қай жерде туатындығын өз еркімен қалап алуына болады деп түсіндіреді.

Буддашыларда «Өлілер кітабы» деген кітап бар. Бұл кітапты буддашы монах өлген адамның үйіне келіп, белгілі күндерде оқып тұрады. Олардың түсінігінше, өлгеннен кейін адам «бардо» деп аталатын 49 күнге созылатын өлім мен туудың аралық кезеңінен өтеді. Осы кезеңде өлген адамның әруағы о дүниенің жолына түсіп, аяғына дейін жүріп өтуі тиіс. «Өлілер кітабын» оқу арқылы монах өлген адамның рухы кедергіге тап болғанда одан қалай шығу қажеттігін дәл сол кезеңде оның есіне салып отырады. Монахтың дауыстап оқығанын әруақ естіп тұрады дейді.

Егер өлілер кітабы оқылмаса немесе тіршілігінде жасаған түрлі күналары себепті өлген адамның рухы монахтың даусын ести алмаса онда кедергіден өте алмай, сол арада қамалып қалып қоймақ. Буддашыларда тозақ түсінігі де бар. Тозақ – бұл адамның тірлігінде жасаған күналы әрекеттерінен тазарту үшін қолдан ұйымдастырылған қиындықтар мен азаптар.

49 күнге созылатын жолдан өткен өлген адамның рухы нұр шашқан ашық алаңға шығады. Осы жерде ол енді келесі өмірінде қандай отбасында, қай жерде дүниеге келетінін айқындай алады. Ол өз қалауымен төсекте бас қосқан ерлі-зайыптылардың жақындасуы кезінде ұрық түрінде әйелдің жатырына еніп, сәбиге айналады және ол 9 айлық жатырдағы кезеңде өткен өмірін түгел есінде сақтап, саналы ахуалда болады. Бірақ, әйелдің толғатып, сәби жарық дүниеге шыққан сәтте оның жады, яғни есте сақтау қабілеті түгел жойылады. Сөйтіп ол ештеңе білмейтін сәби қалпында дүние есігін ашады. Бар өмірін медитация, яғни ақыл-ойын белгілі бір нысанға шоғырлаумен өткізетін буддашы монахтар өз қалауымен кез-келген сәтте тәндерін тастап кете де алады екен. Бұндай таңғажайып  жағдайлар осы дінді ұстанатын елдердің әртүрлі өңірлерінде, әр ғасырларда болған.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика