Ажал ешқашан қалғымайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тамұқБіз дүниенің есігін ашқан сәттен бастап АЖАЛ көлеңке сияқты қыр соңымыздан қалмай, өле өлгенше бірге жүреді. Ажал адамға кез келген сәтте келуі мүмкін. Оның жайын жалғыз Алла ғана біледі. Ажал ешқашанда  қалғымайды, ажал ешқашанда тойдым демейді, ажал ешқашанда ешкімді аямайды.

Ажал адамдарды теңестіреді

Ажалға адамдардың дәрежесі, байлығы, атағы – бәрі бір. Ол ешкімді алаламайды және барша пендені теңестіреді. Өлген адам – мейлі ол кім болсын тартымдылығынан, қуатынан, денесінің жылуынан айрылып, семіп қалады. Жаны шыққан дене – КӨК ТИЫНДЫҚ ҚҰНЫ ЖОҚ ет пен теріден, сүйектен, нәжістен және зәр мен қаннан, шырыштан, сіңірден тұратын ҚАП қана.

Жаны шыққан тән бірден сасып, шіріп бұзыла бастайды. Оны сондықтан тез арада көміп немесе өртеп жіберу қажет. Әр діннің өз дәстүрі бар. Соған лайықтап біреулерді көмеді, енді біреулерді (буддизм және индуизм дінін ұстанушылар) өртейді.

Қозғалмайтын, ойланбайтын, ішіп-жемейтін, сөйлемейтін, еш әрекет жасамайтын өлі дененің басқа өлі дененден еш айырмасы болмайды. Немістердің конслагерінде өлген мыңдаған адамдарды шұқырға тастап, көмгені жайында деректі фильм көрсетілген еді. Жансыз қуыршақ тәрізді былқ-сылқ еткен денелерді солдаттар аяқ-қолынан ұстап шұқырға тоғытып жатыр. Сұмдық көрініс. Ал, енді сол жансыз денелерде қарап тұрсаңыз еш құн жоқ, тіпті адамға да ұқсамайды.

Тәннен жан шыққан соң дененің қадір-қасиеті жоғалады. Бұны өлі адамның тәніне қарағанда бірден сезінуге болады.

Өмір – өткінші

Күнде бір танысымыз, туысымыз өліп жатады. Бірақ соларды көре-біле, ести жүре өзімізге ажал ешқашан келмейтіндей жәйбарақат сезінеміз. Надандық деген де осы ажалды ойламай алаңсыз жүру болса керек.

Міне, кеше Өзбекстан деп аталатын 30 миллионнан астам халқы бар үлкен мемлекетті 25 жыл басқарған Ислам Кәрімов деген адам қайтыс болды. Оның мүрдесін Ташкеннен алып шығып, Самарқанға әкетті. Үлкен жолдың екі жағына жиналған адамдар гүл шоқтарын жолға қойып, жылап-еңіреп қоштасып қалды. ӨЛІМ атты ӘМІРШІ ел басқарған уақытша әміршіні белгісіз жаққа алып кетті. Бұл фәнидің әміршісі АЖАЛ-ӘМІРШІГЕ  еш қайран жасай алмай, бұйрығына лажсыз мойынсұнды. Шындығында БАРША ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ  де сол АЖАЛ. Пенделерге Алла АЖАЛ бейнесінде келіп, Өзінің құдыретін көрсетеді.

Өкініштісі сол, адамдардың көбі  АЖАЛ кейпіндегі Алланы да жаны кеудесінен шыққанша мойындамай, имансыз күйде кетіп жатады. Патша ма, қарапайым жан ба – Алланың алдында барша пенде бұл дүниеде істеген бар әрекеті үшін СҰРАЛАДЫ. Бұл – АҚИҚАТ. Ажалды ұмытпаған пенде әрқашан Алланы есіне алып, жамандықтан тиылып, жақсылық жасауға тырысып жүрмек. Ләйім, ажалды, АЖАЛ кейпіндегі Алланы ешқашан ұмытпай, әрдайым сауапты істерді істеуді нәсіп етсін бұл дүниеде.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика