Адамның ең үлкен қателігі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақта «жаңылмайтын – жақ, сүрінбейтін – тұяқ болмайды» деген нақыл бар. Бұның мағынасы: қателеспейтін адам жоқ дегенге келеді. Шындығында қателік жасау – барша адамға тән қасиет. Ал қателік арқылы адам өзіне де, айналасындағы өзгелерге де азды-көпті залалын тигізеді. Залалдың көп-аз болуы, қателіктің үлкен-кішілігіне байланысты.

Құрдымға құлататын қателік

Егер қателеспейтін адам болмаса, екі аяқты пенделердің жасайтын қателіктеріне кешеріммен қарау қажет болады. Өйткені, сіз де, мен де, ол да – бәріміз қателесеміз. Зерделі адам – сол қателіктерінен сабақ алып, екінші мәрте ондай қателікке бой алдырмайды. Ал зердесіз адам бір жасаған қателігін он, жүз рет қайталап жасай береді. Осыған орай, зерделі адамдар өмірден үйреніп, әр қадамын аңдап басып, қателіктен аулақ болуға тырысып жүреді.

Дегенмен де, адамдар үшін екі дүниенің де үлкен қатеріне ұрындыратын ең ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК бар. Біз сол туралы әңгіме етпекпіз. Өйткені, ол қателікті адамдардың 99 пайызы жасайды және олардың бәрі өздерінің екі дүниеде де қатерге ұрындыратын қателікті жасап жатқандарынан мүлдем бейхабар болады. Бұл қателіктің адам баласына қатері де дәл осында.

Сонымен, ол қандай қателік деген сауалға жауап беретін сәт келді. Ол қателік — адамның өзін мына дүниенің рахаттанушысымын деп түсінуі. Бір қарағанда мұнда тұрған ешқандай қатер жоқ. Адамдар ғана емес, барша тіршілік иелері – жан-жануарлар, аңдар да рахаттануды ойлайды. Тамақтан рахат алу, ұйқыдан рахаттану, екі жыныс өкілдерінің шағылысуынан ләззаттануы, өзегін жарып шыққан балаларын сүюден рахат алу… болып тіршілік иелері үшін рахат түрі осылай жалғаса береді.

Қарап отырсаңыз – барша тіршілік иелерін мына фәни дүниеге байлап қойған құдырет – РАХАТТАНУ екендігін бағамдайсыз. Егер фәни дүниеде рахат болмаса, оның еш қызығы да болмас еді. Сонда тіршілік иелеріне, оның ішінде саналы адамға рахаттануға болмай ма?

Біз рахаттанушы емеспіз

 Ислам дінін ұстанушылар үшін қасиетті кітап саналатын Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» деген аят бар. Осы аяттан ұғарымыз: Алла адам баласын Өзіне құлшылық етулері үшін ғана жаратқан.

Осыған мағынасы ұқсас өлеңдерді веда ілімінің қайнары саналатын Бһагавад Гита мен Шримад Бһагаватамнан да табасыз. Бһагавад Гитада «Адам баласы әрекет етуге құқылы, бірақ оның жемісі Менікі» дейді Жаратқан. Яғни, адам баласының барлық іс-әрекеттерінің жемісі Аллаға бағышталуы тиіс, оның екінші мағынасы адам Жаратқанға құлшылық етуі қажет.

Аллаға құлшылық – бұл тек діни шарттарды орындаумен ғана шектелмейді. Діни шарттарды дұрыс орындау Жаратқанға құлшылық болып саналады және оған сауап жазылады. Бірақ сонымен бірге, адамның басқа әрекеттерінің бәрі Аллаға құлшылық болып табылмайды. Ал Құран аятындағы «Мен адамдарды Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» дегенге назар аударсақ, адам баласы бар өмірін Аллаға құлшылық етуге арнауы тиістігін ұғынамыз.

Адамның отбасы құруы, атақ-мансап, байлыққа ұмтылуы, басқа да пендешілік әрекеттері – бұның бәрі Алла үшін емес өзі үшін, өз рахаты үшін жасалатын шаруалар және ол құлшылық болып табылмайды. Ал жоғарыдағы аятта айтылғандай, Алла адамды тек Өзіне ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ  үшін ғана жаратқан. Ал Аллаға құлшылық болып табылмайтын пендешілік әрекеттердің бәрі де адамды фәни жалғанға байлап, күнәкарлық құрдымына құлатады. Яғни, екі дүниеде де жамандыққа ұрындырады.

Сонда не істемек керек? Мәселен, мұсылман баласы күндіз-түні намаз оқып, Құдайға құлшылық ете ала ма? Оған мүмкіндігі бола ма? Жоқ. Сонда жоғарыдағы аятта айтылғандай, адамдар  бар өмірін Аллаға құлшылық етуге арнауы үшін нендей іспен айналысқаны жөн болады?

Енді осы сауалға жауап беріп көрейік. Қасиетті Құрандай айтылғандай, Алла адамдарға қолдан келмейтін қиын міндетті жүктемейді. Ендеше адамдардың күндіз-түні, бар өмірін Құдайға құлшылық етуге арнауына толық мүмкіндіктері бар. Ол үшін бір ғана нәрсені жасаса болғаны: МЕН РАХАТТАНУШЫМЫН деген ойдан бас тартып, өзін Алланың мәңгі құлы екендігін мойындаса жеткілікті.

Құл мен бостандықтағы адамның жалғыз айырмасы бар – құл өле-өлгенше қожайынына қызмет етеді және соның меншігі болып саналады. Егер адам өзін рахаттанушы емес, Құдайдың мәңгі құлымын деп санаса, онда оның жасаған іс-әрекеттері түгелдей Аллаға бағышталады да, ол құлшылыққа айналады. Осындай ниетпен өмір кешкен адам ғана екі дүниенің игілігіне бөленеді және оның жасаған барлық әрекеттері ешқандай күнаға ұшыратпайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика