91 тобына қазақтар неге қарсы?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

001Шаштарын бояп, құлақтарына сырға таққан, әйелдерше әлем-жәлем киінген 91 деп аталатын әншілер тобының концертін қойғызуға алдымен Шымкент, содан кейін Ақтөбе қаласының қазақтары қарсы шықты. Бұның өзі осыған орай, әлеуметтік желілерде тәп-тәуір дау туғызып, әйелше киінген жігіттерді жақтағандар да, даттағандар да болды.

Азғындық жайлаған әлем

Біз үлгі тұтып жүрген Батыс елдерінің бәрінде дерлік бір жыныс өкілдерінің некелесуіне рұқсат етілген заң қабылданған. Франция, Германия сияқты елдерде геи дегендер әлдеқашан азшылық болудан қалған. Мәселен, Парижде тұратын еркектердің 25 пайызы немесе әрбір төртінші ер адам гомосексуал екен. Париждің мэрі өзінің жаңа нақсүйерін алып балға барғаны белгілі телеарналардан көрсетілген. Барша халыққа мақтаныш етіп жаңа ашынасы жас жігітті көрсеткен қала басшысының мына қылығына қарап, бұл елде азғындықтың шектен шыққанын аңғару қиын емес.

Еркек пен еркектің жақындасуы жақында ғана болған жаман құбылыс емес. Мұндай азғындықтар ерте заманда да болған. Құранда Лұт пайғамбардың ардан безген нәсілі туралы, олардың Алланың қаһарына ұшырап опат болғандығы жайында аяттар бар. Ежелгі Римде ақсүйектердің көбі нақсүйер ретінде жас бозбалаларды ұстаған. Мұндай сорақылықтар мұсылман елдерінде де кездескен. «Бәтша бала» атаған жас баланы құмарын қандыру үшін байлардың ұстайтыны туралы әңгімелер сақталған. Мұндай балалар өскенде әйел сияқтанып, сақал-мұрты шықпай нәзік, әлжуаз болып қалады екен. Қазақтың «бәтшағар» деген сөзі де сондай «бәтша балаларға» арнап айтылған сияқты.

Азғындық киімнен басталады

2Алла еркек қылып жаратса да, өздерін әйел сияқты сезінетін пенделер онысын жасырып, жұрттан қымсынудың орнына жарияға жар салып, мені көріңдер дейтін әдет қазір әлемнің көп елдерінде байқалуда. Геилер шеруі деп аталатын азғындардың жұрт алдына шығып, өздерінің құқығын қорғауды желеу етіп әлем-жәлем киініп, бірін-бірі құшақтап, сүйісіп «бізді көріңдер» деп жарияға жар салатын оқиғалары көбейді.

Ал енді сондайларға қарасаң, бәрі ең алдымен киімнен басталатынын аңғаруға болады. Өзін әйел сияқты сезінетін еркектер міндетті түрде әйелше киініп, шаштарын бояп, ұзын шаш қойып, сырға тағып, т.б. тәсілдермен жұрт назарын аударуға тырысып бағады. Еңгезердей еркектің тылтиған миниюбка киіп, құлағына сырға таққанын көз алдыңызға келтіріп көріңізші. Немесе шашын, қасын бояп, тырнағын өсіріп, кеудесіне төсқалта тағып алып, тылтыңдап шыққан жігіттің бейнесі есі дұрыс адамның жиіркенішін туғызатыны анық.

Бүгінде жаппай белең алған бұндай азғындыққа Батыс елдерінің, олардың халқының әбден еттері өліп, көздері үйреніп кеткен секілді. Бұл елдерде соңғы жылдарда гомосексуализм дегеннің белең алып кеткені соншалық, олардың үйленіп, отбасы құруына, бала асырап алуына, тіпті некелерін шіркеуге барып қиғызуына рұқсат беретін арнайы заңдар қабылданған.

91 тобы неге қауіпті?

Аталмыш топ Көкшетауға келеді екен деген сөз шығып, соған менің бір танысым саясатпен айналысатын, намаз оқитын журналист жігіт өзінің фейсбуктегі парақшасына қарсы пікір жазды. Содан оны қолдап мен де пікір жазып едім бірнеше қыз-келіншек  шаптығып қарсы шығып, жерден алып, жерге салды. Олардың айтуынша,  91 деген топ нағыз патриоттар, талантты жігіттер көрінеді.

Өз басым бұл топтың әнін ешқашан тыңдаған емеспін, қалай ән салады, өнер деңгейі қандай дәрежеде – ол туралы ештеңе білмеймін. Сондықтан, олардың әні туралы ештеңе айта алмаймын. Бірақ, мені және осы топтың концертіне қарсы шығып жатқан қазақ азаматтарын ызаландыратын нәрсе – ол еркек болып туылған жігіттердің сырға тағып, шаштарын бояп, әйелдерше тылтиып кіингендері.

Бүгінде азғындықтың құрдымына құлаған Батыс елдерінде бәрі осындай ер адамдардың әйелдерше киінуінен басталған. Оның ақыры мұндайлардың қатарын көбейтіп, бұны жастар арасында «модаға» айналдырды. Содан еліктегіш жастар геи деген тамаша нәрсе екен деп, жаппай соған жүз бұрған. Сөйтіп, олар ашықтан ашық әлем-жәлем киімдерімен көшеге шығып, ұранға басты. Оның ақыры мемлекеттің гейлерді қолдайтын заңдар қабылдауына мәжбүрледі.

Міне, сол Батыстық сценарий бізде де көрініс беруде. Алдымен, әйелше киінген еркектер жұрттың көзін үйретеді. Содан кейін ашықтан ашық көшеге шығып, тапталған құқықтарын қалпына келтіруді, еркек пен еркектің үйленуін, отбасы құруын заңдастыруды сұрап, шерулетеді. Ақырсында жоғарыда отырған және шет елдік қалталы қолдаушыларының күшімен сондай заңдарды қабылдаттырады. Міне, сөйтіп, біраз жылдан кейін бір жынысты отбасылар біздің елімізде де көбейіп, азғындық белең алмақ.

Бүгінде 91 тобын жақтап, шыр-пыры шығып жүргендер Батыстың сайтани саясатының қолшоқпары болып жүргендігін сезбейді. Мынау жай айқын: егер бұл жігіттер шын мәнінде талант және патриот болса, онда неге есі дұрыс адамдар сияқты «нормальный» киім кимейді? Мәселе киімде емес қой. Жұрт олардың тылтиған шалбарлары мен боялған шаштарына, сырғаларына қарау үшін емес, әндерін тыңдау үшін бармай ма? Ендеше үстеріне жібі түзу киім неге кимейді?

Әлем жылдан жылға азғындықтың құрдымына құлап барады. Өздерінің ұлттық дәстүрі мен дінін сақтаған елдер ғана азғындықтан халқын сақтап отыр. Сондықтан, мұндай азғындық жастарымыздың санасын уламасын десек, ұлттық дәстүріміз бен дінімізге берік болайық, ағайын.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика