Адамдарға мүмкіндік беріледі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әр адамның өмірінде арман-мақсатының биіктеріне жеткізетін, тағдыр жолына күрт өзгеріс әкелетін шешуші сәттер болады. Міне, сондай сәтте күмән-күдікке, қорқынышқа бой алдырмай батыл шешім қабылдаған адам мақсатының биіктеріне жетпек. Дегенмен де, адамдардың көбі сондай шешуші сәттерде батыл шешім қабылдай алмай, мүмкіндікті жіберіп алып жатады.

Әр адамның өз Рубиконы болады

Есімі тарихта алтын әріппен жазылып қалған ежелгі Рим империясының негізін қалаушы Юлий Цезарьдың өмірінде де тағдырына күрт өзгеріс әкелетін және арман-мақсатының биігіне жеткізетін шешуші сәт болған екен. Ақсүйек отбасынан шықса да, асып-тасқан байлығы жоқ Цезарьдың билік шыңына шығу мүмкіндігі өте аз еді.

Дегенмен, Жаратқан оған байлық бермесе де, асып-тасқан ақыл берді. Сол ақылды пайдаланып ол жалғыз қызын алған Помпейдің әскерімен Галлияда соғыс жүргізіп, өзінің қолбасшылық қарым-қабылетін көрсетті. Жәй көрсетіп қоймай, бұрын бағындыру мүмкін болмай келген тайпалардың тас-талқанын шығарып, Галлияны түгел Римге бағынышты етті.

Осылайша, Цезарьдың алдынан даңқты қолбасшы, Рим Сенатының консулы ретінде қалың әскерінің көмегімен диктатор титулын алуға  мүмкіндік ашылды. Бірақ ол мүмкіндікті жүзеге асыруға жақын досы, тілеулесі және туған күйеу баласы Помпей кедергі келтіріп тұр еді. Ұлы Помпей атанағна қолбасшылық дарынымен республиканы тамсандырған ақсүйек және байлығы асып-тасыған Сенат консулы Помпей жәй адам емес-тін. Цезарьдың алдында екі міндет тұрды: Сенатты және Помпейді жеңіп, диктатор болу. Бұл дегенің құдыретті Рим руспубликасына қарсы соғыс жариялау және досы Помпейді өлтіру еді. Оның ақырының немен бітері белгісіз болатын.

Осындай тағдыр жолы ұсынған мүмкіндікті пайдалану қажет пе, жоқ бас тартқан жөн бе деген сауалдың жауабын таба алмай Цезарь Римге жеткізетін Рубикон өзенінің жағасына лагерін тігіп екі күн ойланды. Оны толғандырған жауларымнан жеңіліп қаламын-ау деген ой емес, туған күйеу баласы, досы Помпейді өлтіру жайы еді. Егер диктотор, содан кейін император болғысы келсе, онда  басты бәсекелес Помпейді өлтіруі қажет болатын.

Ол дегенмен, нық шешімге келді. Тағдыр ұсынған мүмкіндікті жіберіп алудан өткен өкініш бола ма? Содан Цезарь Рубикон өзенінен өтіп, Римге аттанды. Сөйтіп, ол Помпейді өлтіріп, Сенатты бағындырып, диктатор болды және Рим империясының негізін қалап, тарихта атын мәңгі қалдырды. Осыған орай,  «Рубикон өзенінен өту» деген күмәніңді жеңіп, тәуекелге бел байлау дегенді білдіретін түсінік болып қалды.

Қосановтың Рубиконы

Таяуда өткен президент сайлауы туралы мемлекеттік БАҚ оншалықты айтып, жаза қоймағанымен, әлеуметтік желілерде ол жайында өте көп жазылды. Бұл сайлаудағы ең елеулі оқиға ретінде Қосановтың күтпеген жерден өзінің жеңілгенін мойындап ресми мәлімдеме жасауы болғандығы анық.

Тағдыр Қосановтың алдына өмір жолын күрт өзгертетін үлкен мүмкіндік ұсынды. Отыз жылға жуық ел басқарған президент биліктен кеткен соң, орнына халық алдында оншалықты үлкен беделі жоқ бұрын әр салада басшылық қызметтер атқарған Тоқаев ұсынылды. Дегенмен, ел ішінде қордаланып қалған әлеуметтік мәселелердің көптігі халықтың билікке наразы үлкен тобын қалыптастырған еді.

Міне, сол наразы топ оппозияция өкілі ретінде Қосановты қолдады. Егер оның орнында басқа біреу болса да, халық оны да дәл солай қолдаған болар еді. Бұл Қосановтың жеке басының артықшылығынан немесе халыққа сіңген еңбегінен емес-ті. Яғни, тағдыр Қосановтың алдынан  сондай үлкен мүмкіндікті  тартты.

Осыдан екі мың жыл бұрын бойындағы қорқынышы мен күмәнін жеңіп, Цезарь нық шешім қабылдаған болса, Қосанов ондай шешім қабылдай алмады. Ол тағдыр ұсынған мүмкінідкті пайдалана алмады. Шешуші сәтте әлсіздік танытты. Біз үшін бұған не себеп түрткі боланының еш маңызы жоқ. Ең бастысы және нақты айғақ: бұл оның нық шешім қабылдай алмауы.

Егер Қосанов мүмкіндікті пайдаланғанда не болар еді? Ол, тіпті президент болып сайланбаса да, табанының бүрі бар батыл саясаткер екендігін және халық мүддесін қорғай алатынын дәлелдеп, нағыз халық батырына айналар еді. Ал ондай жағдайда ерте ме, кеш пе Қосновтың билік шыңына көтерілуіне мүмкіндік ашылары сөзсіз болатын. Бірақ та, ол өз Рубиконынан өте алмады, яғни күмәні мен қорқынышын жеңіп, батыл шешім қабылдай алмады. Сондықтан ол жеңілді. Енді оның саяси қызметіне  нүкте қойылды деп нық сеніммен айтуға болады.

Түйін: Тағдыр әр адамның алдынан өмір жолын өзгертер мүмкінідк ұсынып жатады. Сондай шешуші сәтте қорқынышқа бой алдырмай, батыл шешім қабылдаған жан міндетті түрде жеңіске жетеді. Әр адамның өз Рубиконы бар, сондай шешуші сәтте қорқыныш пен күмәнді жеңіп, тәуекелді шешім қабылдау жеңіске жеткізер басты қадам болмақ.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика