Бақытқа жеткізетін әмбебап кілт

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әмбебап кілтті қолға түсірудің ең алғашқы қадамы – өзіңіздің өміріңізді өзгерту қажеттігін түйсіну, жәй түйсініп қоймай, соған талпыныс жасауға бекінуден басталады. Ол үшін сіз мына сұрақтарға шыншылдықпен жауап беріп көріңіз: 1) өзіңізді ақылдымын деп санайсыз ба? 2) Өміріңізге көңіліңіз тола ма? 3) Алдыңғызға қойған айқын масқатыңыз бар ма? 4) Біліміңізді жетілдіру, танымыңызды кеңейту қажет деп ойлайсыз ба, әлде алған біліміңізге қанағаттанасыз ба? 5) Кімдермен араласасыз және ол адамдардың өмірдегі орны сізге ұнай ма?

Бірінші сауалға «иә» деп берілген жауапқа -2, «жоқ» деген жауапқа +2, ал білмеймін дегенге — 0 ұпай; екінші саулға – иә дегенге — -2, жоқ дегенге +2, білмеймін дегенге – 0, үшінші сауалға иә дегенге +2, жоқ дегенге -2, білмеймін дегенге – 0, төртінші сауалдың алғашқы бөліміне иә дегенге +2, екінші бөліміне иә дегенге -2, білмеймін дегенге -0, бесінші саулға иә дегенге -2, жоқ дегенге +2, білмеймін дегенге -0 ұпай жазылады.

Егер сіздің тест бойынша сауалдарға жауабыңыз +6-дан жоғары болса, онда сана деңгейіңізді көтеруге мүмкіндігіңіз бар деген сөз,  2-4 ұпай болса, сана деңгейіңізді көтеруге біраз күш жұмсауыңыз қажет болады.

Егер сіз сана деңгейіңізді көтеріп, өмірде алдыңызға қойған мақсаттарыңызға жетуді ниет етсеңіз, онда мына жайларға назар аударғаныңыз жөн. Жоғарыда айтқанымыздай, сана деңгейін көтерудің ең сенімді және қолжетімді тәсілі – санасы жоғары деңгейдегі адамдармен араласу, солармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Егер сізді сана деңгейі төмен адамдар қоршаса, олармен күнделікті жұмыста, тірлікте міндетті түрде араласу қажет болса, ол үшін онша уайымдаудың жөні жоқ. Санаңызды көтеру үшін ойыңызға алған мақсатыңызға өмірде қолы жеткен адамдар туралы кітаптарды оқып, бейнефильмдерді көру, солардың лекцияларын, әңгімелерін тыңдау керек. Бұл сіздің бойыңыздағы сондай биікке мен де жетемін деген сеніміңізді нығайтып, мақсатыңызға жетуге құштарлығыңызды арттырады. Ең бастысы, сана деңгейіңіз көтеріліп, солар сияқты ойлай бастайсыз. Ал бұл өз кезегінде сізді сондай биікке жеткізері анық. 

Біздің ойымыз телемұнарадан шыққан толқынға, ал ақылымыздың деңгейі антеннаға ұқсайды. Ойымызды неғұрлым жоғары, яғни асақ арман-мақсаттар жайында ойлауға, адами жақсы қасиеттер мен құндылықтарды еске алуға бағыттасақ, сана деңгейіміз де соған орай жоғары көтеріле бастамақ. Керісінше, арақ-шарап ішу, жеңіл жүрісті қыз-келіншектермен нәпсіні қанағаттандыру үшін арсыздықтар жасау, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстар жайында ойлау, сана деңгейімізді төмен құлдыратып, қараңғылық гунасының қақпанына түсіреді. Ондай пенделер жақсы мен жаманды айырудан қалып, хайуан сияқты өте қарабайыр және табиғи рахаттануға байланады. Олардың бар қанағаты – ішіп-жеу, ұйықтау және жыныс жақындығы түріндегі табиғи сезім деңгейінде болады.

Ал сана деңгейі жоғарылаған сайын адам ішіп-жеу, ұйықтау және жыныс жақындығы сияқты табиғи қанағат сезімінен бөлек, біршама нәзік, сондай-ақ, жоғары деңгейдегі – музыка, кітап оқу, театр, саяхаттау, спортпен айналысу сияқты жайлардан рахат ала бастайды. Қанағат сезімін неғұрлым сан түрлі және жан-жақты сезім нысандарынан алатындықтан, олар өздерін өте қуанышты, бақытты сезінбек.

Осыған орай, сана деңгейіңізді көтергіңіз келсе, салауаттылықты ұстанып, өнерге, спортқа жақын болғаныңыз жөн. Сана деңгейін шарықтата көтерудің тәсілі – Жаратқан туралы ойлау. Мешітке ара-тұра баруды әдетке айналдырыңыз. Құдай үйінде сіз Жаратқан туралы ойлап, сол арқылы сана деңгейіңіздің көтересіз.

Сана деңгейіңіз көтеріле бастаған кезде сіз арсыздық, маскүнемдік, қылмыс, дінсіздік, жалқаулық, топастық, кедейшілік дегендердің адамның бақытты болып, толыққанды өмір сүруіне кедергі жасайтынын түйсіне бастайсыз. Бұл сізді осындай жаман нәрселерден аулақтатып, бақыт пен қуанышқа бөлейтін игіліктерге ынта қоюыңызға ықпал ететін болады.

Сонымен мен сізге барлық мақсаттарыңызға, қуаныш пен бақытқа жеткізетін әмбебап кілтті бердім. Бірақ кілт есікті өздігінен ашпайды. Оны ашу үшін сіз кілтті құлыпқа салып бұрауыңыз қажет. Яғни, әмбебап кілтті дұрыс пайдалану, сол арқылы ойыңызға алған арман-мақсаттарыңызға жету – бәрі тікелей өзіңіздің ынта-ықыласыңызға, табандылығыңызға, дұрыс әрекетіңізге байланысты болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика