145 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Соңғы кезде мақсатқа жету, өз өмірін жоспарлау туралы интернетте көп материалдар пайда болды және бұл салаға қызығушылар қатары да жыл санап өсіп келеді. Алдыңа нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің амал-тәсілдерін белгілеу, сол бағытта нақты әрекеттер жасау арқылы мақсатқа жетуге болатыны кім кімге де белгілі жай. Бірақ та, бұндай қиын да, күрделі істі атқаруға екінің бірінің шамасы, ерік-жігері  жете қоймайды. Сонда не істеу керек? Төмендегі ұсынылып отырған тәсіл мақсатқа жетудің қарапайым да, жеңіл және сенімді тәсілдерінің бірі болып саналады және оның шынайылығын бүгінгі ғылым да растап отыр. Сонымен…

Неміс ғалымының ашқан жаңалығы

Бір неміс ғалымы мынадай тәжірибе жасап, магнетизм деп аталатын құбылыстың ақиқаттығын тәжірибе арқылы нақты дәлелдеп берді. Ол дөңгелегі бар өздігінен жүре алатын роботты программалап үйдің ішінде белгілі бағытта жүргізеді және сол бөлмеге жаңа туған тауықтың балапанын жібереді. Анасын көрмеген балапан үшін қозғалып жүретін барлық обьект анасы сияқты көрінеді екен. Балапан әлгі робот қайда барса, қыр соңынан қалмай ілесіп, жанынан шықпайды.

Келесі күні ғалым балапанды бөлменің шетіндегі әйнекпен қоршалған қоршауға қамап қояды. Әйнектен бәрі көрініп тұрады, бірақ балапан сыртқа шыға алмайды. Әйнектелген бөлмеден  алдын ала жасалған программалық бағдармен шыр айналып кезіп жүрген роботқа қарап, оған жақындауға талпынған балапан қоршаудан шыға алмай әлекке түседі. Осыдан кейін қызық жағдай басталады.

Робот алдын ала жасалған программа бойынша бөлмені түгел шыр айналып жүруі тиіс болғанымен, ол балапан қоршалған қоршаудың жанына келіп, сол маңнан ұзамай шыр айналып жүріп алады. Балапан әйнек қоршаудан анасы деп санаған роботқа жақындауға талпынады, робот та әйнек қоршаудан алыстамайды. Осындай жағдай келесі күні де қайталанады. Яғни, бұл кездейсоқтық емес еді. Ғалым мұның мәнін зерделей келе, бар кінәнің балапаннан екенін түсінеді. Кішкентай балапан программаланған роботты әйнек қоршаудан алыстамай шыр айналып жүруіне еріксіз мәжбүрлепті. Бұның астарында «магентизм» деп аталатын бүгінгі ғылым онша мойындай қоймайтын тылсым құбылыс бар екені анық еді.

Ақыл-оймен қалағаныңа қол жеткізуге болады

Өзін өзі дамыту ғылымының сарапшысы Брайан Трейсидің пайымынша, магнетизм – бұл мүлтіксіз жұмыс істейтін Жаратқанның заңы. Оның мәні мынада: адам ақыл-ойы арқылы өзіне қалаған нәрсесін тарта алады. Мысалы, сіз сәулетті сәнді үйде тұрғыңыз келді делік. Осындай үйім болса деп армандап қана қоймай, өзіңізді күн сайын бір уақыт сендіріп, сондай сәнді үйде тұрамын деп ойлайтын болсаңыз, ақыл-ойыңыз магнетизм заңы бойынша әлгі игілікті, яғни, сәулетті үйді сізге тартады. Біраз уақыт өткенде сіз сондай сәулетті, сәнді үйдің иесі болғаныңызды сезбей де қаласыз.

Трейсидің пікірінше, дегенмен жәй қиялға берілу арқылы армандаған мақсатыңызға жету мүмкін емес. Сіз армандаған игілік мейлі ол ақша, сәулетті үй, қымбат автокөлік, мансап бола ма – не болса да, сіз ақыл-ойыңыз арқылы, өзіңізді сендіру арқылы әлгі игілікті роботты жанынан аулақтатпай шыр айналдырып қойған балапан сияқты жақындата түсесіз. Неге десеңіз, адамның бойында материалдық заттарды бағындыра алатын күш – рух бар. Ал рух сенім арқылы өз ықпалын жүргізеді. Яғни, магнетизм заңы толыққанды жұмыс істеп, арманыңыз нақты жүзеге ассын десеңіз, өзіңізді сендіріп, сол игілікке жеткен сияқты сезінуіңіз қажет. Сонда магнетизм заңы жұмыс істейді.

Визуализация деп атап жүрген өзін өзі сендіру әрекетін сіз бір күн емес, бір ай, одан да көп уақыт күн сайын жасауыңыз қажет болады. Міне, сонда сіздің подсознание, яғни түйсігіңізде сол игілікті қолыма түсіремін деген бағдарлама жазылады да, түйсік бағдарламаны жүзеге асыру бағытында нақты жұмыс істей бастайды. Ол сізді соған қарай бағыттап, қажетті адамдармен кездестіреді, нақты әрекеттер жасауға итермелейді, сөйтіп күндердің күнінде түйсіктің әмірімен сіз өзіңіз ойлаған арман-мақсатыңызға қол жеткізесіз.

Түйін: Армансыз адам болмайды. Бірақ жәй армандап қоя салу бар да, сол арманды нақты мақсатқа айналдырып, соған қол жеткізуге талпыныс жасау бар. Ал мақсатқа қол жеткізудің жоғарыда айтқанымыздай екі тәсілі болса, соның бірі – өзіңізді сендіру, яғни визуализациялау. Бұған сіз сенесіз бе, жоқ па, өз еркіңіз. Бірақ ақша төлемейтін, көп күш, уақыт жұмсамайтын осы қарапайым тәсілді пайдаланып сынап көруіңізге еш кедергі жоқ. Түйсігіңізді бағдарламалап байқап көріңіз, бәлкім арман-мақсатыңыздың биігіне жетіп қаларсыз.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика