31 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Сайтымызда өткен аптада  Дивидендо атты жаңа инвестициялық жоба туралы мақала жазған едім. Бүгін сол жоба туралы кеңірек тоқталған мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмын. Шынын айтқанда бұл жоба алғаш ойлағанымдай емес, біршама күрделірек және мақсат мәні де толымдырақ болып шықты. Енді осы жайында жан-жақты баяндай кетейін.

Жобаға кімдер қатыса алады?

Интернетте бүгінде жаңадан ашылып, ақшаға қарық қыламыз деп уәдені үйіп-төгетін бизнес жобалар аз емес. Өкінішке орай, олардың көпшілігі адамдардың ақшаларын алдап алып, түрлі сылтаумен жабылып қалып жататын арзанқол жобалар. Содан мезі болған адамдар мұндай жарнамалары жарияға жар салған жобаларға онша көңіл бөле қоймайды.

Соңғы кезде «Живая очередь», «Х-профит» сияқты жарнамалары келіскен, уәдені аямай үйіп-төккен жобаларға қатысып, берген уәделерінің жалғандығын көріп көңілім қалыңқырап қалған мен Дивидендо жобасына алғашында күдікпен қараған едім. Бірақ та, егер инвестор болып, ақшадан ақша жасау өнерін меңгеремін десең, онда  ақшаңды көбейтуге ықпалын тигізетін мүмкіндіктерді ешқашан жіберіп алмауға тырысу қажеттігі жөніндегі қағиданы ескеріп, тіркеліп көрмек болдым.

Алғашында байқау үшін 300 рубль тұратын (теңгеге шаққанда 1700 теңге)  1 токен сатып алдым. Жоба авторы Константин Сковоронскиидің айтқан сөзі рас екен, келесі күні кешкісін сатып алған 1 токенім аздап ақша түсірді. Осыдан кейін 3 токен сатып алдым. Бұл  4 токенім күн сайын ақша түсіре бастаған соң қосымша 10, кейінірек тағы 20 токен  алдым.

Қазіргі күні менің 34 токенім күн сайын 150 рубль, теңгеге шаққанда 900 теңгедей ақша түсіріп тұрады. Кеше 750 рубльді Пейер кошелегі арқылы шығарып алдым. Шығаруда ешқандай кедергі жоқ екен. Яғни, жоба арқылы ақша табуға және тапқан ақшаңды  іркіліссіз шығарып әкетуге болады.

Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі нақтырақ айтқанда артықшылығы: кіру табалдырығының төмендігі. Небары 300 рубль немесе 1700 теңгемен кіріп, жұмыс жасауыңызға болады. Соған байланысты болар, қазіргі күні жобаға қызығушылар да, оған кірушілер де аз емес.

Жоба сізге не береді?

Ең алдымен, салған ақшаңызды 2 есеге көбейтіп алуға жағдай жасайды. Мәселен, сіз 50 мың теңгеге токен сатып алсаңыз, бірнеше айдың ішінде сол ақшаңызды екі есе, яғни 100 мың етіп қайтарып аласыз. Ойлап қараңыз, бірнеше айдың ішінде ақшаңызды екі еселеу соншалықты жаман ба?

Екіншіден, инвестициялық жобаға қатыса отырып, осыған ұқсас басқа да инвестициялық жаңа жобаларға қосылып, қосымша ақша табу мүмкіндігін иеленесіз. Жоба авторы таяуда өткізген тұсаукесерінде болашақ жоспарларын түгел жайып салды. Жобаға қазір мыңдаған адамнан құралған өз командалары бар интернет бизнес лидерлері қосылуда. Жоба авторы оларға алдағы уақытта өз жобаларын қоса жарнамалап, адамдар шақыруына болатынын айтты. Яғни, бұл жобаға қатысқан адамдар көптеген басқа да жақсы табыс түсіретін жаңа жобаларға қатыса алады деген сөз.

Үшіншіден, сіз аз ақшамен қатыса отырып, белгілі бір мерзімде алғашқы капиталыңызды жинап алуға және инвестицияның әліппесін үйреніп, осы саладан біраз білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік аласыз. Ақырсында, төртінші тиімді жағы: жоба авторының жоспары бойынша бірер жылдан соң біраз ақша жиналған кезде, байыпты, сенімді инвестжобаға қатысу мүмкіндігін аласыз.

Константин Сковронскиидің айтуынша, есімі елге танымал сенімді ірі компанияның акцияларын сатып алып, инвестор ретінде пайда табуға мүмкіндік бар. Дегенмен, ол үшін қомақты қаржы қажет. Мына жоба сондай ақшаны табуға мүмкіндік бермек. Сондай ақша жиналған кезде, жоба авторы командамен бірге сол жобаға қатыса отырып, ай сайын тұрақты табыс түсіріп тұраныт ұзақ жылдық белсенді емес табыс көзін жасау мүмкіндігін жүзеге асырмақ. Міне, жобаға қатысу арқылы сіз табатын 4 игілік осындай.

Дивидендо жобасы туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы сайттан кіріп алуға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика