Барша әлемнің қозғаушы күші – махаббат

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

махаббатАбайдың «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» деген өлеңінде ұлы ақиқат бар. Бұл өлең Інжілдегі «жақыныңды сүй» және «Жаратқанды жаныңнан да артық сүй» деген өсиетімен үндес келеді.

Махаббат – барша әлемнің қозғаушы күші. Егер зер сала қарайтын болсаңыз, адам ғана емес, барлық жан-жануарлар мен аңдарда да махаббат сезімі болатынын аңғарасыз. Ботасын жоқтап, өле өлгенше боздап өткен Бозінген ертегінің кейіпкері емес, ол өмірде болған жай.

Махаббат ұшқыны барша тіршілік иелерінің жүрегінде бар.

Егер сіз ауылда өскен болсаңыз, кәдімгі қой түлігінің қозысын қалай сүйетінін көзіңізбен талай көрген боларсыз. Тұсақ аталатын алғаш туған тоқты қозысын қызғанып, тіпті адамға айбат шегетіні қайран қалдырады.

Сиыр сүтін бұзуына деген махаббатпен береді. Бұзау түрлі себеппен өлген жағдайда, қазақтар оның терісінен тұлып жасап, сиырды сауғанда әлгі тұлыпты жанына қоятын болған. Тұлыпты иіскеп, иіген сиыр сүт береді.

Ең жыртқыш, қатыгез аң қасқыр болса, онда да бөлтірігіне деген үлкен сүйіспеншілік сезімі болады. Қасқырдың бөлтірігін қалай баулитыны жайлы белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың әңгімесінде айтылады. Қотанға шапқан қасқыр қозыны тірілей апанына әкеліп, бөлтіріктеріне талататын болған. Осылайша, тірі қозыға шауып, үйренген бөлтірік тәжірибе жинап, аңшылықтың әліппесін меңгерген.

Ауытқушылық.

Барлық жан-жануарлар Жаратқанның белгілеген жолымен жүріп, өзіне тиесілі азығын жеп, табиғатына сай әрекеттер жасайтын болса, саналы адам Алла белгілеген жолдан ауытқып, азғындықтың құрдымына құлап барады.

Хайуандардың бәрінде болатын ұрпағына деген сүйспеншілік, яки махаббат сезімі адамда жоғалып барады. Ер адам мен әйелдің арасындағы сүйіспеншілік деген бүгінде ертегінің желісі сияқты сезіледі. Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу сияқты бір-біріне деген ынтызарлық қазір жасыратыны жоқ , кездеспейді.

Ол аз десеңіз, өз сәбиінен безінетін аналар қатары көбюде. Хайуанның бойынан молынан табылатын ұрпағына деген махаббат қазіргі жас аналарда сирек кездеседі. Биыл қыста теледидардан оңтүстік облыстардың бірінде тұратын жас келіншектің өзегін жарып шыққан қызын қалай ұрып-соғып азаптағаны көрсетілді. Баласына сонша қорлық көрсеткен әлгі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Махаббатсыз дүние бос.

Махаббат – бұл ер адам мен әйелдің арасындағы сүйіспеншілік қана емес. Оның ұғымы өте кең. Туыс-бауырларына, достарына, туған еліне, Отанына деген махаббат болып жалғасатын бұл құдыретті сезімнің ең басында Аллаға деген махаббат тұрады.

Фәни дүниедегі адамдардың бойынан табылатын түрлі нысандарға деген махаббат сезімінің бәрі үстірт және өткінші. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма қадалсын» деп тілейтін ананың балаға деген махаббаты да өткінші. Қасиетті Құранда қиямет қайымда туыстардың арасы айрылып,ата- ана баладан, бала ата-анадан безінетіні айтылады.

Мәңгілік шынайы құдыретті сезім – махаббат — бұл Аллаға деген сүйіспеншілік. Фәни жалғандағы өткінші фәни сезімдерден ерекшелігі сол – Жаратқанға деген махаббат бақи, яғни рухани. Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінде Аллаға деген ғашықтық сезімі туралы өте көп айтылады. Сопылықты ұстанған шәкірттің ең басты мақсаты – Аллаға деген махаббатқа жету.

«Жарға ғашық болғаныма, таңданатын түк те жоқ. Жер жаралмай тұрғанында, менде асықтың нұры бар» -дейді Шәкәрім. Яғни, Жаратқанға деген махаббат баршамыздың жүрегімізде жер-көк жаратылмай тұрғанда-ақ болған. Өмірдің басты мәні – сол ұйықтап жатқан Жаратқанға деген махаббат сезімін ояту. Сол кезде біз өз табиғатымызға сай қалыпты күйге түсіп, мәңгілік бақи әлемнің бақытты тұрғынына айналатын боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика