Өзіңді таны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Құдай көкте де, жерде де емес, әрбір пенденің жүрегінде. Адам өз жүрегін тазарта алса, толымды білім алып қана қоймай, Құдайды да көріп, Онымен етене байланыс орната алады. Сондай-ақ, біздің жүрегімізде біздің шынайы «Меніміз» — мәңгілік жан бар. Біз жүрегімізді  фәни қоқыстан тазартқан кезде жан-рух күн сияқты жарқырай шығып, санамыз нұрланады және сол сәт жан-рухтың 3 түрлі қасиеті ашылады, олар: санскрит тілінде САТ, ЧИТ және АНАНДА деп аталады. Сат – мәңгілік, чит – толымды білім, ананда – жан рахаты, яғни мәңгілік қуаныш пен бақыт. Адам өзінің жан екенін түйсінген кезінде жанның осы үш қасиеті ашылып, пенде үлкен әріппен жазылған нағыз толымды АДАМҒА айналады.

Адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан ежелгі Грекияда Афины мінәжатханасына кіре берісте «ӨЗІҢДІ ТАНЫ» деген жазу бар екен. Даналықтың ең биік шыңы – адамның ӨЗІН ТАНУЫ. Өзін тану деген – бұл жоғарыда айтылған адамның жүрегіндегі ПАРАМАТМА  кейпіндегі Құдайды, толымды ілімді, атма түріндегі жан-рухты тану. Өзін таныған адам – БАРША ӘЛЕМДІ ТАНЫП БІЛЕДІ. Өйткені, адам әлемнің кішкентай бөлшегі. Мысалы, теңіз суының құрамын анықтау үшін теңіз суын қотарып, түгел зерттеудің қажеті жоқ, бар болғаны бір тамшы суды алып лабороторияда зерттесе, теңіз суының құрамын соған қарап толық анықтауға болады. Сол сияқты, мына әлемнің кішкентай көшірмесі іспетті адам өзін танып, білген кезде, барша әлемді танып білетін болады.

Бһагавад Гитада Тәңірі Кришна барша тіршілік Өзінің мәңгі ажырамас бөлшегі екендігін және сапалық жағынан Өзімен тең екенін айтады. Інжілде Құдай адамдарды Өзіне ұқсатып жаратты деген аят бар. Яғни, теңіздің тамшысы сияқты, адамдар да Жаратқанның мәңгілік ажырамас бөлшектері және сапалық жағынан Құдаймен парапар, бірақ сандық өлшем жағынан Оның мәңгі бөлшегі болып қалады.

Сен кез-келген адамнан «сен кімсің?» деп сұрасаң аты-жөнін, тегін, ұлты мен дінін айтып, тізбелей бастайды. Бірақ, бұның бәрі «жалған эго» деп аталатын адамның киімі іспетті сыртқы елес қуаттың көріністері. Адамның шынайы «Мені» санскрит тілінде СВАРУПА деп аталады. Ол мәңгілік жойылмайтын және өзгермейтін адамның табиғи кейпі – болмысы. Біздер миллиардтаған, триллиондаған жылдар бұрын рухани әлемде Құдаймен белгілі бір қатынаста өмір кештік. Бірақ, санамыз түрлі себептермен ластанып, соның салдарынан фәни әлемге құладық та, фәни қуаттың ықпалына түстік. Қазір біз өзімізді сыртқы киімімізге қарап «мен пәленшемін, мен түгеншемін» деп алдамшы елестің ықпалында жүрміз. Ал егер рухани практикамен айналысып, жүрегімізді фәни қоқыстан тазарта алсақ, сол кезде біздің мәңгілік табиғи болмысымыз – СВАРУПАМЫЗ ашылады. Міне, дәл сол кезде біз фәни қуаттың ықпалынан шығып, мәңгілік табиғи болмысымызға қайта еніп, туған үйге — Рухани әлемге ораламыз және сонда мәңгілік жан рахатына кенеліп, мәңгі өмір сүретін боламыз.

Міне, біздің табиғатымыз осындай. Яғни, біз еркек те, әйел де, адам да, мұсылман да емеспіз – біз мәңгілік жанбыз және біздің ежелден қалыптасқан мәңгілік табиғи болмысымыз – сварупамыз бар. Ол табиғи болмыс жоғалмайды – жүрегімізде сақтаулы. Тек жүректі қоқыстан тазартсақ, бәрі ашылады. Ал қазір біз фәни қуаттың ықпалына түсіп, өзімізді жартыкеш еркек, не әйел деп санаймыз, ауыратын, қартаятын өлетін адаммын деп ойлаймыз және қайғы мен қасыретке толы мына фәнидің аз ғана алданыш – игіліктеріне қызығып, Жаратқанды естен шығарамыз, сөйтіп, туу мен өлімнің тұйық шеңберінде шыр айналумен өмірімізді өткіземіз. Біз осы жалғанда қанша жыл өмір кештік? Бәлкім милион, милиард, тіпті трилиондаған жылдар бойы түрлі тәнге ие болып, азап пен тауқыметтен көз ашпай келе жатқан шығармыз. Бұның ең басты себебі – білімнің жоқтығынан, яғни надандықтан. Рухани білім болған кезде, санамыз нұрланып, біз өзіміздің мәңгілік табиғи болмысымызды танитын боламыз. Өмірдегі ЕҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК – осы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика