134 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Таяуда Ютуб сервисінде Алматы маңындағы қаңғыбас иттерді ұстайтын орында төрт иттің зорланғаны туралы видео жарияланды. О заман да, бұ заман, иттің зорланғанын кім естіген. Мына хабарды естіп, оқиғаның анық-қанығын білмек болған блогерге ит ұстайтын мекемінің қызметкерлері есік ашпады және дұрыс жауап та бермеді.

Ит зорлаған кімдер?

Кейін белгілі болғандай, оқиға желісі былай өрбіген. Қаңғыбас иттерді ұсайтын мекеменің қызметкерлерінің қатыгездігін көріп, куәсі болып жүрген волонтерлер оқта-текте келіп, тірліктен теперіш көрген төрт аяқтыларға қолдан келгенше көмек көрсетіп тұрады екен.  Бір келгенде жарақат алып, бүрісіп жатқан бірнеше итті көріп, оларға жанашырлық танытқан волонтерлер ветеринарға апарып көрсетпек болады.

Волонтерлердің бұл әрекетіне ит ұстайтын мекеме қызметкерлері еш кедергі жасамайды. Содан ветеринар иттерді қарап көргенде, сұмдық жайдың куәсі болады. Әкелінген төрт иттің төртеуі де зорланған болып шығыпты. Иттің жыныс мүшесіне таяқ тәрізді қатты нәрсе тығылған екен. Қансыраған иттерге ветеринар мүмкіндігінше медициналық жәрдем көрсетеді.

Осы істің жанында болып, видео түсірген блогердің пайымынша, иттерді адам табиғи түрде, яғни жыныс жақындығына барып зорламаған. Дегенмен, дөрекі жыныс жақындығын бейнелейтін әрекет жасап, иттің жыныс мүшесіне қатты затты тыққан сияқты. Содан иттер қансырап, қатты жарақат алған.

Енді бұл әрекетті адам немесе адамдар не үшін жасады? –дегенге келсек, оның астарында үлкен мән бар екен. Ар-ұяттан жұрдай болып айрылған, ғылыми тілмен зоофил деп аталатын хайуандармен жақындасуға бейім адамдар осындай жақындықты бейнелейтін видеоларды көруге ынталы болады екен. Олар сол үшін қып-қызыл ақша төлеуден де қашпайтын көрінеді. Осыған орай, әлгіндей зоофильдердің сұранысын қанағаттандыратын видеолар дайындап, содан ақша табатын пысықайлар да аз болмайтын секілді.

Міне, сондай пысықайлар Алматы маңындағы ит ұстайтын мекемеге келіп өздері немесе осы мекеменің қызметкерлері арқылы ит зорлау оқиғасын бейнелейтін видео түсіргенге ұқсайды. Әрине, бұдан аталмыш мекеме қызметкерлеріне де біраз ақша түсетіні белгілі. Қит етсе, мекемеде ұсталатын қаңғыбас иттерді ұрып-соғудан қашпайтын мекеме қызметкерлері үшін иттің зорлануы түкке тұрғысыз нәрсе болса керек.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Азғындықта шек бар ма?

Ғылым тілімен айтқанда зоофиль деген хайуандармен және аңмен жақындасуды білдіреді екен. Осындай термин немесе ұғым бар екен, онда соны жасайтын адамдардың да болатыны анық жай. Осыдан біраз жыл бұрын «Заң газетінде» оңтүстік аймақтардың бірінде бір жігіттің біреудің ешкісін зорлап, тірі куә қалдырғысы келмесе керек, зорланған ешкіні қылғындырып өлтіргені туралы мақала жарияланған болатын. Өлген ешкінің иесі  бұл оқиғаны жәй қалдырмай, полицияға хабарлайды. Құқық қорғаушылар анықтай келе, ешкінің зорланғанын және қылғындырып өлтірілгендігін сараптама арқылы анықтайды. Оқиғаға кінәлі де көп ұзамай белгілі болады. Осы әрекеті үшін әлгі жігіт біраз айыппұл төлеп құтылған еді.

Тағы да бір республикалық басылымда біраз жыл бұрын итпен әйелдердің жақындығы туралы мақала жарияланды. Оқиға кейіпкерінің айтуынша, ол құрбысымен бір үйге барады. Әлгі пәтерде бір келіншек жиналған бірнеше адамның көзінше итпен жыныс жақындығына түседі. Бұл зоофильдердің бас қосатын клубы сияқты орын екен.

Осындай естір құлаққа ерсі арсыздық оқиғалар өкінішке орай, еліміздің әр өңірінде кездесіп жатады. Шет елде әлдеқашан белең алып кеткен бұндай арсыздықтар  ақырындап, біздің елімізге де еніп, адамдардың санасын улауда. «Жаман әдет жұққыш келеді» дегендей, хайуанмен жақындасуға ынталы адамдар саны жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандай. Әрине, бұл мәселені нақты қазып зерттеп, анық-қанығын анықтап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан, оның қаншалықты таралғандығы бізге белгісіз. Ал жоғарыда аталған оқиға осы бұрын онша көңіл бөле қоймайтын кеселдің барлығын және қоғам үшін қауіптілігін еске салып кеткендей болды.

Блогердің пайымынша, ит ұстайтын мекемеде түсірілген видео интернет арқылы барша әлемге таралады. Оның қанша адамның санасын улайтынын кім білсін. Яғни, бұл оқиғадан тек төрт аяқты ит қана зардап шегіп қоймай, адам санасына әсері арқылы ондаған, жүздеген адамдар да зардап шегуі әбден мүмкін.  Ар-ұятты ұмытқан пенделер  ит пе, адам ба, бала ма, сәби ме қарамайтыны анық. Сондықтан, бұл қатерлі дерттің белең алуына жол бермейміз десек, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылып, оған қатысы бар жазықты жандардың бәрі заң шеңберінде жазасын алулары қажет және бұндай қылмыс түріне қатысты жазалау шараларын қатаңдатқан жөн.   

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика