175 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Адамнан адам ақылымен, білімімен, өнерімен озады деген мазмұнда айтылған ұлы Абайдың сөзі бар. Сол сияқты бір мемелкеттен екінші мемлекет озық технологиясымен, өндірісімен, қарқынды экономикасымен, халқының әл-ауқатының жоғарылығымен озатыны дау туғызбас шындық. Біз сөз еткелі отырған ел – әлемдегі жер көлемі жағынан ең алдыңғы орындардың бірін алатын, өздерін «великорусь» деп атайтын ресей мемлекеті.

Табиғаты бай, халқы кедей ел

Бір шетінде таң атса, екінші шетінде күн батып жататын алып ресей мемлекетінің жерінің асты мен үсті толған қазына байлық. Құдай орыстарға барлық байлықты үйіп-төгіп бергендей. 140 миллиондай халқы бар елдің аумағына дәл сондай тағы да бірнеше мемлекет еркін сыйып кетеді. Десе де, сонша байлықтың үстінде отырған елдің халқы қайыршылықта қалт-құлт тірлік кешуде.

Ресейлік танымал бір қоғам қайраткері өз халқы туралы ащы шындықты былай деп айтқан еді. Оның айтуынша, орыс мұжықтары күндіз-түні арақтан бас алмай маскүнемдікке салынған. Еркектерінен қайыр болмағасын әйелдері қызықты басқа жақтан іздеуде. Олар ресейге нан табу үшін келген гастарбайтерлермен көңіл қосып, жыл өткен сайын әкесі өзге ұлт өкілі, анасы орыс метис балалар саны өсіп барады.

Ол аз десеңіз, сырттан жұмыс іздеп келгендер саны көбейіп, олар халықтың белгілі бір бөлігін құрайтын деңгейге жеткен. Бала туу көрсеткішінің төмендеуінен демографиялық жағдай жыл санап нашарлауда. Жастар саны аз болса, керісінше қарт адамдар халықтың басым бөлігін құрайды.

Ресей елінде жемқорлықтың шарықтап дамығаны соншалық, ақшаға бәрін де сатып алуға болады деген түсінік берік қалыптасқан. Маскүнемдік, нашақорлықпен бірге жезөкшелік те кең белең алып кеткен. Жемқорлар ел байлығын миллиардтап ұрлап жатса, халық жыл санап кедейленіп, тұрмыс деңгейлері төмендеуде.

Таяуда ресейлік блогердің Қазақстанның Қарағанды қаласы мен ресейдің Барнауыл қаласын салыстырған видеосын көрдім. Халқының саны, дәрежесі жағынан бір-бірімен деңгейлес екі қаланың арасында ат пен түйедей үлкен айырмашылық бар екен. Қарағанды қазіргі заманғы сәулетті шаһарға айналса, Барнауыл кеңес заманындағы ескі, қораш қалпында қалып қойған.

Көршіңмен тату бол

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейкиссаламның «ең алдымен көршіңмен тату бол, содан кейін тағы да көршіңмен тату бол» деген мағынада айтылған хадисі бар. Көршімен татулыққа ислам дінінде ғана емес, басқа да дәстүрлі діндерде үлкен көңіл бөлінеді. Көршімен алауыз болған адамның ісі алға баспай, жолын қырсық шалады. Бұл жеке адамдарға ғана қатысты емес, мемлекеттерге де қатысты жай.

Ресей өткен ғасырдағы отаршылдық кезеңде өздерінің әскери қуатын пайдаланып, көрші көп елдерді жаулап алды. Өткен ғасырдың соңына қарай отаршылдық жүйе ыдырап, бұрынғы отар елдер түгелдей тәуелсіздігін алды. Қазір жалғыз ресей ғана отарын сақтап отыр. Тәуелсіздік алмақ болған Чешенстанды қызыл ақнға тоғытып, күшпен басып тастады.

Қазіргі күні ресейдің құрамында 23 автономиялық ұлттық республикалар бар екен. Бұл ұлттық республикалардың жер аумағы ресейдің жалпы жерінің 70 пайыздайын құрайды. Яғни, сонша жердің бәрі орыстардың жері емес, өзге ұлттардың жері. Бірақ та, ұлыорыстық шовинизм дерті саналарын улаған ресейлік көптеген саясаткерлер қазіргі ресей аумағын түгел ежелден келе жатқан орыс ұлтының жері санайды. Ол аз десеңіз, кешегі кеңес заманында одақтас республика болып, ол ыдыраған соң тәуелсіз елдерге айналған көршілерінің жеріне де көз алартуын қояр емес. Сөйтіп, орыс елі көршілерінің бәрімен қырғиқабақ болып, көршілеріне соқтығыуын қояр емес.

Таяуда теледидардан никонов деген дума депутаты солтүстік Қазақстан орыстардың ежелгі жері, бұны кеңестік большевиктер қазақтарға сыйға тартқан дегенді айтты. Ал федоров деген тағы бір депутат одан да асып түсіп, қаңғып мал бағып жүрген қазақтарда мүлдем мемлекет те, жер де болмаған, Қазақстанның жері түгел орыстыкі дегенді айтты. Бұл пікірді жиринвоский деген депутат та қолдады.

Осы арада ақыл-есі түзу әрбір адамға мынадай ой келеді: ау ресей асты-үсті толған қазына сонша жерге ие болып отырып, әлемдегі ең артта қалған кедей елдердің санатында, оған тағы қосымша жердің қанша қажеті бар? Жә, сол жерлерді қарудың күшімен тартып-ақ алсын делік. Бірақ содан орыстар байып, дамып кете ме? Жоқ. Қазіргі қайыршылық халге жаулап алған жерлердің халқын да қосып, қайыршылардың қатарын одан сайын көбейте түспей ме.

Алақандай аралда отырған жапондарды қараңызшы. Оларда жер асты байлығы атымен жоқ. Соған қарамастан, технологиясы дамыған, халқының тұрмысы орыстарды он орап алатындай деңгейде. Алақандай түбекте отырған Оңтүстік Кореяға қараңыз. Құмның үстінде күн кешкен кішкентай ел – Біріккен Араб Әмірлігіне, олардың тұрмысына назар салып көріңіз.

Түйін: Қазақта «жібекті түте алмаған жүн етеді» деген сөз бар. Асты мен үсты толған қазыналы жерде отырып, қайыршының күнін кешкен орыс елі өздерін «великорусь», яғни «ұлыорыспыз» деп айтуына моральдық еш қақысы жоқ.  Ұлы халық – ол жапондар, ол кәрістер, ол норвегтер. Бұл мемлекеттер халқына барлық жағдайды жасап қойды. Маскүнемдік пен нашақорлық, қылмыс пен жезөкшелік, басқа да арсыздықтар жайлаған қайыршылықта күн кешкен елдің ертеңі бұлыңғыр. Ондай елде болашақ жоқ. Бәсекелестік шарықтаған қазіргі заманда елден ел білімімен, өнерімен, озық технологиясымен озады, өркөкірек мақтаншылығымен, бұзақылығымен емес. Өкінішке орай, басымен емес, аяғымен ойлайтын жириновский, никонов, федеров сияқты саясаткерлер басқаратын елде бұл ақиқатты түсінетін пенде бар ма екен???

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика