Өзін өзі тану

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеБүгінде онжылдық білім беретін мектептерде «Өзіндік тану» деген пән бар. Десек те, бұл пән балаларға өзінің кім екендігін танып білуге толыққанды көмектесе қоймайды. Ол пән ары кеткенде, адамгершілік, табиғатпен ырғақтылықта болу деген сияқты бірлі-жарым тақырыптарды ғана қамтумен шектеледі. Шын мәнінде адам үшін ең маңызды мәселе – «мен кіммін?» деген сауалға толымды жауап табу.

Мен кіммін?

Өкініштісі сол, адамдардың көбі «мен кіммін?» деген сауалды өзіне қойып, соның жауабын табуға ешқашанда талпынбайды. Ондайлар хайуан секілді ішіп-жеу, ұйықтау, шағылысу сияқты табиғи қажеттіліктермен шектеліп, бар өмірін соған арнайды. Сондықтан, ондай адамдардың бар тірлігі табиғи заңдылықтардың тар шеңберінде өтеді.

Ал мәңгіліке, дынышпандықтың асқар шыңына бастайтын жолдың алғашқы қадамы «мен кіммін?» деген сауалға жауап іздеуден басталса керек. Өйткені, дәл осы сауалдың жауабын табу арқылы адам өзін, соған қоса барша әлемді танитын болады. Өйткені, әлем деген шексіз үлкен субьект болса, адам соның өте кішкентай көшірмесі. Мұны ғылым тілімен макроәлем, микроәлем деп атайды. Сондықтан әлемді тану үшін адам өзін өзі таныса жеткілікті.

«Мен кіммін?» деген сауалдың жауабы материалдист ғалымдар үшін өте қарабайыр: «мен ет пен сүйектен, қан мен шырыштан, зәр мен нәжістен, тері мен сіңірден тұратын материалдық затпын». Міне, материалист үшін адамның сыйқы осындай. Ал дәстүрлі діндерде адам мәңгі жан немесе рух деп түсіндіріледі. Материалистік ғылымнан айырмашылығы – мұнда жан көзге көрініп тұрған дөрекі материалдық элементтер жиынтығы түрінде емес, көзге көрінбейтін, бірақ сезім арқылы сезіне алатын нәзік қуат кейпінде алынады. Осыған орай, адам қай түсінікті қабылдаса, соған байланысты өмір жолы айқындалмақ.

Материалстік ұстанымды таңдайтындар әдетте өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сондықтан барынша қызық көріп қалу керек дегенді саналарына сіңіреді. Ондайлар сезімін қанағаттандыру үшін ештеңеден тайынбайды. Ал діни түсінікті ұстанушылар жанның мәңгілік табиғатына сүйеніп, өткінші тән үшін емес, мәңгілік жан үшін еңбектенеді. Ондайлар әдетте қасиетті кітаптарда күнә саналған жамандықтан бас тартып, жақсылық жасауға тырысады.

Жанның табиғаты

Жан туралы Құранда жалғыз ғана аят бар: «О, Мұхаммед (ғ.с). Сеннен адамдар жан (рух) туралы сұрайды. Бұл Алланың әмірінен. Ол туралы толымсыз ілім берілді де». Жан туралы керісінші Бһагавад Гитада өте көп және жан-жақты түсінік берілген.

Жанның мекені – жүрек. Оның көлемі шаштың ұшының 10 мыңнан бір бөлігіндей, яғни микроскоппен де көре алмайтындай өте кішкентай. Солай бола тұра ол тәнді түгел қозғалысқа келтіріп, оған қуат береді. Жан шыққанда адам тәні өледі.

Жанның табиғаты мынадай: онда үш сыйпат бар. Ол: мәңгілік (сат), білімге толы (чит) және жан рахатына кенелген (ананда). Түсінікті тілмен айтқанда: жан мәңгілік және білімге толы, яғни оған оқудың еш қажеті жоқ, сондай-ақ, жан рахатына, яғни  мәңгі таусылмас қуанышқа кенелген. Яғни, жан бар уақытта БАҚЫТТЫ.

Жанның ең басты табиғи ахуалы – ол ҰЛЫ БҮТІННІҢ, яғни Жаратқанның мәңгі ажырамас бөлшегі. Жаратқанды теңіз десек, жан сол теңіздің тамшысы іспетті. Тамшы теңізден бөлінгенде құрғап кеуіп, жоғалады. Сол сияқты жан Ұлы Жаннан бөлініп, өзін жеке тұлға сезінгенде материалистік дүниенің ықпалына түсіп, туу мен өлімнің тұйық шеңберінде шыр айналуымен болады. Енді ол өзінің мәңгілік  және таусылмас  білімге ие екендігін, ешқашан қайғы-қасыретті білмейтін БАҚЫТТЫЛЫҒЫН ұмытады. Фәни дүниенің ықпалына түскен жан қайғы-қасырет тұңғиығына құлайды.

Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» дейді Алла. Яғни, жанның жаратылыстағы ең негізгі табиғаты – ол Аллаға мәңгі құлшылық ету. Бұны былайша түсінідіруге болады: мәселен, қолымның саусағы менің мәңгі ажырамас бөлшегім. Егер оны кесіп тастаса, саусақ деп аталып қалады, бірақ бүтіннен ажыраған соң-ақ кеуіп семіп қалады. Оны саусақ деп санағанмен, шындығында онда өмір жоқ, соған орай оның құны да жоғалды. Саусақ менің қолыммен бірге болғанда ғана мен үшін қымбат және қажет болады. Сол сияқты Алланың мәңгі бөлшегі екендігін сезініп, Оған қызмет етуді өмірінің мәні деп түсінген пенде өзінің табиғатына сай өмір сүреді, яғни екі дүниеде де БАҚЫТҚА КЕНЕЛЕДІ. Ал керісінше, өзін тәнмін деп санап, тәнді рахаттандыруды басты мақсат еткен пенде тойымды білмейтін НӘПСІНІҢ ҚҰЛДЫҒЫНА ТҮСЕДІ. Сөйтіп ол күнәға белшесінен батады да, екі дүниенің тауқыметін тартады.

Жан мен тән, оның табиғаты, екі дүниеде игілікке кенелдіретін жол жайында блогымызда алдағы уақытта жан-жақты жазатын боламыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика