Ауру деген не және ол қайдан пайда болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бұл туралы қарапайым адамдардың, бүгінгі материалистік ғылымның түсінігі өте қарабайыр: ауру деген адамның ағзаларының жұмыс ырғағының бұзылуы  түріндегі адам тәнінде болатын құбылыс. Ол қан қысымының  ауытқуы, ағзалардың жұмысының бұзылуы, түрлі бактериалар мен вирустардың әсерінен болатын теріс құбылыстар түрінде болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, ауру — бұл тек тәнге қатысты құбылыс, өйткені тәни дерттер тек тәнге әсер етеді.  Дегенмен де, веда ілімінің бір  тармағы болып табылатын аюрведа ілімі ауруды тек тәнге қатысты құбылыс деп қабылдамайды. Оны 4 негізде алып қарастырады: 1-ші тәннің ауруы; 2-ші, интелектуалдық даму жайы; 3-ші, адамның психологиялық-эмоциялық ахуалы; 4-ші, адамның рухани дамуы. Осы 4  негіз дұрыс болса, онда адам сау болып саналады, ал бір негіздің жұмысы бұзылса, онда ол ауру болып табылады. Аюрведа осыған орай, ауырған адамның тек тәнін ғана емдеп қоймайды, оның психологиялық-эмоциялық жағдайын, әлеуметтік жайын, рухани ахуалын – түгел қарастырады. Осыған орай, аюрведа ғылымы негізінде емдеу, адамды дертінен толыққанды жазуға және ауруынан толықтай айығуына ықпал етеді. Ал медицина ғылымы тән ауруын ғана қамтып, оның психика-эмоциялық, интелектуалдық және рухани табиғатына мүлдем назар аудармайды. Осыған орай, ауруханадан бір дертінен аздап жазылып шыққан адам, көп ұзамай басқа жері ауырып, қайтадан емханаға емделуге барады. Сөйтіп, бүгінгі медицина ғылымы ауруды ауруынан толық жазбайды, дертті дәрінің көмегімен аздап басады, ол сәлден соң қайта өршиді немесе басқа ауру түрінде қайта шығады. Осылайша, адам өле өлгенше аурулардан айықпай, өмірінің жартсын емхана мен ауруханада өткізеді және табысының жартсын дәрі алуға жұмсайды.

Веда іліміне сай, тән ауруының негізі – бұл адамның жасаған түрлі күнәлі теріс әрекеттері негізінде пайда болған тәндегі лас энергия болып табылады. Лас энергия тән ағзаларының жұмысына залалын тигізеді, содан түрлі дерт пайда болады. Адам – бұл тек ет пен сүйектен жаратылған тіршілік иесі емес, ет пен сүйектен тұратын тәннің ішінде ақыл, зерде және аханкара аталатын нәзік энергиядан тұратын 3 қабат бар. Тәннің көшірмесі іспетті екінші қабат – астральдық тән деп аталады. Онда энергетикалық каналдар мен орталықтар бар. Қытайдың у-шу аталатын шығыс жекпе-жегі  спорт түрінде ци аталатын энергия және ол энергияның адам тәніне кіндіктің астында орналасқан дантьян аталатын нүкте арқылы енетіні айтылады. Индус иогалары астральдық тәнде орналасқан 7 энергия орталығы бар екендігі жайында айтады. Міне, сол энергетикалық каналдар мен орталықтардың жұмыс ырғағы бұзылып, каналдар бітеліп қалған жағдайда ауру пайда болады дейді.

Қазақ «бір жамандықтың, бір жақсылығы болады» дейді. Бізге жаман болып көрінген нәрсенің астарында жақсылық жатуы ықтимал. Сол сияқты  тән ауруының астарында да адам үшін игілік болып табылатын тәнді лас энергиядан тазарту  құбылысы жатыр. Егер ақыл таразысына салып қарайтын болсаңыз, Жаратқанның барша тіршілік иелерін, оның ішінде саналы адамдарды, бүтін және толымды етіп жатратқанын бағамдауға болады. Мысалы, айналаңыздағы табиғатқа қараңыз: жан-жануарлар мен өсімдіктердің азығы Жаратқанның шапағатымен молынан жеткілікті етіп беріледі. Жануарлардың бірі шөп жесе, екіншілері кішілеу жәндіктермен қоректенеді. Олардың суы, азығы түгел табиғаттың мойнында. Ал табиғаттың өзі белгілі бір заңдылықтарға бағына отырып, сырттан ештеңе алмай өзін өзі толықтырады. Өзен мен көлдердің сулары буланып, көкте бұлтқа айналады, сосын жаңбыр болып жауады. Одан жер көгеріп, өсімдіктер өседі, өсімдікті жануарлар жеп қоректенеді, ал ол жануарлар өз кезегінде басқа жануарлардың қорегі болады. Сырт қарағанда осылайша табиғат еш күштің көмегінсіз өзімен өзі ырғақтылықта тірлік кешіп жатқандай көрінеді. Бұны бұрап жұмысын жүргізіп жіберген механикалық сағатпен салыстыруға болады. Сағат қашан пружинасы созылып, жеріне жеткенше соның серпінімен айналып, жұмыс істейді. Сырт қарғанда ешкімнің көмегінсіз өз бетінше жұмыс істеп тұроғандай көрінеді. Табиғат та дәл солай өз бетінше жұмыс істейді. Ал табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да толымды. Ол тамақ ішеді, содан қуат алады, тамақтың артық қалдықтарын зәр және нәжіс арқылы шығарып тастайды, ұйықтайды, жұмыс істейді. Сырт қарағанда ешкімнің көмегінсіз өз бетінше тіршілік етіп жатқандай. Адам бәлкім 50, 60, болмаса 80 жыл өмір кеше ме, ол үнемі осылайша толымды бүтін тіршілік иесі ретінде өмір сүреді. Ал ауру деген, тәннің жұмыс ырғағының бұзылуы. Енді осы арада мынаған назар аударыңыз: егер тәннің жұмыс ырғағы бұзылса, оны дәрі-дәрмек ішіп, немесе ота жасап ісікті кесіп тастау арқылы қалпына келтіруге бола ма? Жоқ. Адам тәнінің табиғи ырғақтылығы дәрінің күшімен қалпына келмейді. Дәрі ауруды аздап басады, бірақ жазып жібермейді. Күшпен, еріксіз тежелген ауру дегенмен сәлден соң қайта қозады. Неге десеңіз, табиғи ырғақтылық бұзылды және астральдық тәндегі каналдар бітеліп қалды. Соған орай ол аумақтарға энергия бармайды. Дәрі ішу арқылы каналдар тазармайды, табиғи ырғақтылық қалпына келмейді. Осыған орай, дәрі ішу арқылы аурудан жазылу мүмкін емес деп  нық сеніммен айтуға болады.

Аурудың қандай жақсылығы бар? Енді осыған тоқтала кетейік. Жаратқан адам деп аталатын тіршілік иесін жаратқанда оның бойына барлық қажетті қуаттар мен игіліктерді салған. Ол да жер сияқты сырттан ештеңе алмай өз бетінше ырғақты түрде тіршілік етеді. Белгілі бір себептермен тәннің табиғи ырғақтылығы бұзылып, энергетикалық каналдар бітеліп, ауру пайда болса, адам ағзалары сол дертті жеңуге барлық қуаттарын жұмылдырады. Ауру дегеніміз адам тәнінің негізгі қуаттарын дертті жеңуге бағыттауы, соған орай басқа ағзалар уақытша қуат алмайды және әлсірейді. Бұл температураның, қан қысымының ауытқуы түрінде көрінеді. Адам өзін әлсіз сезінеді, ауырдым деп ойлайды. Бұл кезде адам тәні бар қуатын жұмылдырып, бұзылған табиғи ырғақтылықты қалпына келтіруге немесе бітелген энергетикалық каналдарды тазартуға жұмыс істеп жатады. Бұндай сауықтыру жұмыстары біраз уақытқа созылуы мүмкін. Бұны адамдар ауыру кезеңі деп түсінеді. Шындығында бұл адам тәнінің бұзылған ырғақтылықты қалпына келтіру бағытында жасаған жоспарлы жұмысы. Егер адам шыдамдылық танытып, дәрі ішпей, өз ағзаларының олқылықты қалпына келтіруін күтсе, көп ұзамай ауруынан айығады. Дегенмен, бұл арада назар аударатын бір жай бар: ол адамның бойындағы қуат қорына байланысты мәселе. Иммундық қуат деп аталатын энергия адам бойында көп болса, ауруға қарсы тұру қабылеті де жоғары болады. Иммундық қуат аз болса, ауру ұзақ уақытқа созылады, тіпті асқынып кетуі де мүмкін. Өйткені, ауруды жеңетін қуат жетіспейді. Ал имундық қуаттың азаюына адамдардың арақ ішіп, темекі тартуы, зина жасауы сияқты теріс әрекеттерінің көп әсері болады. Бұндай адамдар әдетте түрлі ауруларға бейім болады.

Сөйтіп, бұдан не түюге болады? Ауру біз ойлағандай сыртқы ортаның немесе жұқтырғыш бактериялар мен вирустардың әсерінен болатын дерт емес, ауру адамның бойында лас қуаттардың жинақталуынан болатын табиғи ырғақтылықтың бұзылуы. Ауруды адам тәні өз бетінше ішкі қуаттарды жұмылдыру арқылы  жоя алады. Тек соған мүмкіндік беру қажет.  Дәрі ішу, дәрігердің көмегіне жүгініп, басқа да медициналық шаралар жасау, ауруды жазбайды, керісінше, ырғақтылықты одан әрі бұзуға әсер етеді. Осының салдарынан қазіргі күні елімізде емханалар саны жыл санап көбейіп барады, аурулар қатары азаяр емес, балалар да, жастар мен егде жастағы адамдар да ауырады және аурудың түрі де көбейіп кетті. Бұның өзі ауруды медициналық жолмен жазуға болмайтынын анық дәлелдеп тұрған жоқ па.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика