Ақыл – табиғи қуат

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ведалық түсінікке сай ақыл – бұл барша тіршілікті құрайтын негізгі 8 материалдық элементтің бірі болып табылады. Веда ілімі бойынша  мына фәни әлемдегі барша тіршілік 8 табиғи элементтен  құралған. Олар:  көзге көрінетін фәни тұрпатты құрайтын 5 дөрекі элемент – жер, ауа, эфир, от және су; оған қоса көзге көрінбейтін 3 нәзік элемент – ақыл, зерде және жалған эго аталатын пракрити қуаты. Барша тіршілік иелерін осы 8 элементтің қоспасы десе болады.

Материалистік ғылымның түсінігі бойынша адам тәні ет пен сүйектен, қан және шырыштан тұратын химиялық элементтердің қоспасы. Ал ақылға материалист ғалымдар сол өлі химиялық элементтердің қоспасының эволюциялық жолмен даму арқылы қол жеткізген жетістігі деген түсінік береді. Қарапайымнан күрделіге қарай дамыған тіршілік иелерінің  ақырындап ми қызметі жетіліп, күрделене түседі де, соған орай ақыл аталған ми қызметінің жемісі туындайды. Ми қызметінің жемісі болып табылатын ақыл адамның табиғаттағы орны мен айналасындағы тіршілікпен байланысын, тіршілік үшін күрестегі қолданатын амал-тәсілдерін табуына ықпал етеді. Адамның қазіргі ғылыми-техникалық үдерістегі жеткен жетістіктерінің бәрін ғылым ұзақ жылғы ми қызметінің жемісі деп қабылдайды.

Материалистік ғылымның осы түсінігіне сай, адам өлгенде оның ақылының тұрағы болып келген ми қызметі тоқтап, ақыл батареясы таусылған лампа сияқты өшіп мәңгілікке жоғалады. Сонымен, адамның тәні де, ақыл-санасы да мәңгіге жойылып, жоқ болады. Өкініштісі сол, ғылымға имандай сенетін миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамдар ақыл туралы дәл осы түсінікті бірден бір дұрыс көзқарас деп санайды.

Ал ведалық ілімнің ұғымына сай, ақыл категориясы жайындағы ұғым мүлдем басқаша. Өз бастау негізін  ведаға сүйенген индуизмнен алатын буддашылар да ақыл туралы ведалық түсінікті қабылдайды. Осы түсінікке сай ақыл деген салыстырмалы түрде айтар болсақ, кәдімгі компьютердің программасы сияқты.

Компьютер бағдарламасының тұрпаты және тұрақты тұрағы жоқ. Ол бағдарламаны қолмен ұстауға, көзбен көруге болмайды, оны біздер тек компьютерді іске қосқан соң ғана монитор экраны арқылы көріп, бақылай аламыз. Сол сияқты ақылдың тұрақты тұрағы, фәни тұрпаты жоқ. Ақыл – программа барша адамдарда болады және біртекті жұмыс істейді. Компьютерде винчестер аталатын құрылғы бар, оны компьютердің миы деп атайды. Міне, сол винчестерде барлық программа мен ақпараттар сақталады. Ақыл – программаның да адам тәніндегі тұрағы – ми. Ми арқылы ақыл жұмыс істеп, адамды түрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейді.

Адамды фәни дүниеге байлап, түрлі әрекеттер жасауға ынталандыру, мәжбүрлеу – ақыл қызметінің бір парасы болса, екінші қызметі —  барша тіршілік иелерінің фәни тәнінің негізін құрайтын 8 элементтің бірі ретінде нәзік тәнді құрау болып табылады.

Адамның  көзге көрініп тұратын фәни тәні 5 дөрекі элементтен құралған, атап айтқанда: жер, ауа, от, су және эфир. Ет пен сүйектен жаратылған адам ғана емес, аң-құс, басқа да жан-жануарлардың сыртқы тәні осындай бес элементтен құралады. Адам немесе басқа жан-жануар өлгенде оның тәні сол өзін құрайтын 5 элементке ыдырап, әр элемент өз құрамына қайта қосылады. Дегенмен, қазіргі ғылыми түсінікке негізделген тұжырымға сай сыртқы тән өлгесін тіршілік мүлдем жоғалмайды. Өлген адам 5 дөрекі элементтен тұратын тәнін тастап кеткен соң, жаны оның ішіндегі көзге көрінбейтін және сыртқы тәннің көшірмесі іспетті 3 элементтен: ақыл, зерде және жалған эгодан тұратын нәзік тәнге, ғылыми тілмен айтқанда астральдық тәнге ауысады. Сана сақталады, яғни адам өзінің кім екендігін, өткен өмірін түгел есінде сақтайды, тіпті өлгенін де біледі.

Астральдық тәннің барлығына дәлел болатын жайлар өмірде өте көп кездеседі. Тіпті, қазіргі күні астральдық тәнге қалай ауысуға болатынын білетін және оны тәжірибе жүзінде қолданатын адамдар әр жерден көптеп шығуда. Осыған орай, бұл қазір құпия болудан қалды.

Астральдық тән 7 қабаттан тұрады және адамның жасаған іс-әрекеттері сол қабаттарға ақпарат түрінде жазылып, сақталады. Қасиетті Құранда қиямет қайымда тозаққа түскен пенденің азабын көбейту үшін бір терісі жанып біткенде, астынан екінші тері шығатыны туралы аят бар. Тамұқта жанып, адамды азапқа салатын нәзік тән қабатында жазылып, сақталған күнә жайындағы ақпараттар. Ол ақпараттар жанып біткен кезде, оның ішіндегі екінші қабатқа ауысады. Сөйтіп, 7 қабаттағы адамның тірлігінде жасаған жаман әрекеттері туралы ақпараттар, яғни күнәлары түгел жанып біткен кезде, оның ішінде санскрит тілінде атма деп аталатын жан қалады. Жан, яғни рухтың формасы болмағандықтан, ол рухани әлемге ене алмайды, сондықтан форма алу үшін мына фәни жалғанға қайта түсуге мәжбүр болады. Ол өткен өмірінде жасаған әрекеттеріне сай қайта программаланып, 7 қабаттан тұратын, 3 элементтен құралған нәзік тән алады. Нәзік тән өсімдік арқылы ер адамның шәхуатына түсіп, одан әйелдің жатырына еніп, сәби түрінде қайтадан дүниеге келеді. Бұл тұйық шеңбердегі айналым осылай жалғаса береді.   

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика