Байлыққа бастар бесінші қадам: ой-болжам

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

мақсатСіздің мүмкіндіктеріңіз – бұл ақылдың шеберханасынан шыққан сіздің  ой-болжамдарыңыз. Ол интелектуалдық қуатты нақты жүзеге асыруға, байлыққа айналдыруға қабілетті.

Ой-болжам – адамның болашаққа деген жоспарлары мен арман-тілектерін сомдайтын шеберхана. Құлшыныс пен ұмтылыс формаға ие болып, біздің санамыз арқылы болжамдануды қозғалысқа түсіреді. Адам ақылға сыйымды барша нәрсені жасай алады деп тектен-текке айтпаса керек.

Соңғы елу жылдықта адамзат баласының ой-болжамдары мен қиялдары оған дейінгі тарихымызда жасалғаннан көп нәрселерді жүзеге асырды. Қазіргі күні адамдар аспан кеңістігін түгел игеріп алғаны сонша, тіпті ұшқан құстарға да көкте орын қалдырмауға айналды. Миллиондаған шақырым қашықтықтан Күнді зерттеп, оның көлемі мен салмағын анықтады. Бұның бәрін адамдар ой-болжам арқылы жүзеге асырды. Адамзат қозғалыс жылдамдығын арттырғаны сонша, қазір дыбыс жылдамдығынан да артық жылдамдықпен қозғала алады.

Дегенмен де, ой-болжам мүмкіндігі толық көлемінде пайдаланылуда деп айта алмаймыз. Егер нақтырақ айтар болсақ, адамдар өздерінің осы бір үлкен мүмкіндіктерін енді ғана ашып, алғашқы қадамдар жасаған секілді.

Жасандылық және шығармашылық

Ой-болжам қызметі «жасанды ой-болжамдар» және «шығармашылық ой-болжамдар» түрінде көрініс береді.

Жасанды ой-болжамдар. Бұл арқылы адам белгілі тұжырымдамалар мен идеяларды, болжамдарды жаңа әдістерге топтастырады. Бұл қызмет кең көлемде пайдаланылғанына қарамастан, ешқандай жаңалық әкелмейді және жаңа нәрсені жасамайды. Жекелеген теңдессіз жаңалықтардан басқа күнделікті жаңалықтарды ойлап табу осы әдістеме шеңберінде жасалуда.

Шығармашылық ой-болжамдар. Шығармашылық ой-болжамдар арқылы адамның шектеулі зердесі Әлемдік Зердеге жол ашады. Сол арқылы барлық жаңа идеяларды жасап, қайта жаңғыртады және басқалардың түйсігіне ену арқылы байланысқа түседі.

Шығармашылық ой-болжамдар автоматты түрде жұмыс істейді. Бірақ та, ол жұмыс істей бастауы үшін сана тиісті ырғақтылыққа енуі қажет, тым болмағанда біздің жағдайға ұқсайтындай қатты тілек арқылы құлшынуы қажет.

Ой-болжамдар неғұрлым көп пайдаланылса, бізбен бірге жұмыс істеуге деген ынта-ықылас та жоғарылай түспек.

Бизнесте, өнеркәсіп пен қаржы саласында табысқа жеткендер мен талантты суретшілер, сазгерлер, музыканттар мен ақындар, жазушылар сондай жағдайға өздерінің ой-болжамдарын барынша дамыту арқылы қол жеткізді.

Жасанды және шығармашылық ой-болжамдар біздің бұлшық еттеріміз сияқты белсенді әрекеттен дамып, созыла түседі.

Тілек – бұл ой мен құлшыныс. Ол шынайы бейнеге айналғанша тұрпатсыз, абстрактылы және жалаң болып қалады. Сіздерге ақша түріндегі арман-мақсаттарыңызды заттандыру үшін алдымен жасанды ой-болжамды пайдалану дұрыс болады. Дегенмен, бұл жағдайда да шығармашылық ой-болжам туралы естен шығаруға болмайды.

Ой-болжамды жетілдіру

Әрекетсіз жағдайда ой-болжам әлсірейді, бұлыңғыр тартады, бірақ өшіп жоғалмайды. Оған нақты әрекет арқылы өмір беріңіз. Сізге көп жағдайда жасанды ой-болжаммен жұмыс жасауға тура келмек. Әсіресе, ақша табуға байланысты жоспар құрғанда бұны кеңірек пайдаланыңыз.

Кітапты түгел оқып шыққаннан кейін осы тарауға қайта оралыңыз. Ақша табу жөніндегі арман-тілегіңізге негізделген жоспарды дайындау барысында ой-болжамды жұмыс істетуге мәжбүрлеңіз.

Жоспарды жасаудың нақты тәсілдері кітабымыздың әр тараында айтылған. Соның ішінен өзіңізге қолайлы дегенін таңдап алыңыз. Егер сіз жоспар жасамасаңыз, онда ақ қағазға жазып, жоспарыңызды түсіріңіз. Бұл жүзеге асқан кезде сіздің арман-тілегіңіз бейнелі формаға көшеді. Жазғандарыңызды қайталап оқып шығыңыз. Дауыстап оқыңыз. Және созып ақырын оқыңыз. Осы арада сіз ойыңызды шындыққа айналдыруға алғашқы нақты қадамыңызды жасааныңыз туралы ойланыңыз.

Табысқа жетудің құпиясын табиғат жақсы біледі

Өмір сүріп жатқан Жер мен айнала қоршаған орта және өзіміз – бәрі эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болды және әрбір кішкентай бөлшекке дейін өз орнын тауып, сәйкесінше орналасты. Бұл арада мынау ойды бағалау да қиын: Жер шары, Сіздің тәніңіздегі әрбір клеткаға дейінгі өмір  тұрпатсыз қуаттан пайда болған.

Сіз байлыққа ешқашан өзгермеген және өзгермейтін заңдардың көмегі арқылы қол жеткізе аласыз. Бірақ та, алдымен сол заңдарды біліп, оны қалай пайдалануға болатынын меңгеруіңіз қажет. Оны сан рет қайталау және қайта жазу арқылы, оған әртараптан келу арқылы автор сізге оның құпиясын ашқысы келеді. Қызығы сол, бұл «құпияны» ашу арқылы сіз оның ешқандай да құпиясы жоқ екендігін сезінесіз. Оны табиғаттың өзі барша әлемге жария етіп көрсетуде. Ол өзіміз өмір сүріп жатқан – Жерде, көктегі жұлдыздар мен планеталарда, ол әрбір өскен шөп пен бұтада, көзге көрінетін, көрінбейтін заттарда.

Ұсынылған принциптерді қолдану арқылы сіз ой-болжамның қалай жұмыс істейтінін түсіне бастайсыз. Бұл философияны адамдардың бәрі бірдей бірден ұғына да қоймас.  Дегенмен де, кітапты одан әрі оқи отырып, ішкі жан дүниеңізден әлдебір жаңалықты сезінсіз, қабылдау айқындалып, түсінік аясы кеңи түскендей болады. Оқу – бұл процес, бір рет қана жасалатын әрекет емес. Сондықтан, бұл құпияны бірден ұғына алмайсыз, кітапты кем дегенде үш рет қайталағанда ғана ол ашыла бастамақ. Одан кейін сіз өзіңіз де қайталап оқудан шаршамайтын боласыз.

Идея – бұл ақша

Байлықтың бәрі идеядан бастау алады. Ал идея ой-болжамнан құралады. Осы арада кейін үлкен байлық әкелген бірқатар танымал идеяларға назар аударып көрелік. Сіз осы әңгімелерден ой-болжамның қаншалықты маңызды екенін түсінерсіз деп ойлаймын. Және осы арқылы өзіңіз қандай жетістіктерге жете алатыныңызды да сезінерсіз деген үміттемін.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика