Өзіндік даму адамға не береді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзіндік даму1Өзіндік даму (самосовершенствование) соңғы жылдарда сәнге айнала бастаған түрі бар. Ертеректе темекі тарту, арақ ішу «мәдениеттіліктің» белгісі саналып, оқыған, көзі ашық адамдар жасайтын іс ретінде сәнге айналса, енді өзіндік даму дегенге алдыңғы қатарлы адамзаттың саналы өкілдері жете назар аудара бастағаны аңғарылады.

Өзіндік даму деген не?

Қазақта «қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» деген сөз бар. Егер адам өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, дамытуға көңіл бөлмесе, ол дамымайды, кері кетеді. Адам ғана емес, барша тіршілік үшін даму – өмірлік қажеттілік. Даму тоқтаса, өмір де тоқталады. Мәселен, дүниеге жаңа келген нәресте уақыт өте келе өсіп бала, онан жігіт, сосын ересек адам болып дамиды.
Мұндай даму хайуанға да, өсімдіккке де тән. Яғни, тіршілік дегеніміздің өзі ұдайы қозғалыс пен дамып, жетілуге негізделген құбылыс сияқты. Даму тоқталғанда кері кету, яғни тоқырау басталады. Оның соңы тіршілік иесін құрдымға құлатып, бақытсыздыққа ұрындырмақ. Сондықтан әрбір тірі пенде өле өлгенше өзін жетілдіруге көңіл бөлуі тиіс.

Өзіндік даму бізге не береді?

Ең алдымен, мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, байлық, атақ-мансап – өзіндік дамудың бізге беретін игіліктерін осылай тізбелей беруге болады. Яғни, бақытты болып, өмірдің түрлі игіліктерін көргіңіз келсе, өзіндік дамуға көңіл бөліңіз. Ол – игілікке жеткізетін кілт.
Бұған көз жеткізу үшін мына жайларға ой жеберсек жеткілікті. Мәселен, егер сіз денсаулығым мықты болсын десеңіз, онда салауаттылықты ұстанып, дене жаттығуын жасаңыз, мұздай суға шомылыңыз, таза ауада көбірек болыңыз, ұйықтау мен тамақтану тәртібін сақтаңыз. Сонда денсаулығыңыз жақсарады. Бұл – ақиқат.
Ал егер бай-бақуатты болғыңыз келсе, онда тапқан ақшаңызды үнемдеп, ақшадан ақша жасаумен, яғни инвестициямен айналысыңыз. Мол ақша табуға мүмкіндік беретін бизнесті қолға алыңыз. Мансаптың биігіне көтерілемін десеңіз, саясатпен айналысыңыз. Жұртты үйіріп алатын шешендікті меңгеріңіз. Атақ-даңқыңызды шығарғыңыз келсе, өнер, мәдениетпен немесе әдебиетпен, ғылыммен айналысыңыз, сол салада биік табысқа жетіңіз.

Өзіндік даму қай бағытта жүруі керек?

Өкінішке орай, бүгінде мектептерде оқытыла бастаған өзіндік даму пәндерінде адамды жан-жақты дамытуға жеткілікті назар аударылмаған. Мұндай пән негізінен тәнімізге қатысты нәрселермен ғана шектелген. Шындығында толыққанды табысқа жету үшін төрт бағытта дамуға жете көңіл бөлу шарт.
Бірінші бағыт – физикалық жағынан даму, яғни тәніңізді дамыту. Ол үшін салауаттылықты ұстанып, дене жаттығуымен айналысу, денсаулықты күту керек.
Екінші бағыт – эмоциалық жағынан даму. Адам бақытты болуы үшін көңіл күйі дұрыс болуы тиіс. Ал көңіл күйіңіз дұрыс болуы үшін жұмысыңызға, алатын жалақыңызға, отбасы жайына, қоғамдағы орныңызға көңіліңіз толуы қажет.
Үшінші бағыт – интеллектуалдық жағынан даму. Адам ойына алған мақсатына жетіп, бақытты болуы үшін білім керек. Ол бүгінгідей университетті ақшамен оқып алған диплом емес, өмірде жетістіктерге жетуіңізге көмегін тигізетін нақты тәжірибеде қолданылатын білім.
Төртінші бағыт – рухани даму. Адам тән ғана емес, рух, яғни мәңгілік жан. Жанның қажеттілігін өтемей, бақытты болу мүмкін емес. Ал рухани қажеттілік деген тек мәдениет, әдебиет, музыка сияқты игіліктермен шектелмейді. Ең бастысы, имандылықты бойға сіңіру арқылы келеді. Ал ол дін жолымен жүруді қажет етеді.
Осы төрт бағытты ырғақты түрде қолға алып, алға бассаңыз, сонда ғана сіз толыққанды бақытқа жете аласыз. Егер тек бір, не екі бағытты ғана ұстансаңыз, жартыкеш күйде қаласыз. Сондықтан екі дүниенің де игілігіне кенелдіретін шын бақытқа қол жеткізгіңіз келсе, осы төрт бағытты кешенді түрде қолға алып, өзіндік дамуға бағыт ұстаныңыз.
Алдағы уақытта блогымызда өзіндік даму туралы нақтылы және жан-жақты баяндайтын мақалалар сериясын беру ойымызда бар. Сондықтан, блогтың жаңалықтарын жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика