Бақи дүниеге деген сенім қалай шықты?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес мектептерінде оқып білім алған аға, орта буын өкілдері де, тәуелсіз мемлекетіміздің мектептерінде оқып жатқан қазіргі жас ұрпақ та негізінен жаратылысты материалистік түсінікке негізделген бағдарлама бойынша оқып, саналарына сіңіріп жатыр.

Балалар әлі күнге дейін адамның жаратылуын маймылдардан эволюциялық даму негізінде пайда болды деген Дарвиннің теориясына негізделген бағдарлама  бойынша оқып келеді. Өлімнен кейінгі өмірді толайым теріске шығаратын материалистік ұғымды саналарына сіңірген жас ұрпақты сондай-ақ, соңғы кезде біршама дамып өркендеуге мүмкіндік алған дін жолына салуға және талпынып жатқан жайымыз бар.

Мектепте Дарвиннің эволюциялық теориясын оқыған бала, енді ата-анасымен мешітке барып, ата-баба әруағына дұға бағыштайды. Осылайша, қазіргі жас ұрпақ қайда барарын, кімге, неге сенерін білмей екі айыр жолдың арасында жүрген сыңайлы.

Материалистік түсініккке негізделген ғылым дамыған сайын өзін-өзі теріске шығара бастаған жайы байқалады. Атақты ғалымдардың көпшілігі бүгінде дарвинизмнің құмнан тұрғызылған күмбездей уақыт талабына жауап бере алмай мүжіліп құлағанын мойындап, ашықтан ашық идеалистік түсінікке келе бастады. Олардың арасында дін жолына бой ұрғандары да аз емес.

Мұның өзі материалистер айтқандай адамның ғана емес, жалпы тіршілік атаулының кездейсоқ өздігінен және материядан жаратылды дегеннің терістігін, қатаң заңдарға бағынған бір бірімен жымдаса байланысқан тіршілік пен ғылым дамыған сайын құпиясы да көбейе түскен адам санасының жаратылуы белгісіз бір сыртқы күштің, Жоғары сананың ықпалымен жүзеге асқан деген пікірге еріксіз жетелеп әкелетіндей.

Мәселен, жан-жануарлардың тірлігі, өсіп-өнуі, ішіп-жемі – бәрін белгісіз күш алдын ала белгілеп қойғандай әсер қалдырады. Өсімдіктер көптеген аңдар мен жануарларға азық болса, сол аңдар мен жануарлардың өздері басқа жыртқыштарға тамақ болады. Осылайша, бірі арқылы бірін қоректендірген Жоғары сана олардың мүлде жоғалып кетпеуін де қадағалап, тепе-теңдікті сақтауға ықпал етіп отырғандай.

Миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген неандарталь адамы қазіргі тарихшы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып баяндағандарындай тастан құралдар жасап, тас үңгірлерде тұрған. Аң аулап, жеміс-жидектерді теріп жеп күн көрген.

Олардың тірлігінің қарапайымдылығы соншалық, жан-жануарлардан көп айырмашылығы бола қоймаған сияқты. Жануарлардан олардың негізгі бір айырмашылығы өлген адамды жерлеуінен көрінеді. Олар өлген адамды қабірге қойып, жанына тағам салынған ыдыс-аяқтар мен еңбек құралдарын, қару-жарақтарын қоса көмген.

Неге бұлай жасаған деген сауал өз өзінен көкейге оралады. Материалист ғалымдардың өздері мұны ежелгі адамдар өлген соң адамның жаны о дүниеде өмір сүреді деген сенім-нанымның ықпалымен жасалған деп мойындайды. Яғни, миллион жыл бұрын ғұмыр кешкен жартылай жабайы неандарталь адамдары да бақи дүниеге сенген.

Жануарларға қарағанда біршама санасы жоғары, тастан еңбек құралдарын жасайтын, қауымдасып тірлік кешетін ежелгі адамдардың өлген соң тіршіліктің тоқталатындығын көре тұра, өлімнен кейінгі өмірге сенгендері қалай? Мұндай сенім қайдан шықты?

Америкада денесінде екі миы бар кішкентай құрт өмір сүреді екен. Аталық құртқа беломыртқа тұсындағы миы аналықпен жақындас, ұрпақ өрбіт десе, басындағы миы жақындассаң өлесің деп қатерден сақтандыратын көрінеді. Бір басында екі миы бар, екеуі екі жаққа тартып, қайсысының дегенімен жүруді білмей дал болған аталық құрт аналықты шыр айналып ұзақ жүреді екен. Дегенмен, беломыртқа тұсындағы ми дегеніне көндіріп, ол аналықпен жақындасады. Жақындасып, ұрығын құйып болғанша ашыққан аналық құрт оның басынан бастап жей бастайтын көрінеді. Ұрығын құйып үлгірген оны ашыққан аналық құрт түгел жеп тауысқан соң ұйқыға кетеді. Оған жем болған аталық құрт көктемге дейін аман-есен жетуіне көмегін тигізеді екен. Көктемде аналық құрт жұмыртқа салып, ұрпақ жалғастырады.

Мыңдаған шақырым жол жүзіп барып, уылдырық шашып, өздері түгел қырылатын балықтар да бар. Ғалымдар табиғаттың мұндай құбылыстарын инстинкт деген жалғыз ауыз терминге сүйеніп түсіндіргісі келеді. Бірақ жан-жануарларды бастарын қатерге тіге отырып, ұрпақ жалғастыруға итермелейтін, олардың жейтін тағамдарын, өмір сүру ортасын белгілейтін күш бар екендігі осылардан анық байқалады. Жер өз өзінен 24 сағатта айналады, бір жылда күнді айналып шығады. Ай жерді 30 тәулікте айналып өтеді. Бәрінің айналыс шеңбері, уақыты бар. Қатаң тәртіпке, заңға негізделген. Сол сияқты жан-жануарлардың тірлігі де қатаң тәртіпке, заңға негізделгендігін аңғарамыз. Жоғарыдағы мысал  ретінде келтірген құртақандай құртты басын қатерге байлата отырып  ұрпақ жалғастыруға итермелейтін күш – қатаң тәртіпке, заңға негізделген бар әлемнің Жаратушысы, Жоғары сана – Алла тағала екендігі айдан анық. Ашыққан ұрғашы құрттың тамағына айналып, оның көктемге дейін аман-есен ұйықтауына, сөйтіп, ұрпақ жалғастыруына жағдай жасаған аталық құрттың қылығы еркімен, ақылмен жасалып жатқан істен гөрі, сыртқы белгісіз күштің ықпалымен болған әрекет екендігі анық аңғарылады. Тіпті, құртақандай құрттың да көкейіне салу арқылы дегеніне жүргізген құдыретті күш – Алла тағала екендігінде күмән жоқ. «Көктердегі және жердегі әркім әрі көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады (Әміріне бағынады)» (Рағыд сүресі, 15 аят) – дейді қасиетті кітап. Осылайша, Құранда айтылғандай барша тіршілік Алланың әміріне бағынып, мойынсұнады екен.

Миллион жыл бұрын ғұмыр кешкен неандарталь адамы да Жаратқанға мойынсұнып, әміріне бағынғандығы анық. Құртақандай құрттың көкейіне салғаны сияқты Алла алғашқы адамдардың да көкейлеріне өлген адамды тағы аңдар сияқты талап жеп, болмаса ірітіп-шірітіп тастап кете салмай, шариғат заңына сай жерлеуді салған сияқты. Өлімнен кейінгі өмірге деген сенім алғашқы адамдардың санасында әуел бастан-ақ болған тәрізді. Әйтпесе, түрлі аңдарды аулап, оларды өлтіріп, өліммен күн сайын бетпе-бет кездесіп жүрген адамдардың өлген қандастарын алыс сапарға аттандырғандай құрал-жарақтарымен қоса жерлеулерінің себебін қалай түсіндіреміз?!

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика