Адамның мүмкіндігі шектеулі ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруАдамдардың көпшілігі өз мүмкіндіктерін шектеулі санайды және сол алдын ала белгіленген шектен асу мүмкін емес деп ойлайды. Адамдардың көбінің өмірде биік нәтижелерге жете алмай, тіпті жетемін деп еш талпынбастан өмірін өткізу себебі де осы мүмкіндіктің шектеулілігі жөніндегің түсінікте болса керек.

Мүмкіндік шегі туралы не білеміз?

ХХ ғасырда өмір сүрген психолог ғалым Уильям Джеймстің тұжырымынша, адамдар өз мүмкінідктерін толық пайдаланбайды. Сіз өз ішіңізде қандай мүмкіндіктердің жасырынып жатқанын білесіз бе? Жоқ. Биік нәтижеге жеткендерге жұрт «олар туған кезден бастап бойларына Жаратқан берген таланты бар болған» деген түсінікте қарайды. Шындығында, адам мүмкіндігі шексіз және ол мүмкіндікті кез келген адам пайдаланып, таңғаларлық нәтижеге жете алады дейді ғалым.

КСРО заманында оқу жаттығу кезінде әскери теңіз флотының бір жауынгері өзіне жүктелген тапсырманы орындау үшін 20 шақырымдай суық сулы өзенмен жүзіп өткен. Бұған оның 9 сағаттай уақыты кеткен екен. Қызығы сол, әлгі жауынгер мұздай суда сонша уақыт болғанына қарамастан ауырмаған.

Артық салмақтан арылу үшін бір британиялық әйел 249 күн бойы ашығыпты. Ол осы уақыт ішінде аздап су ішуді қанағат тұтқан. Жалпы, адам 10-12 күн бойы нәр татпастан өмір сүре алады екен. Ал, сусыз 7 күнге шыдайтын көрінеді.

Адам неге нәтижеге жете алмайды?

Егер адамның бойында шексіз мүмкіндік болса, онда олардың бәрі неге биік нәтижеге жетпейді, неге біреулер бай-бақуатты болып, қызмет баспалдағымен биіктерге көтеріледі, өнерде, спортта жақсы нәтижелерге жетіп, атағын шығарады, ал басқалар өмірде қай салада болмасын еш нәтижеге жетпей, көш соңында қалып жатады?

Бұл сауалдың жауабын жоғарыда айтылған ағылшын ғалымы адамдардың өз мүмкінідктеріне сенбеулерінен деп түсіндіреді. Иә, пенделер өздерінің ішіндегі бұғып жатқан шексіз мүмкіндіктерді көрмей, сезбей өздерін әлжуаз, қауқарсыз, қабілетсіз санап, әрекетсіз, талпыныссыз өмір кешеді екен.

Нәтижеге жету үшін ең алдымен, алдыңа нақты мақсат қойып, соған жетуге талпыну қажет дейді психолог Уильям Джеймс. Оның пайымынша, кез келген нәрсені меңгеру үшін адамға ары ктесе бір жылдай уақыт қажет екен. Мәселен, шет ел тілін үйренгіңіз келді ме, жақсы, оған еш кедергі жоқ. Уақытыңызды бөліп, күн сайын айналыссаңыз бір жылда тіл үйреніп шығасыз.

Ал, бизнестің қыр-сырын меңгергіңіз келді ме, оған да еш кедергі жоқ. Қажет оқулықтар мен курстарды оқуға күш жұмылдырсаңыз, бір жылда кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, білікті бизнесмен боласыз. Бұны спортта да, өнерде де, өмірдің кез-келген саласында пайдалануға болады екен.

Түйін: бір ғұламаның айтқан: «ынта болса, ойға алған істі орындауға қажетті жүз түрлі жол ашылады, ынта болмаса, ойға алған істен бас тартуға қажетті жүз түрлі сылтау табылады» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайларды жан-жағыңызға қарасаңыз анық көресіз. Ынтасы жоқ пенделер өздерінің сәтсіздіктеріне әрдайым тағдырды кінәлап, өздерінің жан дүниесіндегі жасырынып жатқан шексіз мүмкіндктерді көрмейді және оны пайдалануға талпынбайды. Ондайлардың өмірі әдетте айналасындағы жетістікке жеткендерді сынаумен, мінеумен, қызғаныштың қызыл отына өртенумен өтеді…

Психические возможности человека: видео

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика