Ақыл – программа

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бһагавад Гита кітабында Жаратқанның қуаты болып табылатын ақыл, оның табиғаты туралы жан-жақты айтылған. Өлі тәннен сезім, одан ақыл, ақылдан зерде жоғары, ал жан (рух) бәрінен жоғары, дейді Бһагавад Гита. Ақыл туралы буддизм дінінде де көп айтылып, оған ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ ислам, христиан және иудейзм діндерінде ақыл жайында ештеңе айтылмайды. Ал қазіргі материалистік ғылым да адам өміріне үлкен ықпал ететін қуат – ақыл туралы ештеңе білмейді, бұл бағытта ешқандай зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.

Ақыл дегеніміз не? Қарапайым халық арасындағы түсінікке назар аударсақ, ақыл – адамның айнала табиғатты, өмір сүрген ортаны, өз әрекетінің себебі мен нәтижесін, т.б. жайларды таразылап, адамға дұрыс бағыт-бағдарды анықтауға көмектесетін құбылыс ретінде айтылады. Шындығында, ақыл – бұл программа. Иә, кәдімгі компьютердің программасы сияқты. Бһагавад Гита мен Шримад Бһагаватам кітаптарында ақылдың қызметі мен адам өміріндегі орнына, табиғатына жан-жақты талдау жасалып, баяндалған.

Компьютерлік программаның міндеті компьютердің жұмысын қамтамасыз ету болса, ақыл адамның әрекетін қамтамасыз етеді. Ақыл адамды түрлі әрекетке құлшындырып, сондай әрекет жасауға ынталандырады. Бір сөзбен айтқанда, ақыл адам ғана емес, барша тіршілік иелерінің негізгі қозғаушы күші. Ақыл – бұл Жаратқанның қуаты, материалдық қуат.

Буддизм дінінде «өмірді қаз-қалпында көру» деген түсінік бар. Бұл дінде рухани даму жолына түскендердің қол жететін биік мақсаттарының бірі – өмірді қаз-қалпында еш өзгеріссіз көруге жету. Бұл не үшін қажет?

Сіз үнемі түрлі түсті көзілдірік киіп жүретін болсаңыз, ешқашан айналаңызды қаз-қалпында шынайы бетбейнесін көре алмайсыз және соған орай қоршаған орта туралы көзқарасыңыз да жаңсақ болады. Ал көзілдірікті шешіп тастасаңыз, қоршаған ортаның шынайы бейнесін көріп, ол жайында толыққанды түсінік аласыз.

Жаратқанның қуаты болып табылатын ақыл да көзілдірік сияқты адамды қоршаған ортаны үнемі бұрмаланған бейнеде көруге мәжбүрлейді. Бұл не үшін қажет? Бұл адамдарды, адамды ғана емес, барша тіршілік иелерін мына фәни дүниеге құлшындырып, тіршілікті тартымды және тәтті етіп көрсету, түрлі әрекеттер жасауға ынталандыру үшін қажет. Мына жай анық: егер сіз өмірді қаз-қалпында бұрмалаусыз көретін болсаңыз, онда фәни жалған сіз үшін тартымды, қызықты болудан мүлдем қалар еді.

Бірінші сыныпты бітірген жылы жазғы каникул кезінде ауыл шетіндегі каналдың суына шомылып жатқанымызда бір бала «зимагор (үй-күйі жоқ жалданып жұмыс істейтіндер) орыстар жаман нәрсе жасап жатыр анау арада» деді. Бала емеспіз бе, қызық көріп, әріректе каналдың жайпақтау жерінде суға шомылып жатқан екі орыстың еркегі мен әйеліне бұтаны тасаланып қарадық. Бір орыс әйел аяқтары жалтырап шалқасынан жатыр, оның үстіндегі еркек бөксесі жалтырап изеңдеп бірдеңе жасап жатыр. Ар жағында әйел мен еркек арақ ішіп отыр. Шынын айтқанда, мына көрініс маған сұмдық жиіркенішті және қорқынышты болып көрінді.  8-9-дағы балада нәпсі болмайды ғой, содан болар әлгі екеуінің жасап жатқан әрекеттері қызықтырмағаны өз алдына, өте құбыжық, қорқынышты көрініп, түнде жаман түстер көріп ұйықтай алмадым.

Студент кезімде бір күні кешкілік жатақханаға таныс жігіт қызын ертіп келді. Екі орындық жатақханада тұратынбыз. Қасымдағы жігіт   менің жаныма жатты, сөйтіп әлгі танысыма  төсегімізді босатып бердік. Ол түн ортасында қызы екеуі төсек жақындығына кірісті. Терезеден түскен жарықтан бәрі ап-анық көрініп тұр. Бергі керуетте жатқан екеуміз әлгілерге кино көргендей тамашалап қарап жатырмыз.  Олардың әрекеті өте тартымды, қызық болып көрінді.

Мен кейінірек осы екі оқиғаны ақылға салып, таразылап көрдім. Неге бала кезімде жыныс жақындығына сонша жиіркенішпен құбыжық көргендей қарадым, ал жігіт кезімде оның маған  тартымды көрінген себебі неде? Бұның жауабын діни пәлсапамен біраз айналысқан кезде таптым. Бәріне кінәлі нәпсі екен, ал нәпсі деген бұл ақылдың бұрмаланған кейпі.

Мәселен, компьютерлік программаның түрлі қызметтері болады. Ол бір қызметпен ғана шектелмейді. Сол сияқты ақыл да әртүрлі жағдайларда өз бейнесін өзгертіп, түрлі сыйпатқа өтеді. Нәпсі адамға рахат алу нысанын соншалықты тартымды, қызықты етіп көрсетіп, оны еліктіреді, ынталандырады. Егер нәпсі болмаса, ер адам мен әйелдің жыныс жақындығы ешкімді қызықтыратындай тартымды болмас еді. Сол сияқты ақшаға, мансапқа, байлыққа, атаққа деген құмарлықтың бәрінің астарында ақылдың бұрмаланған бейнесі түріндегі нәпсі жатыр. Нәпсі әлгі аталған сезім нысандарын адамға соншалықты тартымды, әдемі етіп көрсетеді де, содан пенде сол сезім нысанын қолыма түсірсем деп жанталасады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика