Ауытқушылықтың астарында не бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

гей1Адамдардың арасында кездесетін ауытқушылық тек тәніндегі өзгерістермен шектелмейді, психикалық жағынан да ауытқушылықтар соңғы кезде  белең алып барады. Бұл өздерін не еркек, не әйел екенін білмей дүбараға айналған трансгендер деп аталатын үшінші жыныс өкілдерінен анық көрінеді.  Тәні еркек, бірақ өзін әйел сезінетін, керісінше әйел тәніндеге өздерін еркекше ұстайтындар бүгінде қай жерде де кездеседі.

Үшінші жыныс өкілдері

Таяуда сотталған бір трасгендерді ер адамдарға арналған түрмеге қамау керек пе, әлде әйелдермен бірге ұстау керек пе деген мәселеге байланысты құзырлы орган қызметкерлері біраз бастарын ауыртуларына тура келді. Істі болып сотталған аты-жөні ер адам, бірақ өзін әйел сезініп, әйелше ұстайтын қылмыскерді оның адвокаты әйелдерге арналған түрмеге ауыстыру қажет деп айқай-шу көтерді.

Әлгі трансгендер деп аталатын жыныс өкілі ота жасатып, әйелдердің төсін салдырып алған. Ал, төменгі жағын ауыстыру үшін отыз мың доллардан астам қаржы қажет екен. Соны таппақ болып, өзі сияқты еркектен әйелге айналған келіншекті бопсалайды. Оған шыдамаған әлгі құқық қорғаушыларға арызданған. Сөйтіп, әйел болуға ынтызар азамат (шындығында азаматша) сотталып тынды. Адвокатының айқайымен оны әйелдер түрмесіне жіберді.

Жыныстарын ота жасау арқылы өзгертіп жататындар қазір аз емес. Ал, ақша жоқтықтан ондай ота жасауға шамалары келмегендер, гей дегендердің тобына қосылып, тәні еркек болса да өздерін әйелдерше ұстап, оны айтасыз өзі сияқты еркекке тұрмысқа шығып, отбасы құрып жатқандар бар. Бұндайлар Батыс елдерінде көп кездеседі. Бізде де соңғы жылдарда ашық болмаса да, жұрттан жасырын түрде «үйленіп» отау құрып жатқандар бар деседі.

Ал, тәні әйел бола тұра, өздерін еркек сияқты ұстайтындар да соңғы жылдарда жер-жерден бой көрсете бастады. Ондайлар әдетте тәні еркек сияқты, дөрекі және мінездері де солай болып келеді.

Ауытқушылық қайдан шығады?

Тәні еркек бола тұра, адам неге өзін әйелмін деп сезінеді? Бұл психикалық ауру ма, әлде табиғаттың ластануына байланысты туындап отырған экологиялық дерт пе? Енді осы мәселені өзімізше түсіндіріп көрейік.

Бһагавад Гитада адам аралық қуат деп түсіндіріледі. Яғни, оның бойында материалдық және рухани қуат бар. Бір сөзбен айтқанда, адам деген – бұл қуат, яғни энергия. Ал қуат деген екі зарядтан: оң және теріс зарядтан тұрады. Мәселен, кез-келген заттың ең кішкентай бөлшегі болып табылатын атом оң және теріс зарядты болып келеді.

Егер адам қуат болса, онда ол да екі зарядтан: оң және теріс зарядтан тұрады деп санауға болады. Оң заряд – бұл буддашылардың тілімен айтқанда ерлер бастауы, ал теріс заряд – әйелдер бастауы. Бірақ, бұл дүниеге келген адамның бойында бір ғана бастау: не әйел, не ерлер бастауы ғана болады. Яғни, ол жартыкеш болады.

Ал, егер адам тәні еркек бола тұра, өзін әйел сезінетін болса, онда ол теріс зарядты деп түсінген жөн. Адам туғанда еркек тәніне сай оң зарядты, немесе әйел тәніне сай теріс зарядты болып туады. Ал, керісінше болған жағдайда, бұның себебін бүгінде жиі кездесіп жататын ауытқушылықтан іздеу қажет. Ал мұндай ауытқушылықтар қайдан шығады, дегенге келсек, ол ең алдымен адамдардың азғындығынан, діни шарттарды сақтамайтындығынан деп айтқан жөн.

Самскара

Ертеде индустарда самскара деген рәсім болған. Оның мәні мынада: қыз бен жігіт үйленген соң біраз уақыт бірге құдайға құлшылық етіп, самскара деп аталатын діни рәсімнен өтеді. Содан кейін күнтізбенің бір қолайлы күнінде  Жаратқаннан жақсы ұл, не қыз тілеп құлшылық етіп, төсекке жатады. Осындай жақындықтан кейін Жаратқан олардың тілегін орындап, ұл тілесе ұл, қыз тілесе қыз беретін болған және балалары иманды, тәрбиелі болып өскен.

Қазір мұндай рәсім сақталмайды. Қыз-келіншектер кім көрінгенмен жүріп, нәпсіні қанағаттандыру үшін жақындасады. Осындай көңіл күйде пайда болған баланың бойында міндетті түрде ауытқушылықтар болады. Жыл өткен сайын көбейіп бара жатқан гомосексуал, лесбиянка, трансгендер деген терминдермен аталатын дүбаралардың шығу себебі де осында. Яғни, азғындықта жатыр.

Егер адамдар некесіз жақындықты жалғастырып, нәпсінің жетегінде осылай кете берсе, ұрпақ жүз пайыз азып, трансгендер мен гей дегендер қаптайтын болады. Бұндай құбылыстың негізі: адамдардың азғындығында жатыр. Бұл – АҚИҚАТ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика