Байлық адамға берілген игілік пе, әлде қарғыс па?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың көбі ақшаға бәрін сатып алуға болады деп ойлайды және соған орай, қайтсем бай боламын деген арманмен неше түрлі стерге барып жатады. Біреулер қолындағы қызметін пайдаланып, жемқорлық жасаса, енді біреулер алаяқтықпен ақша тапсам дейді, қылмыс жасап, ұрлықпен немесе қарақшылықпен айналысатындар да бар. Адал еңбегімен байлыққа жетсем деп талпынатындар да кездеседі. Бұндай адамдардың бар ой-армандары қайтсем ақша табамын, қалай бай боламын деумен күндерін өткізу. Олардың айтатын сөзі де, ойлайтын ойы да ақша. Осылайша, бұндайлар ақшаға Құдайға табынғандай табынады.

Байлық игілік емес, тауқымет әкеледі

Кеңес заманында «күйеуіңнен құтылғың келсе, мотоцикл сатып алып бер» деген сөз болатын. Мотоцикл алған адам түптің түбінде бір пәлеге ұрынып, не өледі, болмаса жазылмас ауру табады. Сол сияқты егер істің мәніне байыппен ой жүгіртер болсаң, байлық адамға бақыт емес, керісінше азап пен тауқымет әкелетінін бағамдайсың.

Бұл сөзімізді дәлелдейтін айғақтарды өмірден жүздеп, мыңдап келтіруге болады. Елге танымал белгілі азаматтың бизнеспен айналысатын жалғыз ұлын ақша үшін біреулер өлтіріп кетті. Аса бай кәсіпкер ақша үшін әйелімен айрылысып, бар дүниесін ұлына қалдырған. Енді ол ұлымен байлыққа таласып соттасып жатыр. Пара аламын деп тәп-тәуір қызмет істеп жүрген бір кісі сотталды. Ол алған парасынан жүздеген есе көп айыппұл төлеп, ол аз десеңіз, өле-өлгенше жауапты қызмет атқару құқынан айрылды.

Осы жайларға қарап, байлық, ақша адамға күткендегідей бақыт емес, керісінше тауқымет әкелетінін түйсінуге болады. Шындығында, Алла ұнатқан адамына байлық емес, имандылық береді. Иманды адам ешқашан байлыққа, мансапқа ұмтылмайды. Ол барын қанағат етіп, қарапайым тірлік кешеді. Ал бай адам байлығыма байлық қосамын деп, немесе сол жиған-тергенімнен айрылып қалмайын деп жанталасумен күн өткізеді және ондайлар қыр соңынан қалмайтын үрей мен қорқыныштан арыла алмақ емес.

Ақшаға бәрін сатып алуға бола ма?

Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желілерде жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған астаналық Жамалиев деген кәсіпкердің жазықсыз жас жігітті үш сағат бойы ұрып-соғып азаптап, бет-аузынан түк қалдырмай жарақат салғандығы жайындағы бейнеролик көрсетілді.

Әйел-баласы бар жерортаға келген әлгі бизнесмен жас, сұлу қызбен ашыналық байланыста болады. Сол қызды әлгі жігіттен қызғанған ол осындай қатыгездік жасаған екен. Мұндай әрекетке оның ақша арқылы бәрін сатып алуға болады, маған сот та, от та жоқ деген өркөкіректікпен барғаны анық. Дегенмен, қалталы кәсіпкердің дегені болмады.

«Көп қорқытады, терең батырады» демекші, қарапайым жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған бұл істі Бас прокурор мен ІІМ тікелей назарда ұстап, ақыры ақшасына сенген Жамалиев сотталып тынды. Оны Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты 13 жылға бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Осылайша, байлығына сеніп шектен шыққан кәсіпкер бас бостандығынан да, жиған-терген дүние-мүлкінен де айрылды.

Егер Жамалиев бай кәсіпкер емес, қарапайым еңбек адамы болса, осындай қадамға барар ма еді? Жоқ, әрине. Бала-шағасын асырауға әзер шамасы жетіп жүрген адамға ашына неге керек? Ашынасы болмаса, басқамен шатысып не шатағы бар? Яғни, бұл іске тікелей әлгі азаматтың байлығы әсер етіп отыр деп айтуға болады.

Осыған қарап, байлық деген Алланың берген игілігі емес, керісінше Жаратқанның жек көретін пендесіне арнаған қарғысы ма деген ойға қаласың. Кеңес заманындағы  күйеуінен құтылғысы келетін әйелдің оған мотоцикл сатып әперетіні сияқты, Алла Өзі ұнатпаған пендесіне үйіп-төгіп дәулет беретін болса керек. Сол дәулетке мастанған ондай жандар неше түрлі теріс әрекеттерге барып, ақырсоңында абыройынан, денсаулығынан, жақын жандарынан айрылып, өкініште қалып жатады.

Шындығында, байлық, атақ-мансап – кез-келген адамды бұзады. «Семіздікті қой ғана көтереді» деген сөз бар. Яғни, байлық пен ата-мансапқа мастанбайтын, ақыл-естен айрылып, асқақтамайтын пенде жоқ. Байлыққа тек күндіз-түні Алланы ойлайтын әулие жан ғана алданбайды. Ал қарапайым пенделердің 100 пайызы байлыққа мастанып, ақылға симайтын неше түрлі әрекеттерге барады. Сондықтан, ақылыңыз болса, мол дәулетке жетіп, шылқыған бай боламын деп әуреге түспеңіз, басыңызға жететін дәулетіңіз, баспанаңыз, отбасыңыз, жөндемі қызметіңіз болса, одан артықтың қажеті де жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика