0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Біз үшін құпиясы мол шымылдық саналатын ажалдың арғы жағында пендені не күтіп тұр? Сол құпия шымылдықты ашып, арғы жағына ақыл-ой көзімен назар салып байқайық. Ол үшін көріпкел немесе бойында тылсым қасиеті бар ерекше жан болудың қажеті жоқ. Біз дәстүрлі діндердің түсініктері мен Қасиетті кітаптарында бұл туралы не айтылғанына және бұл мәселеге үлкен көңіл бөлетін буддашы ұстаздардың еңбектеріне, сондай-ақ осы саладағы бірлі-жарым шығармаларға назар аударып, онда жазылған ақпараттарды талдай отырып, құпия шымылдықтың арғы жағында не болатынын түсіндірмекпіз.

Ислам дінінің түсінігі бойынша, өлген адамның жанын ажал періштесі келіп алады. Мұсылманша жерлеу тәсілінде мүрдені лақат түрінде қазу қарастырылған. Яғни, көрдің төменгі жағынан бір бүйірден кісі сиярлық орын дайындалады. Мүрде сол лақатқа орналастырылып, көр топырақпен жабылады. Осылайша, мүрде топырақтың астында қалмай, бір бүйірдегі кішкене қуыста жатады.

Бұл не үшін істеледі? Мұсылмандардың ұғымынша, өлген адамды жерлеген соң жақындары қырық қадам ұзаған кезде Мүңкір және Нәңкір атты екі періште келіп, өлген пендені тергеуге алады екен. Тірлігінде діни парыздарын дұрыс орындап, шариғат жолымен күнәдан аулақ жүрген адам берілген сұрақтарға қиналмай жауап қайтарса, күнәға батып, діни парыздарын орындамаған пенденің тілі күрмеліп немесе не деп жауап берерін білмей қиналмақ. Жауап бере алмаған жанды періштелер ұрып-соғып азапқа салады және мұндай азап күн сайын үнемі қайталанып отырады.

Мұсылманның түсінігінше, өлген адамның азабы бұнымен бітпейді. Оны жер қысып, сүйектері сықырлап, ауа жетпей тұншығып көр азабын тартпақ. Бұндай азаптар қиямет күніне дейін созылады. Содан кейін сотқа тартылған пенде күнәсі үшін тозаққа түсіп азапқа ұшыраса, сауаптары үшін жұмаққа еніп, тән рахатына кенелмек.

Буддашылардың түсінігінше, ажалы жетіп өлген пенде біршама уақыт ес-түссіз жатады. Буддизмді дін дегеннен гөрі, ақыл туралы ғылым дегенге көбірек келеді. Онда ақылдың үш түрлі ахуалы болатыны айтылады. 1-ші, адамның ояу кезеңі; 2-ші — түс көрмей қатты ұйқыға кеткен кезең; 3-ші – түс көріп жатқан сәттегі кезеңі. Ояу кезеңінде өзінің кім екендігін нақты білетін пенде, қатты ұйқыға кеткенде ештеңе сезіп, көруден, естуден қалады. Ал содан кейін түс көре бастайды. Түсінде ол тағы да өзінің кім екендігін ұмытып, басқа бір ахуалда, басқа жағдайларда жүргенін көреді.

Буддашылардың түсінігінше, өлім де адамның ұйқыдағы кезеңіне қатты ұқсайды. Жаны кеудесінен шыққан пенде қатты ұйқыға кеткен адамдай ес-түсінен айрылып, санасы жоғалады. Содан кейін ол түс көріп жатқандай күйге түсіп, ақырындап санасы қалпына келе бастайды.

Өлімнің адам үшін маңызды орны буддашылардың ұғымынша: жаны шыққаннан кейін пенденің өмір бойы ақыл-ойын құрсауда ұстап келген тәннің шеңберінен шығатындығында. Осы сәтте ол бостандықты толық сезініп, өзінің тән еместігін ұғынады. Қысқа ғана уақытқа созылған осы ұйқыдан оянғандай кезеңде пенде егер күмән-күдікке, қорқынышқа бой алдырмай, бұл ахуалдың табиғи және дұрыс екендігін түйсіне алса, толық бостандыққа шығады. Ал тіршіліктегі тәнге қамалған пендешілік тірлігін есінде сақтаған және соны бірден-бір дұрыс өмір деп түсінген пенде кенеттен тәнін жоғалтумен бірге келген шетсіз-шексіз әлемді түйсіне алатын бостандықтағы ахуалын қабылдамайтындықтан, бұл мүмкіндікті жіберіп алады.

Осыдан кейін түс көріп жатқандай өлген адамның санасы мен жады ақырындап қалпына келе бастайды. Дегенмен ол өзін әлі де тірімін деп ойлайды. Осы кезеңде тәнінен айрылған пенденің ішіндегі оның көшірмесі іспетті астральдық нәзік тәні толық қалыптасып, енді ол соған бой үйретіп, бейімделе бастайды. Нәзік тәннің дөрекі материалдық тәннен айырмасы сонда, ол кәдімгі адамдар сияқты аяғының көмегімен жүрмейді, баратын жері туралы ойласа-ақ, әп-сәтте сол жерге жетіп барады. Бұны ғылыми тілмен – телепортация деп атайды. Яғни, кеңістік пен уақыттың алмасуы.

Бардо деп аталатын өлгеннен кейінгі кезең 49 күнге созылады. Алғашқы 20 күн ішінде адам өзінің бұрынғы тәнінің және сол арқылы кешкен тірлігінің ықпалында болса, содан кейін ақырындап болашақта алатын жаңа тәніне назар аудара бастамақ. Бұның бәрі түс көріп жатқандай санасыз түрде жүзеге асады. Егер адам өмір бойына дін ілімін үйреніп, рухани практикамен айналысқан болса, санасын бақылап, басқара алмақ. Ал олай болмаған жағдайда, оны өткен өмірдегі жасаған жақсы-жаман әрекеттерінің жемісі күріндегі карма заңы өз ықпалына түсіріп, мәжбүрлі түрде жаңа тәнін алуға әкеледі.

Индуизм дінінде өлген адамның жанын алатын ажал періштелері – ямадуттар азу тістері ақсиған, түрлері қорқынышты болып келеді. Ажалы жақындаған пенде жақындап келіп өзіне тесірейе қараған ажал періштелерін анық көреді, бірақ оның жанындағы басқа адамдар ештеңе көріп, сезбейді. Күнәкар пенде өзін бақи дүниеде азап пен тауқымет күтіп тұрғанын ішкі түйсікпен сезініп, өлмеуге тырысып, жанталасады. Осыған сай, ажал періштелері шанышқы сияқты темір таяқты пенденің тәніне салып, ішіндегі нәзік тәнін күшпен суырып алады. Теріге жабысқан нәзік тәннің тамырлары пырт-пырт үзілгенде пенде жаны шығардай ауырсынып, айқайға басады. Бірақ оның жандауысын ешкім естімейді.

Осыдан кейін ажал періштелері суырып алған нәзік тәнді полиэтиленге ұқсайтын қапшыққа салып, арнайы жолмен әп сәтте зымырап отырып, өлілер мекеніне жетеді. Онда пенденің тірлігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттері таразыға тартылып, үкім шығарылады. Сол үкімге сай енді ол жазасын өтейтін орынға мәжбүрлі түрде жіберіледі.

Шримад Бһагаватам кітабында күнәкар пенделерді азаптайтын тамұқ планеталары туралы жан-жақты айтылған. Мәселен, зинақор еркек пен әйел темірден жасалған әйелдің, не ер адамның мүсінін құшақтайды. Қып-қызыл болып балқып тұрған темір мүсінге жабысып қалған оның жан дауысы шығып  денесін ажыратпақ болып жанталасады. Бірақ ажырата алмай қатты азаптан есінен танғанша тұрады. Есін жиған соң бұл жағдай тағы да қайталанады.

Ал әйелге өзінің ұрығын ішкізген ер адамдар еркектің ұрығы түріндегі шәхуат толы көлге тұншықтырылып, сонда ұзақ жылдар азаптанады. Арам тамақты, оның ішіндегі жануарлардың етін жегендер жыртқыш құстар мен аңдарға жем болып, көп уақыт тауқымет кешеді. Осылайша, адам тірлігінде істеген жаман әрекеттерінің салдарынан ұзақ жылдар бойы түрлі тамұқ планеталарында әртүрлі азаптарды басынан өткереді.

Құранда күнакар пенделердің заққұм деп аталатын тікенекті шөпті жейтіні, оны қанша жесе де қарындары тоймайтыны, содан кейін шөл қысып, ағып жатқан іріңді су орнына ішетіні айтылады. Пенденің тәні бензин құйған киімше лапылдап жанып, содан ұзақ уақыт азап шегеді. Міне, осындай азаптардың түрі көп және бұл азаптар бірер күнмен, аймен шектелмей, мыңдаған, тіпті миллиондаған жылдарға созылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика