Астральдық тән

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Соңғы кездерде идеалистік бағыттағы түсініктегі ғалымдардың арасында адам тәнінде тәннен бөлек оның өмірі мен тірлігі туралы ақпараттар жазылған тағы бірдеңе бар деген қағиданы айтуда. Тәннің көшірмесі іспетті нәзік элементтерден тұратын оны ғылми тілмен астральды тән деп атап жүр. Каррингтон деген американдық ғалым «Астральдық әлем» деген кітабында өзінің басынан кешкен жағдайларға ғылыми талдау жасайды. Оның айтуынша кез келген адам тәнін тастап, астральдық тән арқылы кеңістікке шыға алады екен. Өз өмірінде астральдық тәнімен кеңістікке екі жүзден астам рет шыққан ол бастан кешкен жайлары мен сезгендерін баяндайды.

Каррингтан ең алғаш астральды тәнімен кеңістікке жеті жасында шығады. Оның баяндауынша оқиға былай болады.

…Өзінен екі жас үлкен ағасы мен анасы үшеуі басқа қалада тұратын әжелерінің үйіне қонаққа барады. Кешкі тамақтан кейін балалар шағын бөлмеде қатар тұрған екі төсекке жатады. Анасы мен әжесі басқа бөлмеде біраз әңгімелесіп отырған соң ұйқыға кетеді. Ол түн ортасында оянып кетіпті. Қараса аспанда салбырап тұр. Үйдің төбесі қол созым ғана жерде. Содан ол бір жағына бұрылғанда ақырындап төмен құлдырайды. Ғарыштағы салмақсыздық жағдайында ауада қалықтаған сияқты.

Жерге аяғы тигенде тізесі бүгіліп кетіпті. Үйдің іші құлаққа ұрған танадай жым-жырт. Қараса, о сұмдық, бір төсекте ағасы пысылдап ұйықтап жатыр. Ал, екінші төсекте өзі жатыр. Соны көріп үрейі ұшқан бала есіктің тұтқасын ұстап жұлқа тарпақ болғанда қолы есіктен зу етіп өте шығады. Есікті ашайын десе ашылмайды, бірақ өзі жабық есіктің арғы жағына еш кедергісіз етіп өтіп кетіпті.

Үйдің екінші қабатына жүгіріп шыққан бала анасының төсегіне келіп оны ұйқыдан оятпақ болып жұлқылай бастайды. Бірақ, анасы оны еститін де, оянатын да түрі көрінбейді. Зәресі ұшқан бала зыр жүгіріп жүргенде кенет төсегінің үстінде қалқып тұрандығын сезінеді. Содан кілт төмендеп тәніне еніп кетіпті.

Осындай жағдай кейін де әредік қайталанып тұрған. Оған еті үйреніп кеткені сонша енді ол астральдық тәнмен кеңістікке шыққаннан кейін кәдімгідей тәжірибе жасап, оның табиғатын зерттей бастайды. Астральдық тән мен кәдімгі тәннің арасын кіндік тұсында жалғастырып тұратын жуандығы бармақтай күмістей жалтыраған сым сияқты желі бар екен.

Бес-алты қадамнан артық ұзасаң-ақ әлгі желі жіңішкеріп, кәдімгі машина жіптің деңгейіндей болады дейді. Содан тәннен қанша қашықтасаң да ол желі сол жіңішкеліктен әрі кішіреймейді де, үзілмейді. Тәнмен күміс желі арқылы байланысқан астральдық тән кез келген кедергіден өтіп кетеді, ұша да алады. Каррингтон өз кітабында астральдық тән арқылы өз таныстарының үйлеріне барып, олардың немен айналысқандарын біліп, кейін көздерін жеткізгендігін жазады.

…Мен Атбасар қаласында аудандық газетте қызмет істеп жүрген кезімде Омархан Қордабайұлы деген журналистен мынадай әңгіме естіген едім. Ол кісі Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Айтуынша, кеңестер үкіметі билеп тұрған кез екен. Таңертең ерте тұрып Шымкентке базарға бармақ болады. Қасында әйелі. Жигули автокөлігіне отырып жүріп кетеді.

Ертеңгілік жолда машиналар аз. Ол ақырын ілбіп бара жатқан тіркемесіне шөп тиеген К-700 тракторынан басып оза бергенде  үлкен шапшаңдықпен қарсы келе жатқан КамАЗ-ды көреді. Жандәрмен рульді бір жағына бұрып үлгіреді. Шақыр-шұқыр дыбыс естіледі. Жолдан шыққан Жигули әлденеше рет аударылып барып дөңгелектері жоғары қарап төңкеріліп түседі. Есін жиған Омархан өзінің жерден оншақты метрдей биікте қалқып тұрғанын сезеді. Дүние жым-жырт тыныштық құшағында.

Ақырын ілбіп К-700 кетіп барады. КамАЗ жүйткіп лезде көзден тасаланады. Дөңгелектері аспанға қарап қалған Жигули жол жиегінде жатыр. Кенет оның есіне жүксалғыштағы беннзин құйылған канистр түседі. Ол төгілсе машина өртенуі мүмкін-ау деген ой келуі мұң екен автокөліктің кабинасынан бір-ақ шығады. Жандәрмен сыртқа шығып, жүксалғыштан канистрді алады. Абырой болғанда машинаның қорабы аздап майысқаны болмаса дін аман екен. Әйелі есінен танып қалыпты.

Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт өзіме өзім келе алмай жүрдім, —дейді Омархан. –Тәнім машинаның ішенде қалды. Сонда аспанда қалқып тұрған кім? Қанша ойласам да оған ақылым жетпеді. Содан кейін ақырындап дінге бет бұрдым. Қасиетті кітапта айтылатын жан дегеннің барлығына көзім жетті

«Хабар» телеарнасында қызмет ететін журналист Ақпанбет Әліш деген жолдасым мынадай әңгіме айтты. 90-шы жылдардың басы. Нарыққа жаңа көшіп жатқан кез. Ол кезде «Егемен Қазақстан» газетінде істейтін Ақаң әлдекімнен бизнеспен айналысуға байланысты тамаша бір идея естиді. Жүзеге асырсаң табысқа шаш етектен кенелуге болады.

Сол идеяның жетегімен оны қалай жүзеге асырамын деген ол ұйқысы қашып, үш күндей ұйықтай алмапты. Төртінші күні таңертең жұмысқа баруға жиналып жатқан кезінде кенет қантамырлармен қанның лыпып тез аға бастағанын сезеді. Жүрегі қанасына симастай соғып, тіпті әні-міні жарылып кетердей күй кешеді. Әлдене айтайын десе тілі күрмеліп сөйлей алмай қалады. Түрі бұзылып кеткен оны көрген жұбайы бірден телефон шалып, жедел жәрдем шақырады.

Диванға отырғанымды білемін. Содан кейін кенет денемнен бөлініп кеткендей болдым, -деп есіне алады Ақаң сол кезді. –Диванда отырған өз денемді сыртынан көргенде шынын айтқанда онша таңырқаған жоқпын. Қайта біртүрлі қызық көрінді. Әйелім абыржып олай-былай жүгіріп жүр.

Есіктің алдына машина келіп тоқтағандай болды. Жедел жәрдем болар деген оймен сыртқа шығып көргім келді. Жабық тұрған терезеден зып етіп аулаға қалай шыққанымды сезбей де қалғандаймын. Жедел жәрдемнен ақ халатты дәрігер түсіп, үйге асығыс енді. Мен де терезеден қайта секіріп ішке кірдім. Дәрігер сөмкесінен әлдене алып диванда отырған менің мұрныма иіскетіп жатыр. Мұрын жарар жаман иісті сезіндім. Сол сәт өзімнің диванда отырғанымды көрдім.

Ақпанбет әлі күнге дейін сол жағдайды түсіне алмайтындығын айтады. Елес пе, әлде бізге беймәлім мидың құпия құбылысы ма?

Ал, енді осыдан нендей қортынды жасауға болады? Яғни, тән деген материалистердің пайымдағанындай химиялық элементтерден тұратын ет пен сүйектен жаратылған тіршілік нысаны ғана емес, одан әлдеқайда күрделі табиғаттың, анығырақ айтқанда, Жаратқанның аса шеберлікпен дүниеге әкелген тіршілік иесі деген пікірге келеміз.

Тәннің ішінде көзге көрінбейтін адам өмірі туралы барлық ақпараттар сақталған оның көшірмесі іспетті тіршілік иесі өмір сүретін сияқты. Тән өлгенде ол денеден шығып, тіршілігін онан әрі қарай жалғастырмақ. Ал, кейбір жағдайларда, мәселен клиникалық өлім халінде, болмаса, жоғарыда айтқанымыздай Омарханның басынан кешкен жағдайға ұқсас қиын-қыстау сәттерде де нәзік тән (астральдық тән) денеден бөлініп шығып кететін жайлары болатынға ұқсайды.

Өмірде сирек те болса кездесіп қалатын осындай оқиғаларға талдау жасай келе өлімнен кейінгі өмір бар деген пікірге тоқталуға болатындай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика