Алланы ақылмен тануға бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеФейсбуктен Тыныштықбек Әбдікәкімұлы деген азаматтың Жаратқан туралы жазғандарын көріп, өзімше пікір қалдырдым. Ол жазбасында адамдарды тозақ азабына салатын Алла фашистердің  конслагеріндегі сияқты тауқымет тартқызушы ма деген сауал тастап, азап шегуші тек тән, ал жан азап шекпейді дегенді айтады. Оның тән мен жан туралы түсінігі қазақы ұғыммен астасып жатқандай.

Адам бәрін өз бетінше оқып, түйсінуі қажет пе?

Материалистік түсінік бойынша әрбір  беймәлім нәрсені өзіміз түсініп, көзімізді жеткізгенше ол туралы ақиқатты білемін деп айтуға болмайды. Яғни, біз ақиқатты тәжірибе жасау арқылы ғана түйсіне аламыз. Шындығында, бұл ешқашан ақиқатқа жеткізе алмайтын тұманды жол.

Мәселен, сіз Қазақстаннан Мәскеуге баруға жолға шықтыңыз делік. Ол үшін жолды әркімнен сұрап жүріп, адасулар мен қиындықтарды көру арқылы табуға болады. Бірақ бұл ұзақ жол және көп уақытты қажет етеді. Ал егер сіз Ресейдің картасын алып, соны бағдар етіп жүрсеңіз, еш қиналыссыз жедел баратын жеріңізге жетесіз.

Ақиқатты танып білу де сол сияқты. Біз өз ақылымызбен әр құбылысты ақыл таразысына салып, өзімізше тұжырым жасау арқылы ақиқатты танып білгіміз келсе, оған мыңдаған, тіпті миллиондаған жылдар қажет болады. Ал, бұрыннан қалған ақиқи ілімдерді басшылыққа алып, ақиқатты түсінуге тырыссақ, уақыт ұттырмай жедел және толымды білім аламыз.

Әрине, ол үшін толымды білім беретін сенімді көз болуы қажет. Өкінішке орай, көптеген қасиетті кітаптар бұрмаланып кетті және Құран сияқты  ішкі мәні бар тылсым кітапты өз күшімізбен түсіну де қиын. Осыған орай, біз адасып, өз ақылымызға еріп ақиқаттан аулақ кетеміз. Құранның бір аятында «ой жорушылар құрысын» дейді. Өзімізше оймен жору арқылы ақиқатты танимыз десек, міндетті түрде адасамыз.

Ақиқатты қалай тануға болады?

Көптеген мұсылмандар жалғыз бұрмаланьбаған қасиетті кітіп – Құран және барлық ақиқат Құранда жазылған деп түсінеді. Шындығында, Құранда негізінен 6 мәселе қамтылады: Алланың барлығы мен бірлігі, Алланың пайғамбарлары, Аллаға құлшылық, қиямет қайым, қиямет қайымға сенушілердің  және сенбеушілердің баяны. Ал Абасалютті Ақиқат тек осы алты мәселемен шектелмейді. Ендеше, барлық ақиқатты жалғыз Құраннан оқып, біліп аламыз деу жаңсақтық.

Абасалютті Ақиқат – бұл барша әлемді жаратушы және оның иесі – Алла. Алланы таныған адам Абсалютті Ақиқатты таныған болады. Ал Құран, Інжіл, Тәурат және Забур кітаптары – бәрі Абсалютті Ақиқат аталатын үлкен таудың кішкентай шыңдары. Ақиқатты тану үшін сол кітаптардың бәрін оқуыңыз қажет болады.

Илам діні телогогтарының пікірінше, Алладан түскен 114 кітап бар. Төртеуі бізге белгілі, ал қалған 100-і қайда? Егер сіз ведалық ілім туралы оқып, білмеген болсаңыз, онда қалған 100 кітапты қайдан табуға боларын білмейсіз.  Бүгінде әлем мойындап отырған ведалық ілімді құрайтын кітаптарға упанишадтар, пурандар кіреді. Осы упанишадтар мен пурандарды қосқанда барлығы жүзге жуықтайды.

Міне, осы кітаптарды кешенді түрде бір-бірімен байланыстыра оқығанда Абсалютті Ақиқатты ақырындап тануға болады. Ақиқат баяғыдан бар және ол Жаратқанның өз аузымен айтылған қасиетті кітаптарда сақталған. Сондықтан ақиқатты іздеп өз ақылыммен табамын деу бос әурешілік қана емес, қауіпті де. Өйткені, ақыл мен сезімге бой алдырған адам адасады.

Адамның танымының 4 түрлі кемшілігі бар екен: адам алдауға және алдануға бейім, адамынң сезім мүшелері жетілмеген (көзіңізбен он шақырым жердегіні немесе қараңғылықта көре аласыз ба?) және адам иллюзияға түсіп қалғыш. Мәселен, өткен ғасырдағы қазақтар үшін Ай үлкендігі тостағандай ғана табақша болған. Қазір ғылым мен білім дамыған кездің қазақтары Айдың алып планета екендігін жақсы біледі.

Түйін: Егер  ақиқатты танып білгіңіз келсе, онда ақылыңызға сеніп, өзіңізше ой жорудан аулақ болыңыз. Ақиқатты оны жаратушы Алланың   көмегімен ғана тануға болады. Ал, Ақиқат Алланың қасиетті кітаптарында. Ендеше, Ақиқатты Алланың қасиетті кітаптарын оқу арқылы ғана тануға болады. Бұл  — «екі жердегі екі төрт» дегендей АҚИҚАТ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика