Адам қалай пайда болды?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Жасыратыны жоқ, өзіміз екі аяқты адам атты тіршілік иесі болсақ та, көбіміз ешқашан «адам қалай жаратылды?» деген сауал туралы ойламай тірлік кешеміз. Бала кезімізде мектепте биология пәнінен оқыған «адам эволюциялық үрдістер арқылы маймылдан пайда болды» деген ақылға онша қона қоймайтын жайлармен осы сауалға жауап тапқандай сезінетініміз бар. Ал дінге бет бұрғандар «адамды Алла саз балшықтан жасады» деген аятты санасына сіңіріп, бұл сауалға толық жауап табылғандай сезінеді.

Адамның жаратылысы туралы

Бұл мәселе туралы материалистік ғалымдардың түсінігі бәрімізге жақсы белгілі. Тіршілік өздігінен кездейсоқ пайда болып, эволюциялық даму жолымен қарапайымнан күрделіге қарай жылжыды. Адамның арғы тегі адамға ұқсас маймылдар, дейді ғылым. Ертеректе бұл теорияға бәріміз күмәнсіз сенсек, кейін келе ғылым дамып, микробиология, генинженериясы сияқты жаңа салалардың шығуымен алдымыздан көптеген жауабы жоқ күмәнді сауалдар пайда болды. Ондай сауалдарға қазіргі ғылым жауап бере алмай отыр.

Ал дәстүрлі діндер, оның ішінде иудейзм, ислам және христиан діндерінің түсінігі бойынша адамды Алла топырақтан, нақтырақ айтқанда саз балшықтан жасап, оған өзінің рухын үрлеп енгізген. Адам материалдық тән мен рухтан тұрады. Дегенмен де, бұл түсінік қазіргі ғылыми ұғымдарды санасына сіңірген ұрпақ үшін өте қарабайыр және ертегіге көбірек ұқсайтындай болып көрінеді. Барша әлемнің жаратушысы Алланың саз балшықты илеп, одан адамның формасын жасап, оған Өзінің рухын үрлеп енгізіп жатқан әрекеттерін көз алдыңызға келтірсеңіз, біртүрлі ерсі көрінері анық. Құранда қалаған нәрсесі «бол» десе бола салатын құдыретті Алланың батпаққа былғанып, адамның мүсінін қолымен жасап жатқаны онша ақылға қонымсыздау екені рас.

Адамның, жалпы барша тіршіліктің пайда болуы туралы жан-жақты және толымды мәліметтерді біз Бһагавад Гита мен Шримад Бһагаватам кітаптарынан ғана таба аламыз. Шримад Бһагаватамда материалдық әлемнің, ондағы тіршіліктің қалай жаратылғаны жан-жақты тәптіштеп түсіндіріледі. Бізге керегі – адамның жаратылуы болғандықтан, жалпы тіршіліктің жаратылысына назар аудармай, бірден адамға көшейік.

Адамның жаратылуы

Әлемді жаратпас бұрын, оған қажетті материалдық элементтерді жаратқан Жаратушы, содан кейін әлемдегі ең алғашқы саналы тіршілік иесін – Брахманы жаратқан. Ал материалдық әлемдегі барша тіршілік иелері осы Брахмадан таралады. Бұл құбылыс қалай жүзеге асты?

Мынаған назар аударып қараңыз: Теңіз суының құрамын білу үшін теңіздегі суды түгел зерттеудің қажеті жоқ, оның жалғыз тамшысын зертханада зерттесеңіз, судың құрамын толық анықтай аласыз. Сол сияқты, барша әлемді білу үшін шеті шегі жоқ әлемді кезудің еш қажеті жоқ, сол әлемнің кішкентай көшірмесі – бір адамның құрылысын алып, зерттесеңіз, жетіп жатыр.

Адам мына фәни жалғанның, яғни материалдық әлемнің кішкентай көшірмесі іпетті. Адамның бойындағы бар нәрселердің бәрі әлемде бар. Сонымен тіршілік, материалистік ғалымдар айтқандай өздігінен кездейсоқ жаратыла салмаған және Құранда айтылғандай Жаратушы адамды батпақтан қолымен сомдап жасамаған. Сонда қалай пайда болған?..

Алғашқы тіршілік иесі Брахманың бойында барша әлемдегі элементтер болды, яғни Брахма материалдық әлемнің кішкентай көшірмесі сияқты еді. Енді Жаратқаннан пәрмен алған Брахма періште сана күші арқылы тіршілік иелерін өз тәнінен жарата бастады. Алғашқылардың қатарында оттан, ауадан жаратылған періште кейіпті тіршілік иелері жаратылды. Содан кейін жан-жануарлар жаратылды. Ең соңында алғашқы адам – Ману жаратылды. Оны Құранда Адам ата атаған.

Мануды Брахма өз санасынан жаратты және оның жаратылысына өте үлкен мән берді. Неге десеңіз, ауадан, оттан, судан, басқа да элементтерден жаратылған алғашқы тіршілік иелерінің бойында барлық материалдық құрамдар болмады. Ал топырақ элементінен жаратылған адамның бойында материяға тән барлық құрамдар болған еді. Осыған орай, олар тәні арқылы материалдық дүниенің барлық қызық-шыжықтарын тата алатын болды және материалдық әлеммен тығыз байланысты бола жүріп, Жаратқанның ризашылығын алатын түрлі құрбандықтарды шалуға да қабылетті еді.

Алғашында Ману, яғни мұсылманша Адам ата жалғыз болды және ол еркек жынысты болды. Дегенмен, соған қарамастан, Адам ата көбеюге қабілетті еді. Бұл қалай жүзеге асты? Грек мифтерінде ертеде андрогин деп аталатын жалғыз жынысты адамдар өмір кешкендігі айтылады. Еркек жынысты олар кәмелеттік жасқа толған соң артқы қуысынан шіріш тәрізді сұйықтық шығарып, ол қатып жұмыртқаға айналады. Ал жұмыртқадан белгілі бір уақыт келгенде кішкентай сәби шығады. Кәдімгі тауықтың балапаны сияқты.

Алғашында адамдар осылай көбейген. Дегенмен, кейін келе жаратушы періште Брахма еркек жынысты Адам атаның тәнін екіге бөліп, одан әйел жаратқан. Бұндағы мақсат: Құранда айтылғандай адамдар қосақталып өмір сүруі және бір-біріне мейірбан болуы үшін еді. Бір-біріне ынтызар етіп жаратылған ер мен әйелдің арасындағы қатынас сүйіспеншілік арқылы бекіп, өз балаларына деген сүйіспеншілігі және мейірбандығы арқылы одан сайын жақындай түспек. Бұның өзі адамның бойындағы Жаратқанға жақындатар жалғыз және негізгі қасиет – махаббат сезімін қалыптастырып, бекітеді. Мақсат – осы.

Веда ілімінде адам атты саналы тіршілік иесі әлемде жалғыз емес екендігі айтылады. Біз өмір кешіп жатқан әлемде 8400000 түрлі тіршілік иесі болса, солардың 400 мыңы адам тәрізді саналы тіршілік иелері екен. Яғни, адам жерде ғана өмір сүреді және біз барша әлемде жалғыз саналы тіршілікпіз деген ұғым дұрыс емес.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика