Өмір адамға бір-ақ рет беріле ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

дінБес дәстүрлі дін болса солардың үшеуінде – ислам, христиан және иудеизм діндерінде рейнкарнация, яғни өлген соң қайта туу түсінігі жоқ. Рас, ислам және христиан діндерінде өлген адамның қабірде тірлік кешетіні, содан кейін қияметте сотқа тартылып, жасаған жақсы-жаман істеріне сай жұмаққа, болмаса тамұққа баратына жайындағы түсінік бар.

Мүмкіндік бермесе, Алланың рақымдылығы қайда?

Мен онжылдықты бітірген соң жоғары оқу орнына түсу үшін тоғыз рет құжат тапсырып талпыныс жасап, жолым болмады. Тек оныншы рет қана бағым жанып, университетке түстім. Егер біздің елімізде мынадай заң болса: мектеп бітірген жас жоғары оқу орнына түсуге бір-ақ рет талпыныс жасауға құқылы, егер түсе алмаса, онда қайта құжат тапсыра алмайды.
Бұндай жағдайда мен сияқты қайта-қайта талпыныс жасап, ақырсында жолы оңғарылып жоғары білім алғандардың жолы кесілер еді. Бұл – әділдік пе?
Ал бірқатар дәстүрлі дінді ұстанушылар реинкарнация, яки өлген соң қайта туып, қайта өмір сүру жоқ деп санайды. Бұндай жағдайда не болатынын ақылға салып таразылап көрейік. Сіз бір рет дүниеге келіп, өмір сүрдіңіз. Айналаңыздағы қоршаған ортаның, араласқан адамдардың ықпалымен арақ ішіп, зина жасадыңыз, діни шарттарды ұстанбадыңыз.

Мұндай жағдайда діни түсінік бойынша сіз күнәкар ретінде МӘҢГІ БАҚИ тозақта өртенесіз. Шынын айтқанда көп адамдар МӘҢГІ БАҚИ деген ұғымға онша назар аудара қоймайды. Шындығында ол назар аударуға тұрарлық жай. Өйткені, ол тікелей бізге, біздің болашақ тірлігімізге қатысты.

Бұны түсіну үшін өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген адамдардың тірлігіне ой жүгіртіп көріңіз. Ресей телеканалында Жаңа жер аралында өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарға арналған түрме жайында хабар көсретілді. Сотталғандардың бәрі өле өлгенше түрмеде отырғанша, өлгеннің артық екенін айтады.

Тозақ пен, түрмені салыстыруға болмайды. Түрме тамұқпен салыстырғанда жәй баланың ойыншығы іспетті. Соның өзі адамдарды мезі қылып, шаршатады екен. Ал тозақ отында сіз жүз, мың, миллион жыл өртендіңіз делік. Ал одан шығатын МҮМКІНДІК мүлдем жоқ. Бұл қандай әділдік болады және бұдан Алланың рақымшылығы көріне ме?

Ислам және христиан діндерінде рейнкарнация жоқ па?

Иудей дінінде өлген соң қайта туу, яғни рейнкарнация бар, бірақ бұл түсінік дін ілімімен айналысатын шағын оқымыстылар арсында ғана айтылып, жазылады. Ал христиан дінінде алғашқы дәуірде рейнкарнация болған. Бұл ұғым біздің дәуріміздің 3-ші ғасырында император Константин Римнің патшасы болып, христиан дінін мемлекеттік ресми дін ретінде қабылдаған кезде жойылған.

Император Константинге рейнкарнация, яғни адам өлген соң қайта туып, өмір сүретіндігі туралы түсінік ұнамапты. Өйткені ол мұндай түсінік адамдарды күнәкарлыққа итеріп, дінді сыйламауға ұрындырады деп қорыққан. Егер сіз күнәңіз үшін өлген соң жазаланғаныңызбен, қайта туып, күнәдан арылу мүмкіндігін сансыз көп рет алатыныңызды білсеңіз, онда «үлгіремін ғой, қазір мүмкіндікті пайдаланып, қызық көріп қалайын» деп ойлауыңыз бек мүмкін.

Ал өмір адамға бір-ақ рет берілетінін, өлген соң күнәдан арылуға қайта мүмкіндік жасалмайтынын, күнәңіз үшін мәңгі тозақта өртенетініңізді білсеңіз, аяғыңызды жаман істерден тарта жүруіңіз мүмкін.

Ислам дінінің қасиетті кітабы Құранда «өлі едіңдер тірілтті, содан кейін қайта өлтіреді, соңында қайта тірілесіңдер» деген аят бар. Өлу, тірілу деген сөз мұнда төрт рет қайталанып тұр. Мұның астарында өлген адамның қайта туып, қайта өмір сүретіндігі, яғни рейнкарнация жатқан жоқ па?

Адамдар неге әртүрлі болып жаратылды?

Ислам, христиан діндерінің түсінігіне сай адамдар жан ретінде осы дүниеге бірінші рет келіп отыр. Бірақ соған қарамастан, неге адамдар ала-құла. Біреуге Алла денсаулық, күш-қуат, ақыл-парасат, талант, байлық, көрік – бәрін үйіп-төгіп береді де, екінші біреулерді сұрықсыз, туа бітті мүгедек, ауру, әлжуаз, кедей, ақымақ қылып қояды.

Туа бітті бүкір болған біреуді білемін. Әлгі мектепті де, жоғары оқу орнын да өте жақсы оқыпты. Қызметті де жақсы атқарды. Бірақ орынбасарлықтан аса алмады. Оны бірде бастық етіп қойды, бірақ облыс басшысы әлгіні бекітпеді. Оның бар айыбы – бүкірлігінде болыпты. Оның орнына ақыл-парасаты, білімі, тәжірибесі келіспесе де көрікті, сымбатты бір адам тағайындалды. Бұған туа бітті бүкір болған әлгі кісі қайғырмады дейсің бе?

Діни түсінікке сай біз бұрын еш күнә жасамасақ, бірінші рет дүниеге келіп отырсақ, онда неге осындай ала-құлалық болады? Әділдік қайда? Бұдан Алла әділ емес екен деген түсінік шығатыны анық. Ал реинкарнация түсінігі берік орныққан индуизм мен буддизм діндерін ұстанушылар үшін мұның себебі ап-анық. Олар бұл үшін Алланы емес, өздерін кіналайды. Өйткені, мүгедек болып туса, басқа да кемшіліктері болса, ол өткен өмірінде жасаған жаман әрекеттерінің жемісі деп біледі.

Құранда жазылған Алланың бір сипаты, яғни есімі – АР РАХИМ немесе РАҚЫМДЫ деген мағнаны білдіреді. Ал Алла рахымды болса, онда адамдарға неге бір-ақ рет мүмкіндік береді? Және бұрын күнә жасамаған пенделерді неге алалап, біреуге бәрін үйіп-төгіп беріп, енді біреулердің несібесін тарылтып қояды? Сонда Алланың рахымдылығы, әділдігі қайда?

Бұндай сауалды пайамбар заманындағы көшіп-қонып жүрген сауатсыз бәдәуилер қоймас, дегенмен бүгінгі көзі ашық, көкірегі ояу білімдар адамдар ондай сұрақты міндетті түрде қояды. Ал оның жауабын рейнкарнацияны алып тастаған жағдайда ешқандай молда, имам, мүфти бере алмайды. Бұл – АҚИАҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика