Биткоин жаңа заманның жаңа ақшасы ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

2009 жылы жапондық Сатоши Накамато ойлап шығарған цифрлар мен таңбалардан  тұратын және бірін бірі қайталамайтын  код – биткоин деп аталып, көп ұзамай интернет қолданушылардың арасында жаңа заманның ақшасы қызметін атқара бастады. Ешқандай алтынға немесе басқа құнды  затқа бекітілмеген, ауадан жасалған кодтық жүйені алғашында санаулы интернет қолданушылар мен блогерлерден басқа ешкім мойындамаған. Бірақ та, кейін келе биткоин аталған криптовалюта ақша нарығына ақырындап еніп, содан соң бағамы шарықтай өсті. Еселеп өскені сонша, оңай жолмен ақша табуға құныққандар үйлері мен басқа да бағалы мүліктерін сатып биктоин ала бастады. 2021 жылы биткоин бағамы 65 мың долларға дейін шарықтады.

Қазіргі күні  бір биткоин бағамы 26-27 мың доллар шамасында. Баға сәт сайын ауытқып, кейде шарықтай өсіп, кейде құлдырап тұратын криптовалюта нарығы бүгінде қоғамға тереңдей еніп алды. Біріккен араб әмірлігінде сатылатын үй туралы жарнамаларда тек қана биткоинға сатамын деген жарнамалар жиі кездеседі. Әлем елдері ресми түрде мойындай қоймаса да, криптовалюта халық арасында сату және сатып алу құралы ретінде барған сайын кең қолданылуда. Ал таяуда АҚШ-тың белді бір компаниясы осы елден шетелге ақша аударып, қабылдауда биткоинды пайдаланатын сервис ашатынын мәлімдеді. Қазіргі күні АҚШ-қа ақша аудару немесе сол елден ақша алу банк

арқылы жүзеге асады және бірнеше күнге созылады. Егер ол ақша биткоин арқылы адарылатын болса бірнеше минутта аударылымды алуға болатын мүмкіндік жасалады. Бұның өзі биткоинға деген сұранысты арттыра түсетіні даусыз.

Орталықтанбаған банк жүйесі

Криптовалюта нарығын қазір жұрт «орталықтанбаған банк жүйесі» деп атап жүр. Ақшаны жинақтау, аудару, тарату қызметін атқаратын банктер жеке меншік болса да, мемлекеттің заңдарына бағынып, сол елдің ақша нарығының ажырамас бөлігі ретінде орталықтанған жүйе болып саналады. Екінші деңгейлі банктерге жұмыс істеуіне рұқсат ететін лицензия беріп, олардың жұмысын қадағалап отыратын мемлекеттік орталық банк бар және басқа банктердің бәрі соған бағынысты болады.

Ал криптовалюта нарығында  әрбір криптовалюта өз бетінше ешкімге бағынбай қызмет етеді және ол валюталардың жеке дара қожайыны жоқ. Криптовалютаны маининг арқылы бір-біріне байланыссыз көптеген адамдар жасайтындықтан және ол алғашқы күннен бастап әр қолда болатындықтан,  қағаз ақша нарығындағы банктер сияқты бір жүйеге бағынысты емес. Осыған орай, криптовалюта нарығын орталықтанбаған банк жүйесі деп атайды.

Криптовалюта жүйесінің орталықтанған банк жүйесіне кұқсаситықтарымен бірге, айырмашылықтары да  бар. Криптовалюта қағаз ақша сияқты алтынмен бекітілмеген және бір мемлекеттің ғана аумағында айналыста болмайды, алғаш шыққан сәтінен әлемнің түкпір-түкпіріне кең таралады. Осыған орай, оны әлемдік валюта десе болады.

Соңғы жылдарда криптовалютаны қалталы адамдардың бәрі аша беретін болды. Осыған орай, ақша нарығында жүздеген, тіпті мыңдаған криптовалюта бар. Биткоин, эфериум, бенби сияқты салмақты және бағамы жоғары криптовалюталармен бірге ақша нарығында бірнеше жыл, тіпті бірнеше ай ғана өмір сүріп, жоғалып жататын феик валюталар да бар. Алғашында бағасы шарықтап өскен ондай криптовалютаны сатып алушылар көп ұзамай бағасы құлдырап, содан кейін ноль деңгейіне жетіп, банкрот болып жоғалғанда сан соғып өкініште қалып жатады.

Биткоин, эфериум сияқты ұзақ жылдардан бері келе жатқан криптолардың ерекшелілігі сонда – ол валюталардың жоғалып кетуден сақтайтын сақтандыру қоры қызметін атқаратын токендері бар. Токен – бұл мемлекеттердің дағдарыстар мен ақшаның құнсыздануынан сақтануға жағдай жасайтын ұлттық қор іспетті. Егер сіз, криптовалюта сатып алмақ болсаңыз, онда міндетті түрде оның токені бар ма, жоқ па  соған назар аударуыңыз керек.

Айырбас құралы ретінде бүгінде нарыққа терең енген криптовалюта мемлекет ішінде және мемлекетаралық саудада қолданылып жүрген қағаз ақшаға ұқсас біраз қасиеттерге ие. Криптовалюта рыногында да  орталықтанған банктердегі сияқты депозит бар. Ақшаңызды сол депозитке салып қойып, үстінен өсім алып отыруыңызға болады. Сондай-ақ, есепшоттағы ақшаңызды кепілге қоя отырып, пайызсыз кредит алуыңызға да мүмкіндік бар.

Криптовалюта нарығындағы ақша табудың тәсілдері

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, криптовалютаңызды сервистер ұсынған жобаларға сала отырып, үстінен өсім алуыңызға болады. Бұл банк жүйесіндегі депозитке ұқсайды. Бұнда  депозиттің екі түрі бар: жұмсақ депозит, яғни кез-келген сәтте ақшаңызды түгел шығарып ала алатын депозит және белгілі бір мерзімге салынатын депозит.  Белгілі мерзімге салынатын депозиттің өсім пайызы әдетте жоғары болады.

Криптовалюта  рыногында ақша табудың ең кең таралған түрі – сауда. АҚШ долларының баламалы электронды нұсқасы саналатын юсдт валютасымен түрлі криптовалюталарды айырбастау кең таралған. Криптовалюта бағамы сәт сайын құбылып, біресе жоғары өсіп, біресе төмен құлдырап жатады. Міне, осы айырмашылықтан ебін тауып жақсы табыс табатындар аз емес. Баға арзандағанда сатып алып, қымбаттай бастағанда сату арқылы жақсы табыс табуға болады.

Криптовалюта нарығындағы ақша табудың тағы бір кең таралған түрі – питюпи арбитраж деп аталады. Қазір криптовалютаны әлемнің көп елдерінде өз ұлттық валюталарына сатып алу-сату кең таралуда. Криптовалютамен сауда жасайтын халықаралық Бинанс  биржасы Қазақстан нарығына келді. Мұнда теңгемен кез-келген криптовалютаны сатып алуға мүмкіндік бар. Ал әр банкте криптовалютаның және нарықта кең қолданылатын юсдт валютасының бағамы әртүрлі. Мәселен, Халық банкінде юсдт валютасын 465 теңгеден сатып алуға болса, ал ХоумКредитБанктен сіз оны 470 теңгеге сатып ала аласыз. Сату бағасында да әр банкте бағам әртүрлі. Осыны пайдаланып, бір банктен арзандау бағаға крипто сатып алып, екінші банкке қымбатқа сатуға болады. Айналымдағы ақшаңыз неғұрлым көп болса, табыс та соғұрлым көбейе түседі.

Криптовалюта биржаларында жаңадан ашылған криптовалюталарды саудаға салуға өз валютаңызды қосу арқылы да жақсы ақша таба аласыз. Мысалы, сіздің есепшотыңызда  2 бенби валютаңыз бар делік. Оны сіз жаңадан ашылған валютаны саудаға салуға белгілі мерзімге бересіз. Сол уақытта сіз ақшаңызды шығарып алуға, басқа сауда операцияларына қатыстыруға қақыңыз жоқ. Оны әлгі жаңа валюта қожайындары уақытша пайдаланады және сол үшін сізге қомақты жалақы төлейді.

Криптовалюта рыногындағы табыс табудың ең кең таралған және қолжетімді түрі – бұл криптоны сатып алып сақтау және қымбаттаған кезінде сату арқылы пайда табу. Мәселен, 2015-2020 жылдарда биткоин бағамы жүздеген есе өсті. Міне, сол кезде көп адамдар салған ақшаларын ондаған, тіпті жүздеген есе көбейтуге мүмкіндік алды.

Қазір криптовалюта нарығында түрлі табыс табу  әдістерін пайдалану арқылы байлыққа жеткен криптомиллионерлер аз емес.  Осыған орай, бүгінде криптовалюта  рыногы табыс табудың аса тиімді құралы ретінде көп адамдарды қызықтырады. Криптовалютаны алып, сатумен айналысатын Бинанс биржасының күндік айналымы ондаған млрд долларға тең. Айта кетерлік бір жай, қазіргі күні Қазақстан нарығында криптовалютаны алып, сатумен айналысатын әлемге танымал Бинанс және Байбит биржалары жұмыс істейді. Осыған орай, кез-келген адамның крипо рыногына қатысып, бағын сынауына толық мүмкіндік бар.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика