Бауырыңыз ауырған жағдайда…
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Адам ағзаларының бәрінің де өз орны және маңызы бар. Аса маңызды адам ағзаларының бірі – бауыр. Бауырдың атқаратын қызметі сан алуан. Ең басты қызметінің бірі ретінде шырыш бөлу қабілетін айтуға болады. Бауыр тәулігіне 600 мг. шырыш бөледі екен. Ол өз кезегінде ас қорытуды жеңілдетеді. Шырыш құрамындағы тұз бен қышқыл тамақ арқылы асқазанға түскен майды ұсақ көбіктерге айналдырып, жеңіл қорытылуына жағдай жасайды. Сондай-ақ, тәнімізге қажетті барлық витаминдер түгелдей бауыр арқылы өтіп, бойымызға сіңеді. Одан қалды, бауыр тамақ арқылы енген түрлі улы заттарды залалсыздандырады.
Бауырдың жауы — гепатит
Бауырдың қызметі мұнымен шектелмейді. Онда минутына 20 миллион түрлі химиялық реакциялардың жүзеге асып отыратындығы, бауырдың адам ағзасы үшін қаншалықты маңызды екендігін айғақтайды.
Тәніміз үшін осыншалықты маңызды рөл атқаратын бауырдың ауруы бізге қаншалықты залалын тигізетіндігін айтпай-ақ ұғынуға болады. Бауырға қатер төндіретін аурулардың ең алдыңғы орнында гепатит тұр. Тамақ арқылы таралатын бұл ауру адам өміріне үлкен қатер төндіреді. Гепатидтің түрі де көп: А, В, С және Д гепатидтері кең таралған.
Бауырды емдеудің қарапайым жолы
Бауыр ауруын дәрі күшімен емдеу оншалықты игі ықпалын тигізбейді. Химиялық дәрі-дәрмектің бір ауруды әлсіретіп, екіншісін күшейтетін кері ықпалдары аз емес. Бауыр ауруынан емделу, ең бастысы оның алдын алуда дұрыс тамақтанудың рөлі зор. Мамандар даярлаған бауыры ауыратындарға арналған диетаны назарларыңызға ұсынамыз. Диетада вегетериандық жемістерге, сүттен дайындалған көжеге үлкен көңіл бөлінген.
Таңертеңгі тамақ: салат – қияр – 50 г., қызанақ – 50 г., өсімдік майы – 5 г., көкөніспен котлет, фарш – 100 г., нан – 20 г. Сүт – 20 г., гарнир – қызылша – 100 г., қаймақ — 5 г.
Түскі тамақ – вегетериандық борщ: капуста – 100 г., картофель – 100 г., қызылша – 20 г., сәбіз – 20 г., қаймақ – 5 г. Капустамен суға бұқтырылған балық. Сондай-ақ 200 г. көлемінде жеміс жеген дұрыс.
Кешкі ас – белок омлеті. Аталмыш диетаның калориялық құндылығы мынадай: 140 г. белок, 80 г. май, 500 г. углевод, Жалпы калориялық қуаттылығы – 3300 ккал.
Тамақ тәртібін сақтаңыз
Бауырыңыз ауыратын болса, тамақтың тәртібін сақтаудың маңыздылығын естен шығармау қажет. Қазақ «ауру – астан» деп текке айтпаған. Дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, көптеген дерттің алдын алуға көмектесіп қана қоймай, бойыңыздағы дерттерден айығуға да игі ықпалын тигізбек. Егер бауырыңыз ауыратын болса, жоғарыда аталған диетаны пайдаланып көруіңізге болады.