Біткен іске сыншы көп

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

71«Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді» деген сөз бар. Кез-келген істе олқылық, кемшілік орын алуы мүмкін. Соның бәрін көзге шұқып сынап жату ешкімге абырой әкелмейтіні өз алдына, өмір жолын жауып, санасын ластандырады, өміріне залалын тигізеді. Шығыстанушы, халық емшісі Олег Торсуновтың айтуынша, біреуді сынау арқылы адамның санасы ластанып, бойына түрлі дерттер орнығады және өмір жолы жабылады екен.

Алдымен өзіңді түзе

Қытайдың ұлы ойшылы Лао Цзыдан бір патша «елімді түзу жолға салғым келеді, ол үшін не істеу қажет?» деп сұрайды. Сонда ғұлама «еліңді түзеу үшін алдымен өзіңді түзе» деп жауап беріпті дейді. Яғни, әр адам бақытты, бақуатты, денсаулығы жақсы болып, ұзақ ғұмыр сүруі үшін ең алдымен өзін түзеуі қажет дейді шығыс даналығы.

Өзгенің бойындағы кемшілікті көргіш және сынағыш адамдар өз бойларындағы кемшілікті көруден, сезуден қалады. Ондай сынағыштар әдетте, өзінің бақытсыздығы үшін әрдайым өзгелерді кіналап, бір жасаған қателігін мың жасаумен болады. Яғни, өзгені сынағыштар ешқашан дамымайды, өмірде жолы болмайды және өз олқылықтарын ешқашан жоюға талпынбайды.

Біреуді сынауға құмарлық адамның бойындағы қызғаншақтық, іштарлық, өкпешілдік сияқты жаман қасиеттерді дамытуға әсерін тигізеді. Айналасындағыларды сынағыш адамдардың бойында әдетте қызғаншақтық, іштарлық сияқты қасиеттер берік орнығады. Ал ол адамдармен қарым-қатынасын қиындатып, айналасындағыларға сүйкімсіз етеді.

Кінәні өзгеден емес, өзіңнен ізде

Өзін өзі жетілдіру ілімінің білгірі американдық Брайан Трейси ата-анасының кедей болғандығын және осы үшін байларды кіналайтынын, олардың бәрі арамза, ұры-қары деп санайтынын айтады. Осындай отбасында, сондай түсінікті санасына сіңіріп өскен жігіт кедейліктен көз ашпайды. Бірақ, кейінірек өзін өзі жетілдіру жөніндегі кітаптарды оқи жүре, санасы өзгеріп, жауапкершілікті өз мойнына алуды үйренеді және әлемге танымал тұлғаға, қайыршыдан миллионерге айналады.

Таяуда қырғыз елінің президенті Атамбаев қазақ елін, оның Елбасын сынап, өзінің ішкі өкпе-ренішін жайып салды. Оның сөздерінен іштарлық пен қызғаныш анық сезіліп тұрды. Қазақ елі қырғыздардан 20 есе бай екен, бұны ол ашық мойындайды, бірақ неге төменгі зейнетақы көлемі 1,5 есе ғана артық дейді. Ау, мейлі, 1,5 есе болсын, әйтеуір қазақтардың тұрмысы қырғыз бауырлардан жоғары ғой. Бұл – дау туғызбас ақиқат. Егер қытай ойшылы Лао Цзыдың түсінігін санасына сіңірген болса, Атамабев мырза қазақтар мен оның басшысына өкпе-реніш айтып, сынағанша, алдымен өзі басқарып, сондай үлкен жауапкершілікті мойнына алған қырғыз елінің тұрмысын, экономикасын көтерер еді. Қазақ елін сынағаннан Атамбаев еш ұтқан жоқ. Қырғыз халқы сол кедейшілікте қалды.

Трейсидің пайымынша, кінәні өзгеден іздеушілер жауапкершілікті мойындарына алудан қорқатындар. Жауапкершілікті мойнына алғысы келмейтіндер ешқашан тәуекел етіп, үлкен істерді жасай алмайды. Яғни, олар өзіне де, өзгелерге де игілік әкелетін ұлы істерді атқаруға қабілетсіз. Сондықтан, ондай жандар ешқашан дамымайды, өспейді, бір орнында өле-өлгенше өзгермей қалады.

Бұл жеке адамдар үшін де, саясатпен айналысатын ел басқарған Атамабев сияқты тұлғалар үшін де қажет ереже. Жеке адам біреулерді сынап, өзгелердің бойынан мін іздегенше, бар бақытсыздығы үшін өзін кіналап, өз тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алса, өзін өзі дамытуға, сол арқылы ойлаған мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады. Ал мемлекет басшылары бай-бақуатты елдерді жазғырып, оларды сынағанша, өз елін бақуатты етудің жолын қарастырып, жауапкершілікті мойнына алып жегіліп жұмыс істесе, мақсатының биіктерінен көрінері анық.

Тест: Сіз айналаңыздағыларды сынайсыз ба, өз кемшіліктеріңіз, жетімсіздіктеріңіз үшін басқаларды, тіпті үкіметті кіналап, айыптайсыз ба? Немесе өз кемшіліктеріңізге өзіңізді кіналап, соны жоюға талпынасыз ба? Бұл екі сауалға шындыққа тура қарап, шынайы жауап беріп көріңіз. Сонда өз санаңыздың қандай деңгейде екенін анықтайтын боласыз. Егер өз кемшіліктеріңіз үшін өзгелерді кіналайтын болсаңыз, әлі де кеш емес, ол олқылықтан арылуыңызға болады. Егер олай жасамасаңыз, онда сіз екі дүниенің игілігінен де құр қалып, өле өлгенше қызғаныш пен өкпе-реніштің отына күюмен күн кешесіз және ешқашан өспейсіз, дамымайсыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика