3 031 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

ақшаМына өмірді адамдарға сонша қызықты етіп және ертеңгі болашаққа еліктіре ынталандырып қоятын құдыретті күштердің басында АТАҚ, МАНСАП және БАЙЛЫҚ тұратыны даусыз. Осы үшеуін уысына түсірген адамды баршамыз бақытқа жетті деп сырттай қызыға, ал көбіміз іштей қызғана қарайтынымыз рас. Ал, бұл мәселеге байыппен ой жүгірте қарасақ, бақытқа жеткізеді деп білетін бұл үш игіліктің көп адамдарға ешқандай жақсылық әкелмейтінін бағамдауға болар еді.

Атақ, мансап, байлық – Алланың құдыретті қуаттары

Егер сіз жүз келі салмақты көтеремін десеңіз, онда біраз уақыт денеңізді жаттықтыруыңыз қажет болады. Әрине, табиғат берген күші бар адамдар жүз келіні еш жаттығусыз оңай көтере алады, дегенмен пенделердің көбі мұндай салмақты көтеру үшін денесін біраз уақыт жаттықтырып, содан кейін ғана көтере алады. Бес-он шақырымға жүгіру үшін де сондай жаттығудан өту қажет. Жалпы, мына фәниде кез-келген үлкен жетістікке жету үшін еңбектеніп, сол жетістікке лайықты дәрежеге көтерілу керек болады.

Міне, сол сияқты Алланың аса құдыретті қуаттары болып саналатын атақ, мансап және байлыққа  ие болу үшін де пенде сондай деңгейге көтерілуі қажет. Егер сіз бұл үш қуатты еш қиналмай тапқан болсаңыз, қалай тез жетсеңіз солай тез олардан айрыласыз. Жәй айрылып қоймай, бұрынғы барыңызды жоғалтып, қиындыққа тап боласыз. Бұны өмір тәжірибесі анық көрсетуде.

АҚШ-та бір қоғамдық ұйым лоторея билеті арқылы аса ірі ұтысқа қол жеткізген адамдардың өмірін зерттеп көріпті. Сонда мына жай белгілі болған: лоторея билеті арқылы еш қиналмай миллиондарға  оп-оңай қолы жеткен «бақытты» адамдардың бәрі арада бірнеше жыл өткенде байлықтарынан да, отбастары мен достарынан да түгел айрылып, бақытсыз жағдайға ұшырайды екен.

Бұл – Жаратқанның сынағы

«Секрет» фильмінде бар ынта-ықыласыңмен беріле ойлап, соған жетсем деп армандасаңыз – арманыңыз міндетті түрде орындалады дйді. Бұның астарында шындық бар. Иә, тағатынан айрыла, бар ынт-шынтымен беріле армандаған адамның тілегін Алла орындайды. Бірақ, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, егер сіз Жаратқанның игілігін иеленуге лайықты болмасаңыз немесе соған сай өзіңізді алдын ала дайындамасаңыз, онда бұл игілік сізге бақыт емес, үлкен БАҚЫТСЫЗДЫҚ әкелмек.

Осыдан 12 жыл бұрын Астанадан Көкшетауға жұмыс барысымен келгенімде бір жігітпен жақсы араласып тұрдым. Әлгі ақкөңіл, өте сыпайы жігіт еді. Содан көп ұзамай оның қызметі өсіп, бастық болды. Сол-ақ екен, мінез-құлқы күрт өзгеріп шыға келді. Енді ол кездескенде сызданып әзер амандасатын болды және сырттай естуімше, қарамағындағыларға қырғидай тиіп, аса қатал бастыққа айналыпты. Содан оның теперішіне шыдамай бұрын онымен жақсы досжар болған бірнеше азамат қызметтен кетті. Жәй кетпей, әлгіге қатты ренжіп кетті.

Сөйтіп, қарамағындағыларға тізе батырып, айналасындағыларға жексұрын болып қалған ол кейінірек қызметінен айрылды. Мәңгі басшы болып тұра берердей көріп, өзін өзгелерден жоғары қойған ол енді бұрынғы таныстарынан қол үзіп, ешкімге қажетсіз болып қалды. Өкінішке орай, байлыққа, мансапқа қол жеткен соң, өзін өзгелерден жоғары санып, асып-тасып кеткендер – теріс әрекеттері арқылы айналасындағылардың бәрінен безіп, жақындарынан, дастарынан айрылып, ақырсында Алла берген игіліктен де қол үзіп, тұйыққа тіреліп жатады.

Табысқа жетудің кілті

«Секрет» фильмінде ойға алған мақсатқа жету үшін жасалатын екі қадам туралы айтылады. Бірінші қадам – Жаратқаннан ойыңызға алған мақсатыңызға жеткізуді тілеу немесе аталмыш фильмде ол визуализация, яғни арман-мақсатыңызға жетуге ақыл-ойыңызды бағыттау деп айтылады. Мәселен, сіз байлыққа қол жеткізгіңіз келді делік. Бірақ, қандай байлық? Соны нақтылап алу қажет. Үй-жайыңыздың болуы, автокөлігіңіз бен күнделікті шығындарыңызға молынан жетіп, артылатын қомақты табыс көзіңіз, отбасыңыз болуы – бақуаттылық сіз үшін осы ма? Әрине, біреу үшін айына 10 мың доллар мол табыс болса, екінші адамға айына 100 мың да аздық етпек. Сондықтан, аталмыш фильмде алдымен өзіңізге қанша ақша, игілік қажет екенін нақты айқындап алыңыз деп кеңес беріледі.

Екінші қадам және ол ең маңызды қадам – бұл қабылдау деп аталады. Яғни, Жаратқан сіздің тілегіңізді тыңдап, оны орындайтын болды, бірақ бұл сіз ойға алған мақсат орындалды дегенді білдірмейді. Ең алдымен, сіз сол игілікке лайықты болуыңыз шарт. Яғни, жүз келі салмақты көтере алатын деңгейге жаттығу арқылы жеткен спортшы сияқты, айына 10 мың доллар табыс тауып, соны тиімді пайдалана алатындай болуыңыз қажет. Міне, сонда сіздің тілегіңіз орындалмақ. Әйтпесе, сіздің визуализацияңыз да, тілегіңіз бен дұғаңыз да жәй сөз болып қалады. Өйткені, Алла егер сіз сол игілікті пайдалануға лайық болмасаңыз, оны сізге бермейді. Бұл, ең алдымен сіздің өзіңіз үшін жасалған шара.

Ал, сондай игілікке лайық болмаса да, армандарына жететін адамдардың сыры – олар асқан ынтызарлықпен тілейді. Мысалы: «шіркін-ай, қолыма сондай билік немесе байлық түссе меннен асқан бақытты адам болмас еді-ау» деп күңіреніп, іштей соған бар жанымен беріле ынтызар болады. Бұндай ынтызарлықпен тілеген пендеге Алла соған лайық болмаса да, тілеген игілігін береді. Бірақ, ол түптің түбінде әлгі пендеге еш бақыт әкелмей, керісінше бақытсыздыққа ұшыратады.

Түйін: Егер сіз байлық, мансап, атақ сияқты Алланың аса құдыретті қуаттарын қолыңызға түсіргіңіз келсе, ең алдымен ол маған не береді, сол игілікті пайдалану арқылы мен өзіме, өзгелерге қандай жақсылық жасаймын деген сауалдарға жауап беріп, өзіңізді сол игілікті пайдалануға даярлауыңыз қажет. Және Алладан тілей жүріп, өзіңіз де әрекет етуден, еңбектенуден ешқашан бас тартпаңыз. Солай еңбекпен жеткен игілік, өзіңіз соған лайық болған жағдайда сізге шынайы бақыт әкелмек. Бұл ойдан шығарылған ертегі емес, өмірдің өзі көзімізге әрдайым шұқып көрсетіп жүрген АҚИҚАТ.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика