1 603 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

ақиқатДиаметрі 12800 шақырым болатын Жер деп аталатын планетада ғана тіршілік болып, ғарышта қалқып жүрген шексіз көп аспан денелерінің бір де бірінде тіршіліктің болмауы мүмкін бе? Бүгінгі ғылым шексіз ғарышта қалқып жүрген шексіз көп аспан денелерінің бірінде болмаса бірінде жердегіге ұқсас тіршіліктің болуын теріске шығармайды.

Жерде ғана тіршілік бар дейді молда

Жергілікті басылымға жарияланған ғарыш кеңістігіндегі басқа планеталардағы тіршілік жайында жазған мақалама орай бір кісі мынадай пікір айтты. Осы мақаламды оқыған әлгі мешіт молдасынан ғарыштағы өзге аспан денелеріндегі тіршілік жайында сұрайды. Сонда молда: «жерден басқа ешбір планетада тіршілік жоқ, Алла тек жерде ғана тіршілікті жаратты» деп жауап береді. Осыны алға тартқан әлгі кісі маған жұртты теріс жолға уағыздамай, мұндай мақалалар жазуымды доғаруды сұрады.

Әр адамның өз пікірі бар. Десек те, отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге жайыларын, яғни сөзіміздің айналадағы жұртқа әсері болатынын естен шығармаған жөн. Әлгі молданың айтқанын естіген басқалар да Алла тек жерде ғана тіршілік жаратқан екен, ғарышта жердегіден басқа ешқандай тіршілік жоқ екен деген тұжырымға келері анық. Ал, мұндай тұжырымның астарында «Алла шектеулі екен, Оның бар қуаты диаметрі 12800  шақырым болатын алақандай жерде тіршілікті жаратуға ғана жетіпті» деген ой жататыны белгілі.

Кез келген молда Алла шексіз, оның қуаты да шексіз дейді. Ау, сонда Алланың шексіздігі жалғыз алақандай планетада тіршілік жаратумен өлшенбек пе? Біз Алланы осылайша, кішкентай ғана планетада тіршілікті жаратуға ғана қауқары жететін шектеулі етіп қойғанымызды өзіміз де байқамайтын сияқтымыз. Мәселен, қазіргі дыбыс жылдамдығынан да жылдам ұшатын ұшаққа отырып, айналдырған 10 сағаттың ішінде Жерді түгел айналып шығуға болады. Сонда Алланың бар қуаты осындай кішкентай планетада санаулы тіршілікті жаратуға ғана жеткені ме?

Веда ілімі не дейді?

Тіршілік туралы веда ілімінің түсінігі мұсылман молдаларынан мүлдем басқа. Веда ілімі бойынша барлық материалдық, яғни фәни дүние Алланың қуатының төрттен бірін ғана құрайды. Ал, енді осы Құдайдың қуатының ширек бөлігінде не бар, соған тоқталайық.

Біздің мекен етіп жатқан кеңістігіміздің сырты 10 түрлі элементпен қапталған, элипс тәрізді қалқып жүрген дене. Біздер соның ішінде өмір сүреміз. Осы жұмыртқа тәрізді сырты қапталған қуыста сансыз көп аспан денелері бар. Шримад Бхагаватамда біздің әлемнің бір шетінен екінші шетіне жету үшін жарық жылдамдығындай (1 секундта 300 мың шақырым) жылдамдықпен ұшқанда триллиондаған жылдар қажет болады дейді. Яғни, біз өзіміз өмір сүріп жатқан кеңістігіміздің шет-шегінің қаншалықты үлкен екендігін осыдан аңғаруға болады.

Ал, енді осы триллиондаған сансыз көп аспан денелері бар алып кеңістікте 8400000 түрлі тіршілік иелері тірлік кешеді. Олардың 400 мыңдайы адам сияқты саналы тіршілік иелері. Яғни, адам тектес тіршілік иелерінің өзі 400 мың түрлі екен. Бұл көп пе, аз ба?

Күнде де, Айда да, Жерде де, жұлдыздарда да, жалпы барлық аспан денелерінде, тіпті, олардың арасындағы бос кеңістікте де тіршілік иелері тірлік кешеді дейді веда ілімі. Мысалы, Құранда бізге көрінбейтін жын-пері дегендер болатыны және олардың түрі 33 мың екендігі анық айтылған.

Біздің кеңістік сияқты сансыз көп кеңістіктер бар дейді веда ілімі. Біздің о шеті мен бұл шетіне жету мүмкін болмайтын алып кеңістігіміз ғарыштағы ең кішкентай кеңістіктердің бірі ғана екен. Бұның бәрі Алланың төрттен бір қуатын құрайтын материалдық әлем ғана. Ал, оның арғы жағында Алланың қуатының төрттен үшін құрайтын рухани әлем тағы бар. Оның қаншалықты үлкен екендігін мынадай теңеуден білуге болады.

Рухани әлемнің бір ғана планетасы біздің шексіз санайтын өз әлемімізден жүздеген, мыңдаған есе үлкен болады екен. Ал рухани әлемде сондай шексіз көп планеталар қалқып жүреді. Олардың бәрінде тіршілік иелері тірлік етеді. Егер өз түсінігімізбен баяндайтын болсақ, рухани және материалдық дүниедегі планеталардың санына біздің қазіргі түсініктегі сан жетпейді, яғни ондай санақ өлшемі жоқ. Міне, осыдан біз Алланың қаншалықты шексіз екендігін, Оның қуатының шексіздігін түйсінеміз. Ал, молда айтады: Алла тек алақандай жерді ғана жаратқан, басқа еш жерде ешқандай тіршілік жоқ. Бұл енді Алланы қорлау емей немене?

Ислам дініндегі бұрмалаушылықтар

Шәкірім қажының діннің бұрмалануына байланысты бір өлеңін ертеректе оқығаным бар. Мазмұны мынадай: егер Пайғамбар тіріліп келер болса, исламды бұрмалаған дүмшелерді қамшымен қуып жүріп сабар еді дегенге келеді. Алла тек алақандай жерді ғана жаратты дейтін надан молданың сөзі үшін Пайғамбар тіріліп келер болса, қамшымен аяусыз дүрелер еді дегенге келісуге болады. Әлгі молда осы сөзі арқылы Алланы қаншалықты қорлап, Оны түкке тұрғысыз қауқарсыз міскінге айналдырғанын сезбейтін сияқты.

Ислам дініндегі соқыр түсініккке негізделген сәлафи, уахаби сияқты фанатиктік ағымдардың күннен күнге көбейіп кетуінің сыры да осында болса керек. Әлгіндей ақиқатты түсінбейтін дүмшелер ауыздарына келгенді айтып, дін исламның қадір-қасиетін қашыруда. Олар исламды адамның күлкісін келтіретін, мазақ ететін жаттанды және жасанды догмаға айналдырып алды. Молда-имамдар мешітте Құран мақамына салып жаттап алған ертегі-уағыздарын айтады. Осыған сенсең де сенесің, сенбесең де сенесің. Егер күмән келтіріп сауал қойсаң, сені кәпір дейді.

Ау, сонда Алла адамға неге ми, ақыл, сана берді? Дүмше молдалардың айтқанына бас шұлғып, иә бәрі дұрыс деп құлдық ұру үшін бе?  Пайғамбарымыз: «Жерде қанша адам болса, Аллаға жеткізер соншама жол бар» демеп пе еді. Яғни, әр адам Аллаға жеткізер ӨЗ ЖОЛЫН өз ақылымен, санасымен табуы қажет. Біреудің ақылымен, біреудің сөзіне еру – АҚЫМАҚТЫҚҚА және НАДАНДЫҚҚА жеткізеді.

 

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика