Алланың мекені бар ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзіндік даму1Фейсбуктан бір кісінің ашқан бетінен Алланың мекен-жайы, тұрағы жоқ, ол бұл дүниенің бөлшегі де емес деген мазмұндағы өлеңін оқыдым. Жалпы, ислам дінінде Алла, Оның сипаты жайында жалпылама түсініктен басқа нақты толымды ұғым берілмеген. Құранда Алланың 99 сипаты, яғни есімі айтылады. Бірақ Алла 99-бен шектелмейді, оның сипаты, соған сай есімдері де шексіз көп.

Мекені жоқ, жайы жоқ

Мекен-жайсыз адамды бізде БОМЖ деп атайтыны ешкімге құпия емес. Үй-күйсіз қаңғыбастыққа салынған ондай пенделерді жұрт онашлықты сыйлап, құрмет тұта қоймайды. Олар қоғамнан тыс қалған, жалпақ тілмен айтқанда «төменгі сортты» адамдар болып саналады.

Ал Алланы мекенсіз деу – бұл Жаратқанға тіл тигізу немесе қорлау болмай ма? Алланың сипаты шексіз, соған орай Оны танып-білу үшін жалғыз кітап (мейлі ол қасиетті Құран болсын) жеткіліксіз болады. Жаратқанның сипатын танығыңыз келсе, Құранды оқысам болды деп санауыңыз қателік болмақ.
Жаратқанның сипатын Құраннан да, Інжіл мен Тәураттан да, онан қалды ведалық ілімнің қайнары саналатын Бһагавад Гита мен Шримад Бхагаватамнан да табасыз. Осы қасиетті кітаптарды кешенді түрде оқып, бір-бірімен салыстыра ақылға салып қарағанда ғана Алланың сипатын аздап түйсіне бастайсыз.
Құранда Алла «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» дейді. Інжілде Жаратқан адамды өзіне ұқсатып жаратқанын баяндайды. Тәуратта адамды балшықтан жасап, рухын үрлеп енгізгені, барша тіршілікті алты күнде жаратқаны жайында айтылады. Ал Бһагавад Гитада жан туралы жан-жақты және толымды түсінік беріледі. Шримад Бхагаватамда барша тіршілік иелерін, жер мен күнді, жұлдыздарды, жалпы дүниені қалай жаратқаны, қиямет қайым деген не, онан кейін не болады деген сауалдарға толымды жауаптар айтылады.
Осылардан көріп отырғанымыздай, сіз Жаратқан туралы толымды ілім алғыңыз келсе, аталмыш қасиетті кітаптарды түгел оқып, ақыл таразысына салуыңыз шарт. Әйтпеген күнде сіздің түсінігіңіз жоғарыда аталғандай Алланы үй-күйсіз, мекен-жайсыз БОМЖ секілді деңгейге түсіруге ұшыратпақ.

Алланың мекен-жайы қайда?

Інжілде «царство небес» және «царство божий» деген екі түсінік бар. Бһагавад Гитада Тәңірі өзінің мекенінің рухани әлем екендігін, онда ешқандай жарықтандыратын көз жоқтығын, бәрі табиғи жарықтанатынын, онда туу мен өлім, кәрілік пен ауру дегеннің жоқтығын айтады.
«Царство небес» деген бұл Құранда айтылған жұмақ. Жұмақ планеталары ғаршыда орналасқан. Онда тіршілік иелері еш уайым-қайғысыз ішіп-жеп, ойнап-күліп рахатта тірлік кешеді. Бірақ Құранның бір де бір жерінде жұмақта тіршілік иелері құдайға құлшылық жасайды деп айтылмаған. Яғни, жұмақ құлшылық ететін орын емес, біздегі курорт сияқты демалатын жер.
Онда үрдің қыздары, мас қылмайтын шарап бар. Қалағаныңша іш-же, ойнап-күл. Мұндай рахат тірлікте адамның Алланы есіне алуы мүмкін бе? Жоқ. Яғни, жұмақ жерде жасаған сауапты істеріңіздің ақысын алып, рахатқа батып демалатын орын.

Рухани әлем

Жұмақтағы өмір мәңгілік емес. Құранда адамдар жұмақта жер мен көк тұрғандай мәңгі қалдады деп айтылады. Және бір аятта жер де, көк те жойылады делінген. Яғни, жер мен көк мәңгілік емес. Ендеше жұмақтағы өмір де мәңгілік емес.
Бһагавад Гитада Тәңірі фәни дүниедегі (материалдық) шексіз әлемдердің (біздің әлемнің өзінде триллиондаған сансыз көп планеталар мен жұлдыздар бар) бәрінің уақытша екендігін, белгілі мерзімнен кейін жойылатынын, ал Өзінің рухани мекенінің мәңгілік екенін айтады.
Алланың табиғаты рухани, яғни материалдық емес. Ендеше рухтан тұратын Алланың мекені де рухани болмақ. Алла сол рухани мекенінде белгілі бір тұрпатта құлдарымен (барша тіршілік иелері Алланың құлы) таңғажайып тірлік кешеді. Бұл біздегідей өмір емес, оны ойын деп атайды. Бірақ сансыз көп нұсқадағы және пендені еш жалықтырмайтын, бірінен бірі қызық бола түсетін шексіз ойындар. Бұдан Алла да, оның құлдары да шексіз рахат сезімін алады. Яғни, рухани әлемде уайым-қайғы, жоқшылық, зерігу сияқты нәрселердің бірі жоқ. Онда шексіз бақыт пен қуаныш және мәңгі өмір бар. Осыдан көріп отырғанымыздай, рухани әлемде тіршілік иелерінің жалғыз жұмысы – Аллаға құлшылық ету. Онда құлшылықтан басқа ештеңе жоқ. Барлық әрекет Аллаға құлшылық болып табылады.

Енді осы екі түсінікті салыстырып көріңіз. Рухани әлемде Алламен бірге, оған өмір бойы құлшылық етуге негізделген түсінік дұрыс па, әлде мас қылмайтын шарап ішіп, ондаған, тіпті жүздеген үрдің қыздарын құшып, рахатқа белшеден бататын жұмақ жайындағы түсінік имандылыққа жақын ба?

Алланың бірлігі мен бөлектігі

Шримад Бхагаватам – бұл ведалық ілімнің қаймағы саналатын қасиетті кітап. Оны бес мың жыл бұрын Вьясадева деген әулие өзінің көптеген шәкірттерімен жазған. Бұл ілім Вьясадеваға дейін де болған. Бірақ, ол құдайсыз-дінсіз қараңғы заман келетінін біліп, сондағы түсінігі тайыз біз сияқты пенделер үшін веда ілімін әуелі төртке бөліп, жіктеп жазып шығады. Содан кейін Жаратқанның сипаты мен ойындары жайында жеке кітап етіп жазады.
Вьясадева жазған кітапты өткен ғасырда Бхактиведанта свами Прабхупада деген теолог санскрит тілінен ағылшыншаға аударып, түсініктеме жазған. Бұл кітап түгелге жуық қазір орыс тіліне аударылды. Әуезовтың «Абай жолынан» біраз қалыңдау Шримад Бхагаватам 25 кітап болып шықты. Яғни, 25 «Абай жолын» көз алдыңызға келітіріп көріңіз.
Міне, осы кітапта Алланың сипаттары мен табиғаты жайында жан-жақты түсінік беріледі. Онда барша көзге көрінетін, көрінбейтін дүние Алланың бөлшегі деп айтылады. Күн де, Ай да, жұлдыздар мен барлық заттар, тіршілік иелері Алланың мәңгі бөлшектері. Барша тіршілік Алланың бөлшектері болса да, бірақ Алла барша әлемнің бөлшегі емес. Ол әлемнен тыс.
Осы тұрғыдан алғанда Алланың мекен-жайы жоқ деп түсіндірген дұрыс болады. Бірақ, екінші жағынан келгенде, барша әлем Алланың мекені, яғни меншігі. Алланың тұрағы, мекені жоқ, Алланың тұрпаты жоқ десек, онда біз үшін Алла газ тәрізді, болмаса тұрпатсыз ақылға сиымсыз бірдеңе болып шығады. Ал ондай мекенсіз, тұрпатсыз ақыла сиымсыз бірдеңені жақсы көру, сүю, құрметтеп, сыйлау мүмкін бе?
Ислам дінінде, жалпы барлық дәстүрлі діндерде діндар адамның ең басты мақсаты – Аллаға беріліп, құлшылық жасау дейді. Адам бірдеңеге қатты беріліп, қызмет ету үшін сол берілген нысан туралы жақсы білуі тиіс. Егер сіз бір қызға құмартсаңыз, күндіз-түні соны ойлап, әлгі қыздың бейнесі көз алдыңызда тұрады.
Ал тұрағы, тұрпаты жоқ Алланы біз қалай ойлап, оған құлшылық жасай аламыз, оған беріліп, жақсы көреміз. Ұлы Абай «Махабатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» дейді. Яғни, Алланы жаныңнан да артық көріп, сүю үшін оның тұрпаты болуы тиіс.
Жаратқанның сипаты жайында толымды түсінікті блогымызда алдағы уақытта жазатын боламыз. Блгымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика