Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Ажалдың арғы жағында не бар? Адамзат үшін жұмбақ болып келген осы тылсым құбылыстың қыр-сырына үңілетін уақыт келгендей. Белгісіз нәрсенің қашанда үрей мен қорқыныш тудыратыны белгілі. Егер біз ажалдың арғы жағында өзімізді не күтіп тұрғанын білетін болсақ, одан сонша қатты үрейленбес едік.
Ресейлік экстрасенс Вера Некрасова деген әйел өзінің өткен көптеген өмірлерін есіне түсіріп, сол жайында бірнеше кітаптар жазған. Кезінде Платон жазып кеткен Атлантида өркениеті туралы әлі күнге дейін нақты деректердің табылмауы оны адамзат үшін тылсым құпия етіп отыр. Атлантида туралы бірнеше кионфильмдер түсіріліп, әндер де шығарылды. Вера Некрасова өткен өмірлерінде Атлантидада туып, өмір сүргендігін айтып, біз үшін жұмбақ сол өркениет жайында біраз қызықты дәректерді келтіреді. Ол деректердің бәрін ойдан шығарды деп айту қиын, өйткені Некрасованың кітабы жұмбақ өркениет жайында егжей-тегжейлі баяндайды.
Экстрасенстің кітаптарының маңыздылығы Атлантида өркениеті жайындағы тың тарихи деректер айтуында ғана емес, ең алдымен адамзат үшін тылсым құпия болып келген өлімнен кейінгі адамның ахуалы жайында толымды және жан-жақты мәліметтер келтіретіндігінде Сонымен, Вера Некрасованың о дүние туралы естеліктеріне назар салып көрейік.
Мен өткен өмірімде АҚШ-та ер адам кейпінде дүниеге келдім, -дейді ол. –Менің өмірім өзгелерден еш ерекшелігі жоқ, бірқалыпты өтті. Үйленіп, отбасылы болдым. Бір ұлымыз бар еді. Дегенмен, кейінірек әйеліммен тіл табысы алмай, айрылысып кеттік. Содан кейін жалғызбасты тірлік кештім.
Жасы елуден асқан американдық азамат жазылмайтын қатерлі ісік дертімен ауырады. Ота жасап, емдеп көреді, дегенмен, қатерлі аурудың беті қайтпайды. Содан төніп келген ажалдан құтыла алмасын сезген ол, өлімге мойынсұнады. Күн сайын әлсіреп, солып бара жатқан ол бір күні дүкенге барып келе жатқанында әл-дәрмені құрып, автокөлігін әзер жүргізіп, үйне жетеді. Жандәрмен автокөлігінен түсіп, үйіне кіріп, төсегіне жатқан соң кенет денесінен бөлініп шыққанын сезеді. Ол өзінің өлі денесін сыртынан көріп, екіге айрылған ғажайып ахуалына қайран қалады.
-Менің еш жерім ауырған жоқ, өзімді өте еркін, тіпті тамаша сезіндім, -деп есіне алады ол. Сезімдері өткірленіп, айналасы бұрынғыдай емес, айшықтанып, анық көрінеді. Қызығы сол, ол бөлме қабырғасын көктей өтіп, еш кедергісіз көшеге шығады. Жаңа нәзік тәніне ешнәрсе кедергі бола алмайды және ұша да алады екен.
Осылайша, кенет тап болған ахуалына бойын үйрете алмай, қаланы аралап біраз жүреді. Онда уақыттың қалай өтетіні де белгісіз болып шығады. Күн батып, түн болды ма, әлде күндіз бе, қашанда жарқыраған жарық сәулесін шашып тұрады. Ол өз тәнін қалай жерлегенін, ет жақын туыстарының келгенін көреді.
Тірі адамдардың арасында жүрген оны ешкім көрмейді, сезбейді. Дегенмен, көп ұзамай ол өзі сияқты өлі адамдардың да барлығын көреді. Олар да қаланы аралап, кенеттен тап болған ахуалдарын түсіне алмай таңғажайып жағдайда жүреді екен. Тірі адамдардан өлі адамдардың айырмасы сонда, өлілерден тірілердегі сияқты жарқыраған жарық қуат көрінбейді, олар солғын тартып, бейне өшіп қалған шам сияқты көрінеді дейді ол.
Арада қанша уақыт өткені белгісіз, ол ақырындап тап болған ахуалына ет үйрете бастайды. Ал көп ұзамай тірілердің мекенінен алыстап, кенет өзі сияқты тәндерін тастаған өлілердің арасына өтеді. Бұл жерде өлілерге көмектесіп, оларға жол көрсететін, ақыл-кеңес беретін біреулер бар болып шығады. Сырттай олардың жұмысын бақылаған ол тілдесіп, ақыл-кеңес сұрайды. Өлілер мекенінде еңбек ететіндер полиция сияқты кезекшілік атқарып, өлілер арасында болып тұратын энергия алмасуға қатысты әртүрлі жағдайларды реттейтін көрінеді. Бұның да сол мамандардың арасынан орын алып, жұмыс істегісі келеді. Осы ойын айтқанда, оған өкілетті тұлғамен кездесіп, өтінішін беру керектігін айтады. Содан ол өкілетті маманмен кездесіп, өз өтінішін білдіреді. Жұмысқа алу үшін конкурстан өту қажет екен. Біраз күткен соң оған конкурстан өтіп, жұмысқа қабылданғанын хабарлайды. Осылайша ол өлілер мекенінде полицияға ұқсайтын энергия алмасуды реттейтін маман болып шығады.
Вера Некрасованың айтуынша, ол бұл жұмыста біршама уақыт істеген. Мұнда ақшаның орнына энергия беріледі екен. Тамақтанудың, ұйықтаудың еш қажеті жоқ және баспана да қажетсіз. Ол қызмет бабымен көп аумақтарды аралап, өлілер мекенін тамашалайды. Адам өлгеннен кейін бірден тап болатын астральдық өлшемде бәрі адамдардың осы дүниедегі жағдайына өте ұқсас. Өлген адамдардың бәрі осында келіп, біршама уақыт тірлік кешеді. Содан кейін нағыз о дүние аталатын ментальдық өлшемге өтеді.
Астральдық өлшемге біршама етін үйрете бастаған кезінде бірде оған қарапайым жұртшылық сияқты киінген бейтаныс келіп, ментальдық өлшемге өтетін уақытының жеткенін айтады. Бұл жерде біздер періште атайтын мамандар қызмет көрсетеді екен. Дегенмен, олардың сыртқы бейнесі қарапайым адамдардан еш өзгешелігі жоқ, киген киімдері де қарапайым.
Бейтаныс қолымен жарқыраған жарық шеңбер сияқты порталды орнатады. Бұған сол жарық сәуле түріндегі порталға енуін сұрайды. Әлгі жарыққа енген кезінде арғы жағынан үлкен кеңістік ашылады. Онда вокзал сияқты сәулетті ғимарат бар екен. Алдындағы кең аулада гүлзарлар, түрлі ағаштар өсіп тұр. Арқалығы бар орындықтарда бірлі-жарым адамдар өзара әңгімелесіп немесе жалғыз демалып отырғанын көреді. Олардың бәрі өзі сияқты бақи әлемге аттанатын сәтін күткендер екенін ол айтпай-ақ түсінеді. Вокзал сияқты ғимарат бақиға аттанатындар тоқтайтын орын секілді.
Көп ұзамай оны осында алып келген жол көрсетуші тағы да жарқыраған жарық сәуле түріндегі портал арқылы ментальдық әлемге алып өтеді. Ол ағып жатқан өзенді және өзен жағасынадғы әдемі сәулетті шағын үйді көреді. Айнала көк шалғын, алыстан орман көрінеді. Әріректе сағымданып тау бұлдырайды. Бір сөзбен айтқанда, табиғаттың көркі көз тартар әдемі мүйісі екен. Оны бастап әкелуші: «міне, келдік, енді осы жерде өмір сүретін боласыз, қажет болсам, ойша хабарласуыңызға болады» деп қош айтысып, портал арқылы көзден ғайып болады.
Ол ақырын жүріп әлгі әдемі үйге келеді. Үйдің ішіне кіргенінде кенет мұрнына дәмді тамақтың иісі келеді. Асүйге кіргенде өз көзіне өзі сенбей таң-тамаша болып аңырып тұрып қалады. Бұрын ажырасып кеткен әйелі асүйде ештеңе болмағандай тамақ дайындап жүр екен. Бұны көріп: «келдің бе, сәл күте тұр, қазір ас дайын болады» -дейді. Сол сәт көрші бөлмеден шыққан кішкентай ұлы «папа» деп жүгіріп келіп, мойнына асылады. Осылайша ол ертеректе ажырасып кеткен, бүгінде ержетіп жігіт болған ұлымен, қартайып кексе тартқан әйелімен кездеседі. Қызығы сол, ұлы сол баяғы өзі кеткен кездегідей кішкентай сәби күйінде, ал әйелі жап-жас келіншек қалпында екен.
Сөйтіп, ол ментальды өлшемде бұрынғы әйелімен және ұлымен болған өмірінің ең бақытты шақтарын қайта басынан өткізе бастайды. Бұнда жұлдыздар жоқ, дегенмен күн батып, түн болады. Үнемі жадыраған жаз. Азық-түлікті ойша қанша алғысы келсе, сонша алуына болады. Бәрі ауадан пайда болғандай кенет пайда бола кетеді. Тамақты кәдімгідей тәбетпен жейді, әйелі мен ұлы да табиғи кәдімгі адам қалпында. Әйелі, тіпті өзінің жұбайлық міндетін де жақсы атқарып, тән ләззатына бөлейді. Бір сөзбен айтқанда, көңілі көктем, жаны жаз дейтіндей ғажайып өмірге қалай сүңгіп кеткенін сезбей қалады.
Дегенмен, оның бұл өмірі тым ұзаққа созылмайды. Біраз уақыт өткен соң әйелі мен ұлы кенет ғайып болады. Жалғыз қалған ол жаңа тірлігіне бой үйретіп, еркін демалады. Жалғыз өзі өмір кешкен ғажайып әлемде ойы арқылы ол өз қалауымен барлығын да жасай алатын болып шықты. Алыстағы иесіз таудың етегінде сәнді әсем котедждер орнатып, шүйгін шөп өскен алқапта жайылып жүрген жабайы бұғыларды ой күшімен жасап қояды. Оның бәрі шын өмірде жоқ, жәй галограммалар болғанымен, қараған адамға жақсы әсер қалдырады.
Көп ұзамай оның дегенмен іші пыса бастайды. Сол сәт есіне ертеректе араласқан таныс достары түсіп, соларды шақырсам жаман болмас еді, деген ойға беріледі. Содан кейін өзін осында әкелген маман періште туралы ойлап, ойын бағыттайды. Сәлден соң жарық сәуле шашқан порталдан шығып, ол келе қалады. Періште маманға өз ойын айтқанында, бұның мүмкін екендігін, қолдан келгенше көмектесетінін мәлімдейді. Бұған әлгі таныстары туралы ойлау ғана қалады. Оның ойын оқыған маман арада біршама уақыт өткенде таныстарымен қауыштырады.
Көптен көрмеген достарымен қауышқан ол мәре-сәре болып, бір жасап қалады. Бастан кешкен жағдайларын айтып, әрқайссы өз өмірлерімен бөліседі. Біреуі өзі сияқты аумақта жеке үйде өмір кешсе, екіншісі үлкен қалада, қайнаған өмірдің ішінде болыпты. Онда, тіпті автокөліктер, электр пойыздары мен ұшақтар да бар екен. Кәдімгі Америкадағы мегаполистер сияқты.
Ол достарымен біраз уақыт өткізіп, жақсылап демалады. Ой арқылы бәрін жасауға болатын тылсым қабылетінің арқасында бұрын армандап қана жүретін нәрселерді түгел жасап, олар әбден шерқұмардан шығады. Бірақ та, бұл бақытты күндері онша ұзаққа созылмапты. Бір күні кенеттен келген періште маман оған бұндағы уақытының бітіп, енді жер бетінде қайта туатын кезі келгендігін хабарлайды. Достарымен қауышып, қызықты өмірге белшеден батқан ол кеткісі келмесе де, маманның пәрменін орындамау дұрыс болмайтынын сезіп, достарымен қош айтысады.
