96 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

«Өзекті жанға бір өлім» деген сөз бар қазақта. Яғни, әрбір тірі жан түптің түбінде міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Ажалдан ешкім де қашып құтыла алмайды. Бәріміздің басымызға ерте ме, кеш пе міндетті түрде келетін сол ажал, яғни өлім туралы шындап ойланып көрдік пе? Өкініштісі сол, адамдардың 99 пайызы өлімді тек ажал иегінің ұшына келгенде ғана ойлайды. Осыған қарап, ажал дегеннің адамдар үшін қараңғы түнек сияқты мүлдем белгісіз құбылыс екенін түйсінуге болады. Ал белгісіздік әдетте үрей мен қорқыныш туғызатыны белгілі.

Сана мәңгілік

Адамдардың өлімнен неліктен қорқатыны белгілі болды, яғни ажал деген адам үшін белгісіз жұмбақ құбылыс екен, ал білмеген нәрсенің бәрі күмән мен күдік, қорқыныш пен үрей туғызатыны түсінікті жай. Бір ғұламаның айтқан «білім – жарық нұр, надандық – қараңғы түнек» дегенінің ақиқат екенін өмір үнемі көрсетуде.

Сонау 2000-шы жылдардың басында алғаш банк карталары шыға бастаған кезде банкоматтан ақша алуға қатты қорқатынмын. Өйткені банкоматтың жұмысын білмеуші едім. Картаны салған соң оны жұтып қоя ма, картамнан да, ақшамнан да айрылып ақлмаймын ба деген үрейлі ой келетін. Ал кейін келе банкоматпен жұмысты үйреніп алған соң, ол қорқынышты болудан қалды. Яғни, қорқыныш дегеннің өзі білмеушіліктен, яғни білімсіздіктен туатын жай екен.

Адамдардың өлімнен зәрелері ұшып қорқуының астарында да осындай білімсіздік жатқаны анық. Дәстүрлі діндердің бәрі өлім деген мәңгі өшіп жоғалу емес, одан кейін де өмір бар екені туралы айтады. КСРО-ның мүйізі қарағайдай академигі Вернадский де өлімнің жоқ екенін айтып, еңбектерінде жазып кеткен. Оның пайымынша, адам санасы мәңгілік, тән өлгенмен сана жоғалмайды, одан әрі өмірін жалғастыра береді.

Ал сана дегеніміз не? Сана дегеніміз қарапайым адами ұғымға салсақ, сезіну, түйсіну дегенге келеді. Мәселен, адам өзінің тәнін сезініп, түйсіне алады. Материалистік ғылым бұны адам миы мен нерв клеткаларының қызметімен байланыстырады. Мейлі ми, нерв клеткалары болсын, бірақ адам өзінің тәнін, барлық ағзаларын сезінеді ғой. Бұл бұлтартпас шындық.

Бһагавад Гитада жан, яғни рухтың барлығының белгісі, адамның бүкіл тәнін сезінуі, яки саналылығы екендігі айтылады. Рух он ауа ағымы бойынша өз қуатын адамның бүкіл тәніне, ағзаларына таратады. Соның нәтижесінде адам өз тәні мен ағзаларын сезіне алады. Сол сезіну қасиеті, яғни саналылығы адам тәні өлген соң да өшіп жоғалмайды. Адамның санасы, яғни рухы ешқашан да өлмейді.

Өлім өзге өлшемге енгізетін есік

Тән дегеніміз сыртқы қабық немесе адамның сыртқы киімі іспетті. Киімді шешкен соң адам жоғалып кетпейді. Ендеше тәнінің өлуінен адам неге сонша қорқады? Бұның астарында білімсіздік, тәнмен бірге санам да мәңгіге өшіп жоғалады деген үрей жатқаны анық. Егер адам тән өлгенмен сананың өлмейтінін білсе, біліп қана қоймай соған кәміл сенсе, ол адам өлімнен ешқашан, ешқандай жағдайда қорықпайды.

Тәнің өлді, сыртқы қабығыңды тастадың да, нәзік тәніңмен өзге өлшемге өтіп тіршілігіңді одан әрі жалғастырасың. Бұл сонша қорқынышты ма? Жоқ. Бірақ оның үрей әкелетін себептері де жоқ емес. Бһагавад Гитада Жаратқан құдайсыз дінсіз күнакар пенделерге қорқынышты ажал болып келетіні айтылған. Адам тірі кезінде күнә да, сауапты істер де жасай алады. Ал тән өлген соң белсенді әрекет түгел тоқталады. Енді адам басқа заңдарға бағынады. Ол қандай заң?

Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, жақын серіктерінің бірі Хазірет Әли «мына дүние адамдар жұмыс істеп жалақы табатын орын, өлген соң жалақыларын алады» деген мағынада айтқан сөзі бар. Яғни, адам осы дүниеде әрекеттер жасай отырып, күнә, не сауап табады. Ал өлген соң белсенді әрекет тоқталады да, енді осы дүниеде жинаған сауаптары мен күналарының жемісін тататын болады. Осы орайда, күнакар пенде үшін ажалдың соншалықты қорқынышты болатына заңды құбылыс. Өйткені, оларды бақи дүниеде жұмақ рахаты емес, тозақты азабы күтіп тұрады.

Бес түрлі дөрекі элементтен: жер, су, от, ауа және эфирден тұратын адам тәні өлген соң сана үш түрлі нәзік элементтен тұратын нәзік тәнге өтеді. Ол элементтер: ақыл (ум), зерде (разум) жане жалған мен немесе санскрит тілінде ол пракрити деп аталады. Нәзік тәнге өткен адамды басқалар көрмейді, дауысын да естімейді, ал ол керісінше басқа адамдарды ол көріп, ести алады.

Үш элементтен тұратын нәзік тән 7 қабаттан тұрады. Адамның тірлігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттерінің салдары сол жеті қабатқа түгел жазылады. Нәзік тәнге өткеннен кейін адам тірлігінде жинаған сауаптары мен күнәлараның жемісін татады. Ол тозақтың азабы немесе жұмақтың жанға жайлы рахаты түрінде болуы мүмкін. Ал істеген әрекеттерінің нәтижелері жазылған нәзік тән қабаттары жинаған қорлары таусылған кезде жоғалып отырады да, ең соңында формасыз рух қана қалады. Міне, содан кейін рух өткен өмірінде жасаған әрекеттерінің негізінде қайта программаланып, яғни болашақ тағдыры белгіленеді де, мына дүниеге келіп бес дөрекі, үш нәзік элементтерден құралған тәнге ие болады. Яғни, қайта туылады. Сөйтіп, адам туу мен өлімнің тұйық шеңберінде шыр айналумен болады.

Міне, өлім дегеніміздің бар құпиясы осы ғана. Бұны білген адам ажалдан ешқашан қорықпайды және жақындарының өліміне де зар жылап, қайғырмайды. Өйткені, адам санасының, яғни жанының ешқашан өлмейтінін ол жақсы біледі.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика