Астральдық тән туралы не білеміз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адам – тән, ол өлген соң тіршілік мүлдем тоқтайды және мәңгі өшіп жоғалады деп түсіндіретін атеистік түсінікке қазір көп адамдар сене қоймайды. Өйткені, тән өлгеннен кейін сананың жоғалмайтынын дәлелдейтін жайлар өмірде жиі кездесіп жатады. Бүгінгі ғылым түсіндіре алмайтын осындай жайлардың бірі – астральдық тәнге қатысты түсінік.

Досымның бастан кешкені

Менімен бір сыныпта оқып, балалық шағымызды бірге өткізген досымның басынан кешкен мына жағдайды өз аузынан естіген едім. Ол 90-шы жылдардың басы болатын. Нарыққа енді көшіп жатқан кез. Еті тірілердің бәрі саудаға шығып, әп-сәтте қаптап ақша тауып жатты. Досым да солар сияқты мол ақша таппақ болады. Содан ойына керемет бір идея келеді.

Сол идеяның ықпалымен ол үш күн бойы ұйықтай алмапты. Күндіз-түні ойлайтыны әлгі идеяны қалай жүзеге асырып, мол ақша табу болған. Содан үшінші күні таңертең жұмысқа барайын деп жатқанмын, -деп есіне алады ол. –Таңғы шәйімді ішіп киініп жатқанымда басыма қан лып-лып етіп қатты аға бастағанын сездім. Ойым ап-анық, неше түрлі керемет идеялар санамды шырмап алған.

Бір кезде әл-дәрменім құрып, диванға отыра кеттім. Көзім қарауытып, басым айналғандай. Келіншегім түрімді көріп шошып кетті. Не болды деп сұрап жатыр. Бірдеңе деп былдырлаған боламын, бірақ ерінім икемге келмей, аузымнан сөз емес, былдыраған дыбыс шықты. Шошыған келіншегім дереу телефон шалып, жедел жәрдем шақырды.

Диванға қисайып жатқанмын. Кенет денемнен шығып кеттім. Қызығы сол, тәнім диванда жатыр, ал өзім еденде тұрмын. Кенет терезе алдына келіп тоқтаған машина дауысы естілді. Соны білмек болып терезеге қарамақ болып едім, құданың құдыретімен терезеден көктей өтіп далаға шығып кеттім. Жедел жәрдем көлігінен түскен ақ халатты әйел менің пәтеріме кірді. Не істер екен деп мен де әлгінде шыққан терезеден қайта көктей өтіп ішке кірдім. Дәрігер әйел тамырымды ұстап көріп, мұрныма бір дәріні иіскетті. Жаман дәрі иісі мұрын жарып барады. Сол кезде дивандағы тәніме қайта қосылдым.

Астральды тән жан ба?

Сол 90-шы жылдары мен Харингтон деген біреудің «Астральный выход» деген кітабын сатып алып оқыдым. Кітап авторы бала кезінде алғаш рет денесінен шығып кетіпті. Содан кейін бұл жағдай ара-тұра қайталанып тұрған. Ал кейінірек ол күн сайын түн баласына денесінен шығып кететін болыпты. Денесінен бөлініп шыққан ол өзіне өзі тәжірибе жасап, астральды тәннің қабылет-қарымын жан-жақты тексеріп көрген.

Ресейлік теолог Александр Хакимов жас кезінде қолына астральдық денеге қалай шығуға болатынын түсіндірген кітап түскенін, сол кітапты оқи жүріп, денесінен шығып кетуді үйренгенін айтады. Оның айтуынша, бұлт дегеніміз қатты энергия. Тіпті оның үстіне шығып тұруға, жүруге болады. Дегенмен де, діни пәлсапамен айналысатын Хакимов астральдық тәннің өзі ойлағандай жан еместігін біледі. Онда да адамға тән барлық қасиеттер сақталады екен. Ашу-ыза, қуаныш, қорқыныш, т.б. сезімдер бар.

Кейін келе діни пәлсапаны жан-жақты зерделеген Александр Хакимов астральды тән деген адам тәнінің нәзік көшірмесі деп түсіндіреді. Адам тәні, жалпы барша тіршілік иелері 8 элементтен құралады дейді ол. Оның 5-уі дөрекі элементтер болса, 3-уі нәзік элемент. Бес дөрекі элемент: жер, су, ауа, от, эфир, ал үш нәзік элемет: ақыл (ум), зерде (разум) және жалған «мен», яғни» эго».

Адамның сыртқы тәні бес дөрекі элементтен құралады да, ішінде оның көшірмесі іспетті үш нәзік элементтен құралған астральдық тәні болады. Адам өлгенде ол астральдық тәнге көшеді. Ал жан немесе рух дегеніміз астральдық тәннің ішіндегі материалдық емес қуат. Ол – мәңгілік.

Астральдық тән, жан немесе рух туралы алдағы уақытта блогымызда толымды ақпараттар беретін боламыз. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика