203 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Веда ілімінің қайнар көзі саналатын Бһагавад Гита кітабында адамның өткен өмірін ұмыту жайын былай деп баяндайды:  «Құдайдың Түптұлғасы айтты: Сен де, Мен де сансыз көп рет дүниеге келдік. Сол өмірімнің бәрі Менің жадымда сақтаулы, ал сен оларды түгел ұмыттың (Бһагавад Гита – Тәңіри білім – 5-6 өлеңдер).

Егер біз сансыз көп туу мен өлімді бастан өткерген болсақ, онда неге өткен өмірлеріміз есімізде сақталмайды? Бұның себебін былай түсіндіруге болады. Мәселен, сіздің компьютеріңіз, болмаса смартфон телефоның бар делік. Оның жады картасындағы орын шектеулі болғандықтан, сіз ең қажетті деген фаилдарды ғана сақтап, қалғандарын ұдайы өшіріп отырасыз. Егер олай жасамасаңыз, жады картасы толып қалып, одан әрі сіз қажетті фаилдарды жүктеп ала алмайсыз және ақпараттық жүктеме көп болғандықтан, смартфоныңыз баяу жұмыс істей бастайтын болады.

Адамды біз аса күрделі компьютерге теңесек, қателеспес едік. Оның жадының сиымдылығы да шектеулі, сондықтан жадыны қажетсіз ақпараттармен толтыра берудің еш жөні жоқ. Өткен өміріміз туралы ақпараттар босқа орын алғаны болмаса, бұл өмірімізге ешқандай да көмегі тимейді. Мәселен, сіз өткен өміріңізде Еуропа елдерінің бірінде туып, өмір кешкен болсаңыз, онда қазіргі Қазақстан деп аталатын елде өмір сүріп жатқан сізге өткен өміріңіздегі ақпараттардың қажеті қанша? Ол кездегі туыс-бауырларыңыз, таныс, достарыңыз әлдеқашан өлген немесе қартайып, еңбектен қол үзген. Сондықтан олардың сізге қол ұшын беріп, көмектесуі екіталай.

Өткен өмірдегі ақпараттардың жадыны толтырып, орын алып тұратындығына қоса, өткен өмірдегі басыңыздан кешкен ауыр жағдайлар, қайғы-қасіреттеріңіз, көңіліңізді алаңдататын түрлі түйткілді мәселелеріңіз – бәрі сізді алаңдатып, қазіргі тірлігіңіздегі кездескен кедергілерді жеңуге күш-жігеріңізді шоғырлауға кедергі келтіріп жатады. Яғни, өткен өмірдегі ақпараттардың бәрін түгел сақтау, сіздің қазіргі тірлігіңізге ешқандай көмектеспейді, керісінше залалын тигізеді.

Сондықтан да, Жаратқан адамдарды қайта туылғанда жадын түгел тазартып, бәрін басынан бастап қайта жасауға ынталандырады. Өткен өміріндегі қоқыс ақпарттардан тазарған адам жаңа өмірін үлкен құлшыныспен бастап, бұрын ала алмаған биіктерді алуға, жете алмаған арман-мақсаттарына қол жеткізуге құлшына кіріседі.

Телеграмм, Интаграм, Вконтакте сияқты әлеуметтік желілерге және сайттарға чат-бот жасап беремін. Чат-бот сіздің бизнесіңізді автоматтандырып, клиенттер тартуға, олардың мәлемттерін жинауға көмектеседі. 87013001474 телефоны арқылы (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Бһагавад Гитада адамның бұл дүниеде алған ақпараттары мен білімдері түгел келесі өмірінде ұмытылатындығы, бірақ дін ілімі негізінде алған білімі мен тәжірибесінің сақталып қалатындығы туралы айтылған. Құдайға құлшылық ету жолымен жүрген адамның өмір бойы жинаған Жаратқанға деген сенімі мен үміті, махаббаты келесі өмірінде түгел сақталады. Ол ержетіп, уақыт өте келе өткен өміріндегі Аллаға деген сенімі мен үмітін, махаббатын қайта есіне түсіріп, жаңа тірлігін де сол арадан бастап рухани даму жолын әрі қарай жалғастырады.

Інжілдегі Иса пайғамбардың «Барша әлемді жаулап алғаннан не пайда, егер адам мәңгілік жанын жоғалтып алса» деген сөзінің астарында мына тірліктің ең басты мәні – рухани білім алып, Аллаға деген сеніміміз бен үмітімізді арттыру екендігі жатқандай. Материалдық жетістіктердің, материалдық ілім-білімнің бәрі ұмытылады, тек рухани білім мен рухани әрекеттің жемісі ғана сақталады дейді Бһагавад Гита кітабында.

Дегенмен де, тәнді ұстап тұратын сүйектен тұратын қаңқа сияқты адамның өмір жолына үлкен әсерін тигізетін қайрымдылық, жомарттық, сабырлылық, кішіпейілдік сияқты жақсы қасиеттер мен ызақорлық, қызғаншақтық, іштарлық, сараңдық, тәкаппарлық сияқты жаман қасиеттер де бір өмірден келесі өмірге беріліп, әлгі адамның мінез-құлқын, өмірлік ұстанымы мен көзқарасын айқындайтын басты фактор ретінде сақталып қалады. Осы орайда, бір адамның қандай отбасында туғанына қарамастан, мінезі жұмсақ, ақпейілді болуы, екінші адамның керісінше жақсы отбасында туғанына қарамастан бойына жаман қасиеттерді жинақтауы – өткен өміріндегі бойына жинақтаған жақсы-жаман қасиеттерге байланысты болмақ.

«Ауаның иісті ала жүретіні тәрізді, фәни дүниеде тірі жан өмірге деген көзқарастарын өзімен бірге ала жүреді. Осылайша, бір фәни тәнге ие болған ол жаңа тән алу үшін бұрынғы тәнін тастайды» (Бһагавад Гита, Пурошоттама иога, Түптұлға иогасы, 8-өлең).

Ескірген, тозған тәнін тастап, жаңа тән алу үшін осылайша тіршілік иесі «өлім» деп аталатын туу мен өлімнің арасындағы аралық кезеңге өтеді. Ал аралық кезең әр адамда әртүрлі болады. Кейбір адамдар өлгесін бірден қайтадан жаңа тән алса, екініш біреулері жаңа тәнге ие болу үшін біраз уақыт күтулеріне тура келмек. Бһагавад Гитада бұл жайға адамның тәнін қай мерзімде, жылдың қандай уақытында тастауы себепкер болатынын түсіндіреді.

Жоғарыда айтқанымыздай, буддизм дінінде өлген адам 49 күнге созылатын «бардо» деп аталатын аралық кезеңнен өтіп, содан кейін жаңа тәнге ие болады. Ал ислам дінінің түсінігі бойынша өлген адам қабір өмірін бастан кешіп, қиямет соты болғанға дейін қабірде жатады. Содан кейін қиямет сотына тартылып, күнасы көп болса мәңгі тозаққа, күнасы аздау болса мәңгі жұмаққа енгізіледі. Христиан дінінің түсінігі де осыған ұқсас.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика