217 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Басты рөлде Борат деп лақап ат қойып біздің еліміз туралы кино шығарған  американдық сайқымазақ Саша Коэнді жерден алып, жерге салып, тіпті оны атып өлтіретін киллер іздеу керек деп жатқан адамдардың  көзқарасы «бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деген қазақы нақылға келетін тәрізді. Ау, американдық сайқымазақ елімізді мазақ етіп, жалған айтып жала жауып жатқан жоқ қой, айтса шырылдаған шындықты айтты. Ол үшін ренжуге бола ма. Сайқымазақтың әрекеті жанымызға батып, намысымызға тисе, онда мазақ болмау қамын жасап, мінімізді түзеуіміз қажет.

Клоунстандағы қызық жайлар

Жақында Борат туралы түсірілген жаңа фильмнің үзіндісін көрдім интернеттен. Клоунстан деген ел бар, онда клоундар деген халық тұрады деген барлық қазақтың намысына тиетіні айтпаса да түсінікті. Десе де, онда айтылған біраз жайлардың шындық екенін мойындауымыз қажет.

Мысалы, Борат айтады: «мен қымбат машина алсам, көршім де алады, ол қымбат тон алса мен де сондай тон сатып аламын, мен кредит аламын, ал оған банк кредит бермейді, сол үшін мен қуанамын» -дейді. Бұл қазақтардың арасындағы сонау кеңес заманынан келе жатқан бақастық деген қанға сіңген құбылыс. Бұны «бәсеке» деуге болмайды. Ол кеңес заманында онша залалсыздау еді, қазір нарық кезінде қазақты кредитке байлап, тақырға мықтап отырғызуда.

Өзгелерден қалмаймын деп бар мүлкін кепілге қойып, пәлен пайыз өсіммен банктен кредит алып жыртылып той жасайтындар өте көп. Қазақты кедейшілкке байлап қойған себептің бірі – осы бақастық. Борат соны айтса, ол үшін неге ренжуге болады? Өтірік емес, шындық қой бұл.

Ал депутататтар мен әкім қаралардың назарынан тыстау шалғайда орналасқан елді мекендер мен көшелердің асфальттанбайтыны, көктемде батпақ болып, қыста қар басып жататыны жалған ба? Ондай ойқы-шойқы көшелерді басқа емес, дәл Астананың іргесіндегі елді мекендерден, тіпті қаланың  шет жағындағы көшелерден де кездестіруге болады.

Қазақ жастарының білім үшін емес, диплом үшін оқып, ақша  төлеп диплом алатындығы, тамыр-таныстықпен жұмысқа орналасатыны өтірік пе? Көп мәселелерді парамен шешіп алуға болатыны, адам құқығы қорғалмайтыны жалған ба? Ендеше американдық сайқымазақ айтқан жайларға өкпелеуге, елімізді мазақ етті деп ренжуге бола ма?!.

Мен көзіме мақтайтын жағымпаз достардан қорқамын

Шыңғыс хан айтыпты деген мынадай сөз бар: «мен жауларымды құрметтеймін, өйткені олар мені үнемі сақ жүруге мәжбүрлейді, мен бейтарап адамдарды сыйлаймын, өйткені олар жақсымды жақсы, жаманымды жаман деп шындықты айтады, мен көзіме өтірік мақтайтын жағымпаз  достардан қорқамын, өйткені олар мені босаңсытып, сақтықты ұмытуға мәжбүрлейді».

Қазір елімізде билік өкілдерінің арасында жағымпаздық, көзге мақтау деген әбден әдетке айналып алды. Тіпті, еш елде жоқ және тарихта болмаған көзі тірі көсемінің атына астанасын берген, барлық ірі қалаларының басты көшелерін атаған болашақ ұрпақ алдында  масқара қара таңба болып басылатын  жағымпаздықтың ең биік шыңы болған оқиға да бізде орын алды.

Бұл енді асқынып кеткен қоғам үшін, ертеңгі болашағымыз үшін аса қатерлі дерт қой. Ал дертті емдемесе, ол асқынып ажалға ұшыратпақ. Мемлекеттің дерті сол мемлекеттің жоғалуымен бітетіні даусыз шындық. Ендеше, орын алып жатқан олқылықтарымызды сайқымазаққа айналдырған Боратты қаралап, оған өкпелегенше, ел болып орын алған, алып жатқан олқылықтарымызды түзеуге жұмылсақ, бұл болашағымыз үшін қажет аса маңызды шаруа болмақ.

Интернеттен ақша табу, инвестиция, халық емі, қашықтан жұмыс істеу, т.б. тақырыптарға байланысты барлық пайдалы ақпараттарды түгел бір сайттан - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика