Адамзатты не күтіп тұр?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазір көріпкел дегендер қай жерде де жетіп артылады. Өздерінше әр жылға, тіпті ұзақ мерзімдерге арнап көріпкелдік болжам жасап, соны интернет арқылы айтып, жазып жататындар аз емес. Шынын айтқанда, бойларында қанша таланты бар, көріпкел десе де, ондайлардың ешқайссының болжамдары 100 пайыз шындық болып жатқан жоқ, әрі кеткенде 50-60 пайызды болжаса, соған бөріктерін аспанға атып, өздерін дүниенің кілтін ұстап тұрғандай сезініп жататындар бар.

Болашақты болжаудың ең сенімді тәсілі – сараптама

Картамен бал ашып, кофеге қарап болашақты айтатындар, жұлдыздың орналасуына қарап болжайтындар, тағы да басқа толып жатқан көріпкелдердің  қолдарынан келмейтін шаруаны бойларында еш қасиеті жоқ қарапайым жандар жасай алады. Олар жәй ғана қазіргі оқиғалар мен өткен жағдайларды таразылай отырып, сараптама жасайды да, болашақ даму бағдарын дәл басып айтып береді.

Менің мамандығым тарихшы. Қазіргі материалистік ғылым оқытып жатқан адамзат тарихы 7-10 мың жылдық шектен басталады. Одан арғы жағы – ғылым үшін жәй болжамдық негізге құрылған аңызға көбірек ұқсайтын жайлар ғана. Ал сол ғылымға белгілі оқиғалар тізбегін алып, қазіргі жағдайымен байланыстыра өзімізше сараптама жасайтын болсақ, адамзат баласын болашақта не күтіп тұрғанын 100 пайыз болмаса да, 70-80 пайыздық дәлдікпен айтып беруге болады.

Мәселен, қазіргі тарих ғылымы негізіне сүйенер болсақ, адамдар ертеде тас үңгірлерде қауымдасып өмір сүрген. Бұны тарихта – алғашқы қауымдық құрылыс деп атайды. Содан кейін дами келе, адамдар үстемдік ететін және бағынышты екі тапқа жіктеліп, құл иеленушілік қоғам қалыптасты. Үшінші дәуір – жерге иелік етуден туындаған – феодалдық қоғам. Төртінші тәуір – қазір біздер өмір сүріп жатқан нарыққа негізделген капитализм қоғамы.

Егер тарихқа ақыл таразысымен байыптай ой жүгіртіп қарайтын болсақ, бір қоғамдық құрылыс дами келе, одан әрі өркендеуге қауқары жетпейтін деңгейге келеді де, оның қойнауынан өсіп шыққан екінші қоғамдық құрылысқа көшеді. Жоғарыда аталған 4 қоғамдық құрылыстың бәрі осылайша қалыптасқан. Осы тәсілге ой жүгіртіп, өзімізше сараптама жасайтын болсақ, енді 4-ші қоғамнан 5-ші қоғамға өтетін кез келе жатыр. Ол қандай қоғам болады?

Бесінші қоғамдық құрылыс

Құл иеленушілік қоғамның ең тамаша үлгісі – Рим империясы болды. Қол-аяқтары кісенделген құлдарды езіп-жаншу арқылы өркендеген империя өз дәуірінің соңында тайпалар одағына біріккен тағылардан жермен-жексен болып жеңілді. Неге десеңіз, құлдар қожайындарына бағынғылары, құлдық қамытта өмір сүргілері келмеді. Көптеген құлдар көтерілісі шықты, қарсылық күшейді. Бұл құл иеленуші қоғамның құруына әкеліп соқты.

Феодалдық қоғамның соңында Еуропа елдерінде жаппай революциялар етек алды. Англиядағы революция кароль Карл Стюарттың басын шабумен аяқталса, Ұлы француз төңкерісі де карольдің басын алып, оның билігін құлатты. Осы төңкерістердің салдарынан феодалдық қоғам жойылып, жаңа капиталистік қоғам орнықты.

Біз қазір нарыққа негізделген капиталистік қоғамынң соңғы кезеңінде өмір кешіп жатырмыз. Рас, бәрі тамаша сияқты, демократия бар, адам құқығы қорғалады, билікті халық сайлап қояды. Дегенмен де, әлсін-әлсін шығып отыратын қаржылық-экономикалық дағдарыстар, билік үшін таластар, ақшаға құныққан пенделердің ақылға сыймайтын істерді жасауға дейін баратындығы, билікті жайлаған жемқорлық, т.т. бәрі қосылып капиталистік қоғамның іргетасын шайқалтып жатыр.

Осы жағдайларға қарап, ақыл-есі дұрыс әрбір адам ақша билеген, ақшаға табынған бұл қоғамның одан әрі өмір сүруі қиын екендігін түсіне алады. Бірақ, капиталистік қоғамның орнына қандай қоғам орнату қажет, ол қоғам адамға не береді? Осы жайына келгенде нақты жауап жоқ.

Бұл арада адамзаттың пікірі екіге айрылады: 1-сі, ел билігін қолдарына ұстаған, барлық байлық пен билікке ие ат төбеліндей аз алпауыттар өз биліктерін мәңгі және шексіз етуге талпынуда; 2-сі, ақша билеген арсыздық жайлаған лас қоғамнан әбден жалыққан, зықылары шыққан қарапайым халық бар билікті өз қолдарына алып, ӘДІЛДІК, ШЫНДЫҚ, ТЕҢДІК, БОСТАНДЫҚ, ДОСТЫҚ сияқты ізгі қасиеттерге негізделген ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ орнықтырғылары келеді.

Осы екі жолдың қайссына түсеміз, қай топ билікке келеді? Бесінші қоғамның тағдыры соған тікелей байланысты болып тұр. Әзірге күш тең емес, ұйымдасқан, қолдарында билік пен байлығы бар алпауыттар ойын тізгінін қолдарына алып, өз жоспарларын жанталаса жүзеге асыруда. Ал көп болса да, бастары қосылмаған, жол көрсететін көсемдері жоқ қара халық бастарын мойынтұрыққа салғылары келмей, жанталасып қарсыласқан болады. Дегенмен, қатерді сезіп, қарсыласып жатқан белсенділер аз, қалың халық қатты ұйқыда.

Жаңа дәуірдегі құлдық

Егер біз жан-жағымызға бағамдап, ақыл көзімен қарайтын болсақ, уақыттың негізгі өлшемі болып саналатын жылдың 4 мезгілден тұратынын бағамдар едік (қыс, көктем, жаз, күз). Сондай-ақ, кеңістік те 4 өлшемнен: оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыстан тұрады.  Осы жайлар мынаны аңғартады: адамзат өмір сүретін қоғамдық құрылыс та 4 сатыдан тұрады және ол сатылар үнемі кезектесіп келіп отырады.

Осы шарт бойынша, ендігі 5-ші қоғам – алғашқы қауымдық құрылыстағы сияқты халық билігіне негізделген қоғам болуы тиіс. Бірақ бұл тек халық қалың ұйқысынан оянып, биліктің арам пиғылды мақсат-жоспарын орындауға кедергі жасағанда және халықты бастайтын көсем табылып, сол арқылы жаңа қоғамды орнатқанда ғана жүзеге асады. Ал олай болмаған жағдайда  5-ші қоғам – құл иеленуші қоғам болып қалыптасуы әбден мүмкін. Өйткені, қазіргі алпауыт биліктің жоспары да, мақсаты да осы.

…Таяуда Қазақстанның полициясы елімізде тиым салынған экстремистік ұйым саналатын ҚДТ партиясының көшбасшысы Әбләзовпен тікелей эфирде сұхбаттасқан бір топ адамның карталарын бұғаттап тастады. Яғни, әлгі адамдар енді карталарындағы ақшаларын пайдалана алмайтын болды. Олар бұның заңсыз екендігін айтып, полицияға шағымданғандарымен, ештеңе өндіре алмады. Бұл нені көрсетеді?

Енді осы сауалдың жауабына назар аударып көрелік. Жыл өткен сайын қолма-қол ақшамен есеп айырысу азайып, есепті карта арқылы айырысатын өзгеріс белең алып барады. Дүкеннен тауарды карта арқылы сатып алуға болады, дәмханадан тамақты карта арқылы іше аласыз, түрлі төлемдерді де карта арқылы төлеуге мүмкіндік бар. Яғни, барлық ақша айырбасы түгел дерлік картамен жасалатын жағдайға келе жатырмыз.

Біздің президентіміз Тоқаев өткен жылы қытайға барған сапары туралы үкімет мүшелеріне онда адамдарды электрондық бақылауды жүзеге асыратын бағдарлама қолға алынып жатқандығын, біздің еліміз де осы бағытта жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. АҚШ-та, басқа да бірқатар Батыс елдерінде жаңа туған балаларға барлық деректері енгізілген чипті денесіне тігіп қою іске асырылуда. Болашақта ол чипте әлгі азамат туралы барлық деректермен қоса, оның тапқан ақшасы да сақталатын болады.

Мұндай жағдайда адам қалтасына ақша салып жүрмейді, қолын экранға қойса болғаны, оның чиптегі есепшотынан ақша ұсталып қалады. Бұның билік үшін тағы бір артықшылығы: чипі бар адамды билік тәулігіне 24 сағат бойы күндіз-түні бақылауда ұстайды. Ол не істеді, не айтты – бәрі экраннан көрініп тұрады. Яғни, бұндай адамда жеке өмір деген болмайды.

Осы арқылы билік  2 мың жыл бұрынғы дүрілдеген Рим импариясы жүзеге асыра алмаған АБСАЛЮТТІ ҚҰЛДЫҚТЫ енгізетін болады. Чипі бар пенде ендігі арада билікке 100  пайыз тәуелді болмақ. Ол сәл-пәл қарсы сөз айтса болғаны, құқық органдары оның чипіндегі ақшасын бұғаттап тастайды да, ол өмір сүру көзіне айрылады. Бұған қарсы ешкім ләм деп ауыз аша алмайды. Ол кезде адам құқығы деген түсініктің өзі жоғалады. Екі түрлі тап бар: біріншісі ат төбеліндей аз бар билік пен байлыққа ие алпауыттар да, екіншісі солардың құлақкесті құлына айналған қара халық.

Бесінші қоғамның қандай болатынын қазір билікке таласып жатқан екі топтың – АЛПАУЫТТАР мен ХАЛЫҚТЫҢ белсенді және ұйымдасқан мақсатты әрекеттері айқындайды. Қара халық бүгінгідей ұйықтай берсе, бір күні оянғанда құлдық қамытпен тұратын болады. Ал ондай құлдықтан сіз де, ұрпағыңыз да ешқашан құтыла алмайды. Электронды бұғауды үзіп шығу еш мүмкін емес…   

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика