Адамның шексіз мүмкіндіктері

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Көптеген адамдар үшін бұл тақырып өзекті болады деген ойдамын. Өйткені, біз өмірде биік табыстарға жете алмаймыз,  жақсы нәрсеге лайықсызбыз деген және тағы да басқа себептермен өзімізді үнемі тежейміз. Бұл жаман ойлар бізде бала кезімізден санамызға сіңіп қалған. Жұмыстан шаршап келген ересектердің ескертулері, түрлі тыйымдары бізді үнемі тежеп, өзімізге деген сенімнен айырған.

Баланың санасы бес жасқа дейін шапшаң дамиды. Бірақ біз бес жасар баланың санасында мәңгі қалып қоймаймыз ғой. Біз дүниетанымымызды ең алдымен ата-анамыздан, қоршаған ортадан аламыз. Бірақ ата-анамыз да бәрін білетін данышпан емес, олар да шектеулі өз саналарында өмір кешеді. Біз осылайша бала кезімізден айналамыздағылардың «мынаған шамаң жетпейді, оны ала алмайсың, әліңе, шама-шарқыңа қара, менде бұлай жасауға мүмкіндік жоқ» деген сияқты шектеулерді  естіп, соны санамызға сіңіріп аламыз. Міне, осылай қалыптасқан сана біздің бар болашағымызды айқындайды.

Барлық осы шектеулер көбінесе біздің шексіз мүмкіндіктерімізді қолдана отырып, өзімізді танытуға мүмкіндік бермейді. Егер біз барлық шектеулердің тек біздің санамызда ғана орныққан нәрсе екендігін және өмірдегі шындыққа ешқандай қатысы жоқ екенін түсінсек, біздің өміріміз әлдеқайда мағыналы және табысты болар еді.

Ертеректе  біздің ойымызда тәртіп орнату туралы оқыған едім. Онда киім сақтайтын шкав туралы мысал келтірілген екен. Елестетіп көріңізші, сіз шкавты  аштыңыз, ал онда өзіңізге еш қажеті жоқ көп нәрселер сақталған. Бір киімдер сәннен шыққан, енді бірі тар болып қалған, біреулерінің түсі ұнамайды. Сонда не істеу қажет? Ол үшін қажет емес киім-кешекті қоқысқа лақтырасыз да, орнына жаңа өзіңізге ұнайтын киімдер аласыз. Ескі киімдерді лақтыра отырып, шкавта жаңа киімге орын ашасыз және гардеробыңызды жаңғырта отырып, сыртқы бейнеңізді уақыт талабына сай өзгертуге мүмкіндік туады.

Мына дүниеде емі жоқ жазылмайтын ауру деген болмайды, барлық аурудың емі бар. Ондай сауықтырғыш күш сіздің бойыңызда жасырынып жатыр. Тек сол күшті тауып, іске қоссаңыз, жазылмайды деген дерттен де құлан таза айыңғып кетесіз. Ол туралы БАҚ айтып, жазуда. Ондай жағдайлар өмірде өте көп болған.

Мәселен, әлемге аты танылған психолог Луиза Хейзді алып қараңызшы.  Оның басынан кешкен жайы ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық.  Бес жасында оны өгей әкесі зорлайды, содан кейін тағдыр оған бір-бірлеп қорқынышты сынақтар жіберді. Қиындықтан көз ашпаған бойжеткен үшін ең ауыр сынақ қатерлі ісік ауруы болған еді. Иә, медицина емдеуге дәрменсіз осы дертпена уырғаны белгілі болған соң-ақ, өзгелер болса өмірден бірден күдер үзер еді. Ал Луиза Хейз болса жазылмайтын дертпен күресуге бел байлайды. Осылайша ол дұрыс тамақтану, өзін өзі сендіру, жаңаша ойлау арқылы жазылмайтын дерттен айығып шығады.

Мақаламыздың тақырыбы адамның шексіз мүмкіндіктері жайлы болғандықтан, соның өмірдегі бірқатар нақты мысалдарын назарларыңызға ұсынғым келеді:

 — Питер Террен қуаттылығы жоғары электр қуатын денесінен қиналмай өткізе алады. Оған  500 киловольт кернеумен ток соғылғаннан кейін тірі және сап-сау күйінде қалады.

— Биолог Кевин Ричардсон түнді арыстандармен бірге торда өткізе алады. Белгісіз себептермен оны арыстандар өз адамы ретінде қабылдап, мүлдем тиіспейді.

— Вьетнамдық Тай Нгок 1973 жылдан бастап ыстығы көтерілген сәттен бастап мүлдем ұйықтамайтын болған. Ол әлі күнге дейін кө ілмей тәулік бойы ұйқысыз өмір кешуде.

— Ұлыбританиялық аутист Даниель Таммет әрең сөйлейді, сол жағы мен оң жағын ажырата алмайды, тіпті, штепсельді розетканы қалай салу керектігін де білмейді, бірақ соған қарамастан ол ең күрделі математикалық есептеулерді оңай шығарады. Оған қоса,  он бір тілді, оның ішінде 7 күнде үйренген валлий, эсперанто, исланд тілдерін түсінеді.

— Джоди Острот көзге көрінбейтін бөлшектерді байқай алады. Мысалы, тек электронды микроскоп арқылы ғана көруге болатын өсімдік жапырағының ішкі құрылымын ол көзімен көріп, қолға қойғандай айтып береді.

Міне, осындай адамның шексіз мүмкіндіктерін дәлелдейтін жайлар өмірде өте көп. Соған назар аудара отырып: адамның мүмкіндігінде шек жоқ екенін бағамдауға болады. Ал біздің санамыздағы шектеулер өмірімізді ауырлататын өмір жолымыздағы кедергілер ғана. Ол кедергілерді шкавымыздағы ескі-құсқы қажетсіз киімдер сияқты лақтырып тастап, жаңаша ойлайтын болсақ, аспайтын асу, шықпайтын биік болмайды.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика