Алтын ғасыр бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Асан қайғы желмаясына мініп алып жер бетінен жерұйқты, яғни жердегі жұмақты іздеп бар өмірін сарып қылған екен. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» дейтін аста-төк молшылық пен ұйыған тыныштыққа негізделген бақытты қоғам барша адамзаттың арманы болып келеді. Ол туралы аңыздар, ертегілер көп, бірақ уақыт өткен сайын сондай толымды қоғамнан аулақтамасақ, жақындайтын түріміз жоқ.

Коммунизм идеясының күйреуі

Социалистік қоғамда өмір сүрген аға ұрпақ өкілдері жақсы біледі, сол тұстағы билеуші партия – коммунистер коммунизм құру идеясын басты мақсат етіп ұстанған еді. Қарапайым халық соған кәдімгідей сенетін. Бала кезімізде ауылдағы жалғыз дүкеннің қабырғасына 1980 жылдары тауарларыдң абғасының қаншалықты арзандайтыны туралы жазылған плакат ілулі тұратын. Ішіміздегі үлкеніміз Мейрам деген бала бізге «1980 жылы коммунизм болады, ол кезде дүкендер түгел ашық тұрады, барып қалағаныңды тегін ала бересің» дейтін. Бұл – 1960-шы жылдардың соңы еді.

Коммунизм заманында ақша болмайды, дүкендер ашық тұрады, әр адам қалағанын тегін алады деген түсінік болды. Бірақ та, оның қалай жүзеге асатынын ешкім дәл басып айта алмайтын. Уақыт өтіп жатты, молшылықтың орнына қат заттар көбейді, қайда барсаң кезек күткен адамдарды көресің. Ал 1990-шы жылдардың басында, яғни КСРО құлар тұста дүкен сөрелері тіпті, жылан жалағандай босап қалды. Коммунистік қоғам молшылықтың орнына жоқшылық әкелді.

Марксизм-ленинизм классиктері армандаған коммунизм шынында да  барша халық үшін ажғымды, жақсы қоғам. Бірақ та, соны коммунистер нақты өмірде жүзеге асыра алмады. Керісінше, олар билікке келген кезден бастап жоқшылық пен аштық, қуғын-сүргі көбейді. 70 жыл билік құрған коммунистік үстемдік тұсында қарапайым халық ауыртпалықтан көз ашпады. Ал 1991 жылы КСРО құлар тұста бұл қоғамды қорғаған тірі пенде табылмады. КСРО-мен бірге коммунизм идеясы да мәңгіге құрып жоғалды.

Алтын ғасыр туралы не білеміз

Алтын ғасыр болған екен, ол заманда ішкен мас, жеген тоқ, жоқшылық, кедейшілік деген болмаған, барша халық бақытты өмір сүрген екен деген тәрізді аңыздар әлемнің әр халқында бар. Қазақ «жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» дейді. Яғни, осындай аңыз бар екен, онда сондай қоғамның да болғаны ғой деген ой келеді.

Ведалық ілім бойынша адамзат қоғамы ұдайы алмасып келіп отыратын 4 кезеңді өткереді. 1 кезең – алтын ғасыр деп аталады және онда адамның өмір жасының ұзақтыңы 100 мың жыл, ауру-сырқау, кәрілік дегенді білмейді., бұл заманда кедейшілік, жоқшылық деген де болмайды.

2-ші кезең – алтын ғасырдан гөрі, қысқалау уақытты қамтиды, ол заманда өмірдің ұзақтығы он есеге қысқарып, 10 мың жыл болады, күнакар жандар ышға бастайды. 3-ші кезең – двапара юга деп аталады, онда адамның өмір жасы 1000 жас болады, Қазір біз 4-ші кезең, темір ғасыры деп аталатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кезеңнің ұзақтығы 432 мың жыл болса, басталғанына 5 мың жылдай өткен. Яғни, алда әлі 427 мың жылдай уақыт бар.

Веда әдебиеттерінде жазылған адамзат қоғамының кезеңдері туралы ғылымға неге белгісіз? Бұған жауап беру үшін ол кезеңдердің ұзақтығына назар аударсақ болады. Алтын ғасыр 1,8 миллион жыл болса, екінші күміс ғасыры 1,2 миллион жыл, үшінші мыс ғасыры 850 мың, темір ғасыры 432 мың жыл болады. 4 миллион жылдан астам уақытты қамтитын осындай дәуірді  қазіргі ғылымның білмеуі түсінікті жай. Ол туралы деректер тек ведалық әдебиеттерде ғана сақталған.

Енді осы жайларға талдау жасай отырып: «алтын ғасыр бола ма?» деген сауалға жауап бере аламыз. Болады және міндетті түрде. Әр 4 миллион жыл сайын алтын ғасыр қайта айналып келіп отырады. Өкініштісі сол, бүгінгі ұрпақ үшін алтын ғасырды көру мүмкіндігі жоқтың қасы.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика