Биліктің ең оңтайлы формасы – монархия

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

85Адамзат баласының бүгінгі құрып жатқан «азаматтық демократиялық зайырлы қоғамының» неге жеткізетінін байыптау үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ. Азғындық, жемқорлық, қылмыс, әділетсіздік, кедейшілік, соғыс, қарулы төңкерістер, т.б осындай игіліктер – бүгінгі қоғамның жемісі. Қазір жағдай күн санап ушығып, азғындықтың құрдымына құлдырап барамыз.

Демократия – сайтанның ойлап тапқан билік тәсілі

Демократия, яғни халықтық  билік дегенді адамзат бүгін ойлап тауып отырған жоқ. 2-3 мың жыл бұрын өмір сүрген грек қала мемлекеттері, онан кейінгі Рим – демократиялық басқарудағы мемлекеттер болды. Осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір кешкен Солон деген саясаткер Афиныда дәл қазіргі шенеуніктер тәрізді реформалар жүргізген. Ол халықтың бостандықтарын кеңейтіп, әлеуметтік жағынан қорғауды, қаланы абаттандырып, көркейтуді, халықтың тұрмысын жақсартуды, т.б. реформаларды қолға алған.

Бірақ уақыт өте келе демократиялық қоғамның тиімсіздігі, оның халық билігі деген жәй аты болмаса, жұртты алдайтын алаяқтардың қолындағы құрал екендігі белгілі болды. Осыдан кейін гректер, кейінірек римдіктер халық билігінен бас тартып, монрахияға, яғни патша билігіне көшті. Міне, содан кейін-ақ бұл мемлекеттер шарықтап дамыды және әлем тарихында өшпес із қалдырған ғажайып жетістіктерге жетті.

Халық билігі дегенге зер сала қарасаң, шын мәнінде халыққа еш қатысы жоқ  жұртты алдайтын шағын алаяқтардың билігі екендігін бағамдауға болады. Жалпы демократиялық билік деген бастан аяқ алдауға негізделген. Сенбейсіз бе? Онда қазіргі әлем елдеріндегі жайларға назар аударып қараңыз.

Мәселен, АҚШ-та екі бәсекелес билік партиясы – либералдар мен демократтар бар. Олар билікке кезек-кезек келіп отырады. Бірін-бірі сынап, ит терілерін бастарына қаптайды. Билікке келсек олай жасаймыз, бұлай жасаймыз, бір сөзбен айтқанда қарық қыламыз деп уәдені үйіп-төгеді. Содан билікке келген соң бәрін ұмытып,  қалталарының қамын жейді. Екі партия болатын себебі – бірін-бірі теріске шығарып, халықты сол арқылы алдауға негізделген.

Англия, Франция, Германия сияқты дамыған елдердегі жағдай да осыған егіз қозыдай ұқсас.

Біз үлгі тұтып, шіркін солардың деңгейіне жетсек деп армандайтын АҚШ, Германия, Швеция сияқты елдерде де жұмыссыздық, қылмыс, жемқорлық, кедейшілік, баспанасыздық, т.б. келеңсіздіктер бар және бізге қарағанда олар бұл жағынан біраз ілгерілеп кеткен.

Халық сайлауы – бұл шебер қойылған спектакль

Билікті демократиялық қоғамда халық сайлап қояды. Бір қарағанда бәрі әділ, тамаша сияқты. Халық өз еркін білдіріп, неғұрлым лайықты адамды таңдап билікке сайлайды. Ал шындығына келсек, бұның бәрі асқан шеберлікпен ұйымдстырылған спектакльден басқа ештеңе емес. Кімнің ақшасы көп болса, сол ақпарат құралдары арқылы өздерін шебер жарнамалап, жаманын жақсы етіп көрсетеді де билікке сайланады. Ал ақшасы жоқ адал саясаткер жер қауып далада қалады.

Қазір АҚШ-та президент сайлауы өткелі жатыр. Биліктен негізгі үміткер миллиардер Трамп пен бұрынғы президенттің зайыбы Хилари Клинтон бірін-бірі ит терісін бастарына қаптап жамандап, өздері билікке келсе қарық қылатынын айтып жар салуда. Олардың әрекеттеріне қарасаң, сахнада ойнайтын кәсіби артистер шаңдарына ілесе алмайтындай. Қазіргі президент Обама да сайланарда не түрлі уәделерді үйіп-төккен-ді. Саяси сараптамаға қарасақ, соның ешқайсысы орындалмапты. Ол, тіпті Гуантанама түрмесін де жаба алмай кетіп барады. Обама осылай алдап, жер соқтырған американдық қарапайым сайлаушылар ендігі үміттерін Трамп пен Хиларидің біреуіне артпақ. Бұл спектакль осылай жалғаса береді, жалғаса береді…

Сайланып қойылған билеушілер неге уәделерін орындамайды?

Бес, алты, тіпті жеті жылға сайлана ма, сайланып қойылған билік басындағылардың бәрі өздерінің уақытша адамдар екендігін жақсы біледі. Сондықтан, қолында билік барда қоныштан басып, қалталарын толтырып алуды ойлайды. Бұл – барша адамға тән осалдық.

КСРО неге құлады? Өйткені, мұнда жеке меншік болған жоқ. Ал қоғам меншігі деген – ешкімдікі емес деген сөз. Ешкімдікі болмаса, онда ұрла, тона, сындыр, бүлдір, ысырап қыл. Қазақ «өзім дегенде өгіз қара күшім бар» дейді. Егер өз меншігің болса, онда сен бүлдірмейсің де, ысырап қылмайсың.

Ешкімнің меншігі емес дегенге сүйенген социализмнің қирап, жеке меншікке негізделген каптиализмнің гүлденіп бара жатуының ең басты себебі де дәл осында.  Сайланып қойылған билік иесі өзіне сеніп тапсырылған игіліктің иесі еместігін жақсы біледі. Сондықтан, қолында мүмкіндігі барда ішіп-жеп, қиратып, бүлдіріп, ысырап қылып қалуға тырысады. Бүгінде белең алып кеткен ЖЕМҚОРЛЫҚ деп аталатын дерттің ең басты және негізгі, бірден бір себебі дәл осында.

Монарх – бұл меншік иесі

Монарх, мейлі ол патша, император немесе хан, сұлтан аталсын – бәрі меншік иесі болып табылады. Ол өздері билік ететін елдің толыққанды ҚОЖАЙЫНЫ. Ол елді өле өлгенше басқарады және өлген соң билік оның балаларына немесе туыстарына қалады. Яғни, мемлекет соның меншігі іспетті. Ал меншік иесі, ақыл-есі дұрыс болса ешқашан өз меншігін ысырапқа салмайды, бүлдірмейді, әлдекімдердің  (шенеуніктердің) талан-таражына бермейді.

Сайланып қойылған билік басындағылар (президент немесе премьер-министр)  төмендегі шенеуніктермен бірлесе  (ауыз жаласып деген орынды болар)  уақытша биліктерін пайдаланып қазынаны тонаса, мемлекеттің ҚОЖАЙЫНЫ – патша немесе сұлтан ешқашан ондайға жол бермейді. Өйткені, мемлекет түгел соныкі. Ал жеке меншігін біреулерге кім талан-таражға бермек?

Бүгінде әлемдегі ең бай елдер саналатын – Сауд арабиясы, Біріккен араб әмірлігі – екеуі де монархиялық елдер. Сұлтан басқаратын бұл елдердің патшалары ғана емес, барша халқы аса бақуатты өмір сүреді. Алақандай Біріккен араб әмірлігінің жері түгел құм екен. Мұнайдан басқа ештеңесі жоқ осы ел бүгін жерін нағыз жұмаққа айналдырып қойды. Жеті миллиондай ғана халқы бар елде 700-ден астам миллионер бар екен. Бұл ел әлемдегі миллионерлер саны ең көп мемлекет саналады.

Араб әмірлігінде сәби дүниеге келген күні оған  жеке есеп-шот ашып, түсіп жатқан мұнайдың табысынан аударылып тұрады. Ол кәмелетке толғанда қомақты сома жиналып, сонымен өмірін бастайды. Біріккен араб әмірлігінде қара жұмысты тек сырттан келген келімсектер ғана жасайды. Ал жергілікті халық ертегідегідей бай тұрмыста шалқып өмір кешуде.

Ал мұнайының қоры Араб әмірлігінен еш кем емес Қазақстандағы жағдай қандай? Біздің мұнайымыздан басқа темір, көмір, мыс, уран, алтын сияқты пайдалы қазбаларымыз, оған қоса миллиондаған гектар құнарлы егіс алқабымыз бар. Оның өнімдерін халық үшін пайдалансақ, Қазақстан Біріккен араб әмірлігінен де халқы бай әлемдегі №1 елге айналар еді. Ал сонша байлық қайда кетіп жатыр? Уақытша билікке келген, яғни халық сайлап қойған биліктегілердің талан-таражынан осындай жағдайдың орын алып отырғандығы ешкімге құпия емес.

Түйін

Бұл мақаланы жазғандағы басты мақсат — әлемді билеген қазіргі жамандықтардың бәрінің түп негізі  биліктің аз ғана алаяқтардың қолына өтуінен болып отырғанына, халық билігі деген шындығында жұртты алдау арқылы билікке келетін өзімшіл пенделердің билігі екеніне назар аудару. Табиғи дамудың заңдылықтары түптің түбінде ертедегі грек, рим елдеріндегі сияқты демократияны ығыстырып, монархияны қайта әкелуін ешкім теріске шығара алмайды. Бірақ ол қашан, қалай болары тек Аллаға ғана аян.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика