Байлыққа жеткізетін төртінші қадам: арнайы білім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

инвестиция-1Білім – бұл сіздің өзіңіз жасаған бетбейнеңіздің көрінісі. Адам өзіне қажет білімді өзі іздеп табады. Қарапайым жоспар бойынша әрекет етіңіз – сонда сіз бәрін қайта басынан бастамайтын боласыз.

Білімнің екі түрі бар: бастауыш білім және арнайы білім. Бастауыш, яғни жалпы білімнің, тіпті ол сан қырлы және сан салалы болса да, сізге ақша табу үшін еш қажеті болмайды. Ірі университеттерде қазіргі өркениетке қажетті барлық салалар бойынша бастауыш білім бар. Десе де, сол оқу орындарында сабақ беретін профессорларды бай-бақуатты адамдар қатарына жатқыза алмайсыз. Олар өз білімдерін жастарға берумен, яғни үйретумен айналысады. Бірақ та, ешкім де профессорлар сол білімдерін нақты өмірде пайдалану мәселесін үйретеді деп айта алмайды.

Білім, мейлі ол қай салаға қатысты болмасын, нақты жоспармен, белгілі бір бағдар бойынша саналы түрде мақсатты айқындап, яғни ақша жинауға бағдарлай әрекет етілмесе, байлық әкелмейді. Бұл қарапайым ақиқат бүгінде миллиондаған адам құлай сенетін «білім – күш» деген сөздің адасушылық екендігін дәлелдейді. Шындығында, білім – бұл әлеуетті қуат қана. Ол шын мәніндегі күшке тек нақты жоспар жасай отырып, соңғы нәтижеге бағытталған әрекет жасалғанда ғана айналады.

Бұл «жетіспейтін буын» түріндегі түсінік жоғары оқу орындарын бітіріп, мамандық алып шыққан студенттердің өмірінен анық көрінеді. Осыған орай, көп адамдар мектеп қабырғасында бірнеше жыл ғана болған Генри Фордты білімсіз деп жаңсақ ойлап жатады. Бұлай ойлайтындар «білім» деген түсініктің шын мәнінде нені білдіретінін түйсінбейді. Бұл түсінік шындығында «біл», «жаса» деген ұғымды білдіреді, яғни оның астарында қасиетті кітаптағы Құдай адамдарды өзі тәрізді етіп жаратты деген ой бар, яғни адамда да жаратушылық немесе жасаушылық қасиет бар.

Білім – бұл бастауыш немесе арнайы білімді жан-жақты меңгерген деген түсінікті білдірмейді. Білімді адам – бұл өзгелердің мүддесіне қайшы келетін әрекетке бармай, өзіне пайдасы тиетін және игілік әкелетін әрекеттерді жасауға дағдыланған, соны ақылымен сезінген адам.

Білімділік пен надандық

Бірінші жаһан соғысы жылдарында чикаголық бір газет миллионер Генри Форд туралы «надан, пацифист» деп жазды. Өзін қорлаған мына мақаланы оқыған Форд бұның теріс екендігін айтып, сотқа шағым түсірді. Сөйтіп, осы іс бойынша сот мәжілісі өтті. Қарсыластар өздерінің сөзінің шындығын дәлелдеу үшін куә ретінде сотқа шақырылған Фордқа неше түрлі сауалдар қояды.

Ол сауалдардың ішінде «Бенедикт Арнольд деген кім?», «1776 жылы Бостондағы көтерілісті басуға Англиядан қанша солдат жіберілді?»  деген сияқты сауалдар болды. Форд екінші сауалға «мен қанша солдат жіберілгендігін білмеймін, бірақ олардың өте азы ғана үйлеріне аман оралыпты дегенді естідім» деп жауап береді.

Осындай сауалдардан біраз қажыған Форд бір кезде сауал қойып отырған адвокатқа саусағын безеп: «шындығында сенің осындай езбалақ сұрақтарыңа жауап бере отырып, мынаны есіңе сала кетсем артық болмас деймін. Маған бір кнопканы бассам жеткілікті, өзімнің сан салалы бизнесіме қатысты барлық мәселелерді бес саусақтай білетін мамандар маған сұраған кез келген сауалыма жауап беруге әзір тұрады. Сондықтан, мен уақытымның көбін бизнесті дамытудың негізгі иеяларына арнаймын. Ал оны жүзеге асыруға қажетті нақты ұсақ мәселелермен менің қызметкерлерім айналысады. Осындай жағдайда, маған соның бәрін білу, сол үшін қыруар уақыт жұмсау қажет пе?

Генри Фордтың жетістігінің құпиясы да дәл осында еді. Ол осы сөзімен заңгерді тығырыққа тіреді. Сотқа қатысқан жандардың бәрі мектеп бітірмеген Фордтың өздері ойлағандай надан емес, керісінше білімді адам екендігін түйсінгендей болды. Өзінің  білікті мамандардан құралған «басқару орталығы» арқылы Форд кез-келген қажетті сауалдарына жауап ала алатын еді. Оның елдегі ең бақуатты адамға айналуының сыры да осында болатын.

Білім – бұл жеңіл келетін құбылыс

Сіз арманыңыздағы ақшаны нақты затқа айналдырмас бұрын алдымен байлықты әкелетін сала бойынша арнайы білім алуыңыз қажет болады. Дегенмен, бұл саланың қыр-сырын меңгеруге шамаңыз жетпейтін немесе оған қабілетіңіз жоқ болса, онда Форд айтқандай мамандардан құралған «басқару орталығы» бұл мәселені оңай шешіп бере алады.

Мол байлықты жинау үлкен күш-қуат жұмсауды қажет етеді және бұл арнайы білім негізінде шебер де, ақылмен ұйымдастырылған жүйсіз жүзеге аспайды. Десе де, бұл  осындай зор байлыққа ие болғысы келген адамда міндетті түрде сондай білім болуы қажет дегенді білдірмейді.

Жоғарыда айтылған Форд жайындағы мысал байлыққа қол жеткізгісі келетін адамдар үшін арнайы білім міндетті түрде қажет бола қоймайтынын айғақтайды. Дегенмен, өз мақсатына жеткізуге көмегін тигізетін адамдар тобын құрып, оларды ұйымдастыра білу және басқару да білімді қажет ететіні шындық.

Томас Эдисон мектепте небары үш ай ғана оқыған. Кейін өнертапқышқа айналып, зор байлыққа қол жеткізген ол десе де, білімсіз, надан емес еді.

Генри Форд небары алты класты бітірді. Бірақ та, ол қаржы мәселесі жағынан кез-келген қаржыгермен сөз таластыра алатын.

Арнайы білім – бұл білімнің кең таралған және қарабайырлау түрі. Сондай-ақ, бұндай білім оншалықты қымбат емес. Бұған сенбейсіз бе? Онда оқу орындарының оқу ақысы мөлшеріне көз салып байқаңыз. Сонда бұған көзіңіз жетеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика