Ақыл-ойды бақылау және басқару
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Бірі келіп, бірі кетіп жататын ойдың ағысын өзен суының ағысына ұқсатуға болады. Сіз өміріңізде өзіңіздің ақыл-ойыңызға назар аударып көрдіңіз бе? Мұндай әрекетті тек медитациямен айналысатын адам ғана жасайды.
Қарапайым пенделердің бәрі сыртқы ортаның әсерінен туындайтын ақыл-ой ағысымен ағып, үнемі соның жетегінде жүреді. Автобуста отырған немесе көшеде кетіп бара жатқан адамдардың қатты ойға берілгені сонша, айналасындағыларға назар аудармайтынын үнемі көріп жүреміз. Яғни, ондай жандар бұл сәтте тынымсыз ақыл-ой ағынының ықпалында болады.
Көңіл күйді бақылау.
Біздің көңіл күйімізге үнемі сыртқы ортадағы жайлардың әсер ететіні шындық. Әлдекімдермен ара қатынасымыз, басшылардың қас-қабағы, тіпті ауа райы жағдайы да көңіл күйімізге әсерін тигізіп жатады. Содан болар, адамдар көңілді көтеру үшін арақ-шарап ішу немесе жақын адамдармен дастархан басында әңгіме-дүкен құру сияқты шаралар қажет деп санайды.