Алғашқы тазалығынан айрылып, бұрмаланған ислам діні
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Ислам діні шын мәнінде адамның бойындағы қайрымдылық, кішіпейілдік, қарапайымдылық, жомарттық, кешірімшілік, сабырлылық сияқты ізгі қасиеттерді дамытатын, жамандықтан аулақ болуға үндейтін дәстүрлі дін. Бүгінде бір жарым миллиардтан астам адам ұстанатын ислам діні ғасырлар бойы адамзатты сондай ізгі қасиеттерді бойларына орнықтыруға шақырып, ізгілікке бастап келді.
Қазіргі діни ахуал қандай
Өкінішке орай, адамзат баласын жүздеген жылдар бойы имандылыққа бастап, ислам өркениеті деген атпен тарихта қалған ғылым мен ілімді, мәдениетті өркендеткен ислам діні бүгінде өзінің алғашқы тазалығынан айрылып, әсіре діндарлар мен жалған әулиелердің кінәсінен адамдарға игілік емес, тауқымет әкелетін дінге айналып барады.
Кешкілік теледидардан жаңалықтарды тыңдасаңыз, соңғы кезде Шығыс Африкадан, Таяу шығыс елдерінен (бәрі ислам мемелкеттері) еуропа елдеріне баспана табу үшін теңіз асып қашып барып жатқан мыңдаған, миллиондаған босқындар туралы жиі естисің. Өз елдеріндегі бітпейтін лацкестік әректтерден, кедейшілік пен соғыстардан мезі болған пенделер шет ел асып, бақыт іздеп бассауғалауда.
Оларды бірақ Батыс елдері құшақ жайып қарсы алып жатқан жоқ. Босқындар қатары шктен тыс көбейгендіктен, олардың келуіне керісінше барынша кедергілер жасауда. Босқындар мінген қайықтар мен паромбардың суға кетіп, мыңдаған адамдардың ажал құшып жатқаны жаңалақтарда күнде айтылады.
Қазақта «арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» деген сөз бар. Сол сияқты неге ислам елдерінің азаматтары бастарын ажалға байлап, жат елге мың-миилиондап кетіп жатыр деген сауал туындайды. Яғни, бұл елдер өз халқына өмір сүру үшін қажетті қарапайым жағдайларды жасай алмай отыр. Бұл елдерде әсіре діндарлар қолдарына қару алып, өздерінің отандастарын, қандастарын, діндес бауырларын қынадай қырып жатыр. Бұл енді мұсылмандыққа ғана емес, қарапайым адами қасиетке де қайшы – қылмыс.
Ал қылмыс жасаған адамды дүнияуи заң бойынша жазаға тартады, ал Алланың заңы бойынша тозаққа салып, азаптайды. Өздерін ислам дінінің ұстындары санайтын жиһадшылардың бәрі қарапайым адами түсінік бойынша сотталуға тиісті – қылмыскерлер, ал діни түсінік бойынша – тозаққа түсетін КҮНӘКАРЛАР.
Ислам діні неге бұрмаланды?
Қазіргі таңда ислам дінінің жүзге тарта ағымдары бар екен. Ол ағымдардың көпшілігі исламның алғашқы діни шарттарынан бас тартып, ақыл-ойларының, нәпсілерінің жетегіне еріп, дінді бұрмалағандар. Мәселен, уаххабшылар тек Құранды басшылыққа алып, соның ережесімен жүру керек деп түсіндіреді. Шындығында, Құранда діни рәсімдерді қалай орындау қажеттігі толымды айтылмайды. Мұның бәрі пайғамбарымыз бен әулие сахабалардың қасиетті кітапты басшылыққа ала отырып жасаған қосымша шарттары арқылы жүзеге асырылған. Мәселен, мәзхаб. Мәзхаб шарттарында қалай дәрет алынады, қалай намазға тұру қажет – бәрі нақтыланған.
Ал өздерін салафиттер дейтіндер пайғамбар заманындағыдай шолақ дамбалмен жүру керек дегенді айтады. Ер адамдар сақал қойып, әйелдер денесін түгел матамен бүркеуі қажет. Осындай діндегі өз ақылымен жасалған бұрмалаушылықтардың, ақырсында қасиетті кітап пен пайғамбарымыздың хадистерін өз бетінше түсіндіріп, бұрмалаудың салдарынан дін ислам алғашқы тазалығынан айрылды.
Яндекстің «вордстат» сервисінен ислам дініне қатысты кілтті сөздерді қараған едім. Сонда «ислам дініндегі төсек қатынасы» деген сөзді көрдім. Әлгі сөз арқылы кірген сайттарда ислам діні ер мен әйелдің төсек жақындығына қатысты барлық сезімді қоздыратын әрекеттерге рұқсат береді-міс дегенді оқыдым. Тіпті, ер мен әйел тырдай жалаңаш шешініп жатып, бір-бірінің кез-келген жерінен, оның ішінде жыныс мүшесінен ұстап, аймалай алады екен. Бұл енді қазіргі заманғы арсыздық етек алған Батыс елдеріндегі түсінікке егіз қозыдай ұқсас.
Міне, осындай бұрмалаушылықтардың бәрі дін ислам атын жамылып жасалуда. Экстремист дегендер ислам атын жамылып, қолдарына қару алып соғысады. Лаңкестер дін ислам үшін жазықсыз жандарды өлтіреді. Ал жихадшылар мұсылманнан басқаларды түгел кәпір санап, барша әлемге қарсы соғысқа уағыздайды. Көңілдерінің дерті бар пірадарлар болса, «халал жезөкшелік» дегенді насихаттап, күнде бір әйелге үйленіп, төсекте ойларына келгенді жасағылары келеді.
Егер іс осылай жалғаса берсе, көп ұзамай ислам діні адам танымастай бұрмаланып, нағыз сайтани ағымға айналатын түрі бар. Қазіргі дін атын жамылғандардың істеп жатқан есуастықтары осыны айғақтайды.
Бірнеше жыл бұрын телеканалдан Пәкстанда бір деревняда 200-ден астам ер баланы зорлаған қылмыстық топ туралы хабар берілді. Дін ислам өркен жайған елде мемлекеттік лауазым иелеріне арқа сүйеген әлгі адамдар қыз-келіншектерді былай қойып, жас ер балаларды зорлайтын, зорлап қана қоймай неше түрлі арсыздықтар жасап, оны видеоға түсіретін болыпты. Жаға ұстататын сұмдық және бұл арсыздық басқа емес, ислам мемлекетінде, өздерін мұсылманбыз деп жүргендердің қолымен жасалған. Шындығында, өздерін мұсылманбыз деп атап, ислам дінінің ізгі шарттарына қайшы келетін әрекеттерді жасаушылардың бәрі – САЙТАННЫҢ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ. Бұл — АҚИҚАТ