53 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Адамдардың 99 пайызы «мен не үшін өмір сүріп жатырмын, өмірімнің мәні неде, менің міндетім қандай?» деген сауалдарды ойлап бас ауыртпай, өмір ағымымен ойсыз ағып, тірлік кешеді. Қасиетті Құранда айтылғандай, шындығында Алла өмірді жәй ермек, ойыншық үшін жаратпаған. Сонда өмірдің мәні неде?

Жаратушы адамдарды не үшін жаратты?

Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» деген аят бар. Бұның өзі адам атты екі аяқты саналы пенденің жалғыз мақсаты мен міндеті – АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ екендігін көрсетеді. Яғни, адам өмірінің ең басты мәні – Жаратқанға құлшылық ету, яғни қызмет ету десек, ақиқат осы болады.

Дегенмен де, саналы адам қасиетті кітаптарда аққа қара жаққандай етіп айтылған, пайғамбарлар арқылы жеткен осындай ақиқатты ұқпайды немесе ұққылары келмейді. Өмірімнің мәні Құдайға құлшылық ету, бұл менің басты міндетім деп санайтын адам ілуде біреу ғана. Тіпті, бас уақыт намазын қаза жібермей, таза мұсылманмын деп жүргендердің өзі бұны жұрттан қалмау үшін немесе осы өмірде Аллдан игілік сұрап, өлген соң жұмаққа еніп рахатқа бату үшін жасап жатады.

Осылайша адамдардың 99 пайызы өздерінің ең басты міндеті – Аллаға құлшылық ету екендігін ұқпаса, сонда не істеу керек? Мәселен, кісі өлтіргені үшін жазаға тартылатынын білмеген адам, яғни заңды білмейтін жан жасаған қылмысы үшін жауапкершіліктен босатылмайды ғой. Осы орайда, өмірлерінің басты мәні, ең басты міндеті мен парызы, тіпті борышы – Жаратқанға құлшылық ету екенінін білмейтін пенделер осы білімсіздігі үшін өлген соң болатын қиямет сотында жауапкершіліктен босатылмайды. Олар өмірде жасаған күнәлі жаман әрекеттері үшін 100 пайыз жауап беретін болады.

Бірақ та, Алланың кеңшілігі сонда – өмірлерінің мәнін ұқпаған, қасиетті кітапты оқымайтын пенделерді Өзіне құлшылық еткізудің басқа да амал-тәсілдерін Жаратқан пайдаланады. Ол қандай амал-тәсіл? Енді соған кеңірек тоқтала кетейік.

Биікке және құрдымға бастайтын екі соқпақ

Марксизм классигі Маркстің «өмір дегеніміз – қозғалыс» деген сөзінің ақиқаттығын қазіргі ғылым толық дәлелдеп отыр. Өмірге келген пенде ешқашан әрекетсіз отыра алмайды. Ол оймен, сөзбен немесе нақты әрекет арқылы әрекет етеді. Ал ол әрекет адамды не рухани жағынан биіктерге бастайды, не болмаса құрдымға құлатады. Тоқтап қалу, бір орнында қозғалыссыз тұру деген болмайды.

Телеграмм, Интаграм, Вконтакте сияқты әлеуметтік желілерге және сайттарға чат-бот жасап беремін. Чат-бот сіздің бизнесіңізді автоматтандырып, клиенттер тартуға, олардың мәлемттерін жинауға көмектеседі. 87013001474 телефоны арқылы (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Алланың еркімен адамның өмірі рухани жағынан ілгері жылжып, Жаратқанға беріліп құлшылық ету деңгейіне жетуге бағыттауға негізделген. Мәселен, жас бала отбасында тірлік кешеді. Ол ата-анасын, бауырларын жақсы көріп, соларға қызмет етуге ынталы болады. Кейін өсіп, ержеткен соң өзі отбасы құрады. Енді дүниеге келген балалары мен жарына қызмет етіп, соларға байланады. Оған қоса, туыс-бауырлары, таныс-достары, көршілері, ауылдастары, отандастары сияқты түрлі жағынан жақын адамдар бар. Олардың бәрін белгілі дәрежеде жақсы көріп, қолынан келгенше қызмет етуге тиіссің.

Міне, осылардың бәрі адамды жанама түрле Аллаға құлшылық етуге бағыттайды. Өйткені, Алла әр адамның жүрегінде. Адамды жақсы көре отырып, оның жүрегіндегі Алланы жақсы көресің, адамға қызмет ете отырып, жанама түрде Жаратқанға қызмет етесің. Ешкімге қызмет етпейтін, абсалютті тәуелсіз бір де бір пенде жоқ. Оңтүстік Американың бір мемлекетінің президенті жұмыстан үйіне келген соң немересін мойнына мінгізіп алып, ат болып шабады екен. Бір мемлекетті алақанында ұстаған президент кішкентай сәбидің аты болып, оған қызмет етеді. Сол сияқты тіпті, үлкен қарақшылық ұйымдардың басшысы, қандықол қанышерлер де балалары мен туыстарына байланып, солар үшін жанын қиюға әзір болып жатады. Бұның бәрінің астарында адамды жанама түрде Аллаға қызмет еткізетін құдырет жатыр.

Егер пенде өзінің жар ретіндегі, ата-ана, туыс-бауыр, дос, отандас түріндегі міндеттерін адал орындайтын болса, жүрегінде ақырындап Аллаға деген сенім оянып, келе-келе тек жақындарына ғана емес, барша адамзатқа, одан кейін барша әлемге, сол арқылы Аллаға құлшылық ететін дәрежеге жетеді.

Дегенмен де, адамдардың көбі Алланың алдындағы міндетін орындамайтыны сияқты, пендешілік міндеттерін де орындамай жатады. Әйелінің немесе күйеуінің көзіне шөп салып, зина жасайтындар, өзегін жарып шыққан балаларын тастап кететіндер, туыстары мен бауырларына қатыгездік жасайтындар, қарақан басын ойлап, көршілеріне, ауылдастарына, отандастарына залалын тигізетіндер көп. Олардың бәрі осындай әрекеттері арқылы рухани жағынан жоғары дамымай, құрдымға құлайды.

Рухани дамымаған адамның белгісі сол: ондай адамдардың жүрегі қатайып, қатыгез болады, нәпсіқұмар, мансапқор, дүниеқоңыз, атаққұмар, сараң, ашушаң, өркөкірек, өзімшіл болып келеді. Бойында сондай қасиеттер қалыптасқан пенделердің өмірі босқа өтіп жатыр деген сөз. Оларға екі дүниеде де игілік жоқ. Ондай адамдар өмір – мектепте білім, тәлім алудың орнына, уақыттарын текке өткізіп, надандықтың құрдымына құлайды.  

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика